Сабақта жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру
Презентация қосу
«Сабақта жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану
арқылы оқушының ойлау
қабілетін дамыту және
сапасын арттыру»
Информатика пәні мұғалімі: Г.Маханова
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш
жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне
орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін
даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын
қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және
сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы
ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер
бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап
балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-
жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс –
тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне
баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл
мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы
пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың
дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны
дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа
ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға
өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз - өзіне
сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға
мүмкіндік беруі.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың
ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде
ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи
объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен
мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Бұрынғы білім берудің әдістемесі қазіргі қоғамның
талаптарына жауап бере алмайды, ал оқытуда жаңа технология
қолдану мектептің дұрыс бағытта дамуына жол ашады.
Педагогтар XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі
деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай.
Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап
ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір аспектісіне
айналып отыр, әрі таным белсенділігінің артуына тиімді әсерін береді.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен
дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру
саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп
пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса,
бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін
көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін
түрлі тренинг, курстар өткізілуде.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге
асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез
келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын
көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін
есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады.
Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін
аламыз.
Мысалы, Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді
пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар
ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім
деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу,
сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын
арттырады.
Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау
және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып, онда заттардың жекелеген
тікелей қасиеттерін анықтайды.
Жаңа технологиялар мен инновациялардың мүмкіндіктері
шексіз, артықшылықтары орасан. Оған «оnlane» режимінде
интерактивті байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз
жеткіздік.
Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиалық
мәтіндер жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар,
кестелер, диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің,
түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол.
Бұл жан-жақты, дарынды әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт
тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген
мұғалiм өзінің сабағында ақпараттық технологияларды
пайдалануы олардың әлемдiк кеңiстiкке енуде ақпараттық
мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге,
бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу
процесiне пайдалану оқушылардың кез-келген пәндi
игеруге қызығушылықтарын арттырады.
Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті
мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт
орынды қолға алынған.
Қарапайым типке жататындарын тап!
(дұрыс шертсең жапырақтар сыбдырлап белгі береді)
нақт жиы
ы м
логикалы тіркесті
қ к
шамал бүтін
ық
div, mod функциялары қандай типке
қолданылады? (дұрысы тышқанмен
шерткенде жасыл түске боялады)
Нақты (real) Символдық (char)
Тіркестік (string)
Логикалық (boolean) Бүтін (integer)
№17 мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді
жина!
Алмагүл
Сәулеш Мейрамбек
Ғалия Мадина
Динара
Дана
Аида
Раушан Лаура
Диана
Логикалық типке қолданылатын амалдарды тап.
(дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)
MOD PRED(X)
NOT OR DIV
AND
XOR
ABS(X) SIN(X)
Қортынды
Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының
ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер
жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес,
білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып
табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.
Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметік фактор негізінде
оқушы, мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету,
бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа,
жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен
бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына
зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz