Білімдіден шыққан сөз: география бойынша білім мен тапқырлық сайысы


Slide 1

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез! білім сайысы

Slide 2

Сайыстың мақсаты

Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін дамыту. Жастарды елін, жерін қорғауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Slide 3

Сайыстың жоспары

І-кезең Кім тапқыр?

ІІ-кезең Ойлан тап!

ІІІ-кезең Сөз тапқанға

IV-кезең Ойлы болсаң озып көр

Slide 4

Тапқырлар тобы

1. Қ. Р. шекарасының ұзындығы қанша

2. Тоқыма, былғары, аяқ-киім, тігін қай өнеркәсіптің салалары

3. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал

4. Ең кіші материк

5. Тропиктен экваторға қарай соғатын тұрақты желдер

Slide 5

Алғырлар тобы

1. Қ. Р. Қанша облыстан тұрады 2. Фонтан түрінде оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар 3. Дүние жүзіндегі терең көл

4. Жердің тас қабаты, жер қыртысы қалай аталады

5. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді

Slide 6

Біліктілер тобы

1. Жанартаудың атқылауынан бөлінетін қоймалжың масса

2. Жердің кішірейтілген бейнесі

3. Ең кіші мұхит

4. Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді

5. Отын-энергетикасының салаларын ата

Slide 7

Облыс орталығы- Талас өзенінің темір жолымен қиылысқан жеріндегі жөңеске, Талас-Асы ірі алқабының орталығына орналасқан. Бұл қала Қазақстанның Тараз деген атпен 6 ғасырда белгілі ежелгі қаласы, Ұлы жібек жолындағы ірі сауда орталығы болған.

Slide 8

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, республиканың ең ежелгі қалаларының бірі, Өгем жотасының етегіндегі жазықты, Сайрам және Бадам өзендерінің аралығында Арыстан, Жамбыл мен Алматыға қарай темір жол өтетін тұсқа салынған. Бұл қай қала.

Slide 9

Тобыл өзенінің сол жағасында орналасқан, оның негізін 1879 жылы бұл жерге Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан қоныс аударып келген орыс және украин шаруалары қалаған.

1893 жылдан бастап Торғай облысының уездік орталығы болды.

Slide 10

1927 жылы құрылды. Бұл қорық Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85, 4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Бұл қай қорық?

Slide 11

Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447м биіктіктегі Азутау жотасы аралығында орналасқан.

Slide 12

1992 жылы құрылған қорық. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің Қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу, Иванов жоталарын қамтиды.

Slide 13

1875-1876 жылдары Тянь-Шаньның солтүстігі мен Жоңғар Алатауына үлкен саяхат жасап, Тараз қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын сонымен қатар Ыстықкөлді зерттеген саяхатшы.

Slide 14

Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысын, одан соң Тянь-Шаньда, жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізген саяхатшы.

Slide 15

Тянь-Шань тау жүйесі мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймақтың өсімдіктер жамылғысын зерттеген саяхатшы.

Slide 16

Тапқырлар тобына

Мақал-мәтел

Көлдің көркі-құрақ,

Жұмбақ

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

Slide 17

Алғырлар тобына

Мақал-мәтел

Елінен безген ер оңбас,

Жұмбақ

Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі.

Slide 18

Біліктілер тобына

Мақал-мәтел

Сағынған елін аңсайды,

Жұмбақ

Кең әлемді кернейді,

Көзің бірақ көрмейді.

Slide 19

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді.

География сырына.

Slide 20

Тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сөз мерген сайысы: кезеңдер мен қазақ тілі бойынша тапсырмалар
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сайысы мен тапсырмалар
Оқушылар пәндік сайысы: турлар, сұрақ-жауап және тапқырлық кезеңдері
Су, ерітінділер және негіздер тарауы бойынша пәндік білім сайысы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сайысы
№122 жалпы орта мектебіндегі Қазақстанның физикалық географиясы бойынша білім сайысы
Гидросфера мен мұхиттар туралы білім сайысы
Ойын толқын білім және тапқырлық байқауының сұрақтары мен турлары
Қазақстан - бейбітшілік пен келісім жері: оқушыларға арналған тарих, құқық және рәміздер бойынша білім сайысы
География пәнінің мектепішілік сайысы Меридиан және Экватор топтары: мақсаттар мен кезеңдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz