Музыкалық аспаптарды ата


Slide 1

Ашық сабақ Макулбекова Гульнар Адасбековна музыка пәнінің мұғалімі, жоғары санатты мұғалім, М. Мәметова атындағы №35 орта мектебі Шымкент қаласы.

Slide 2

Музыка сабағы

6 "В" сынып

Мұғалімі: Г. А. Макулбекова

М. Маметова

атындағы №35

орта мектеп

Slide 3

Мемлекет президенті

Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан 2030” халыққа жолдауындағы басты мақсаты Қазақстан азаматтарының дені сау және білімді болуы керек делінген.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының ұлттық

музыкалық аспаптары

Slide 18

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары туралы нақты және тиянақты білім беру

Сабақтың мақсаты

Slide 19

1. Үрмелі аспаптар

2. Ұрмалы аспаптар, сылдырлы аспаптар

3. Ыспалы аспаптар

4. Шертпелі және көп

ішекті аспаптар

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді

Slide 20

ІІ Үй тапсырмасына шолу

ҮРМЕЛІ АСПАПТАР,

ҰРМАЛЫ, СЫЛДЫРЛЫ АСПАПТАР

Slide 21

САЗ СЫРНАЙ,

ҮСКІРІК,

ЖЕЛБУАЗ,

МҮЙІЗ СЫРНАЙ,

ҰРАН,

СЫБЫЗҒЫ,

ШАҢҚОБЫЗ.

Үрмелі аспаптар

Slide 22

Үрмелі аспаптар тобына жатады. Саздан жасалып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.

Сазсырнай

Slide 23

Саздан жасалынады. Үскіріктің үні құстың даусына ұқсас. Бұл аспапта халық әндері орындалады.

Үскірік

Slide 24

Үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл.

Желбуаз

Slide 25

Мүштік арқылы үрлеп айналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады. Бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар.

Мүйіз сырнай

Slide 26

Үрлеп ойналатын музыкалық

аспап. Оны бұрын жауынгерлерлер көп пайдаланатын болған.

Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің

әрқайсысында үш-үштен тесігі бар.

Ұран

Slide 27

Қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалатын көне үрмелі музыкалық аспап. Ол ертеректе - бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.

Сыбызғы

Slide 28

Бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырады.

Шаңқобыз

Slide 29

САЗ СЫРНАЙ,

ҮСКІРІК,

ЖЕЛБУАЗ,

МҮЙІЗ СЫРНАЙ,

ҰРАН,

СЫБЫЗҒЫ,

ШАҢҚОБЫЗ.

Үрмелі аспаптар

Slide 30

Урмалы аспаптар,

сылдырлы аспаптар

ДАБЫЛ,

ЖОРЫҚ ДАБЫЛЫ,

ДАУЫЛПАЗ,

ДАҢҒЫРА,

АСАТАЯҚ,

ҚОҢЫРАУ,

ШЫҢДАУЫЛ,

ТҰЯҚ ТАС.

Slide 31

Шанағы дөңгелек шеңбер етіліп екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бұзау, түйе терісі қапталып жасалады. Дабылды саусақпен немесе таяқшамен ұрып ойнайды.

Дабыл

Slide 32

Үлкен етіп жасалады 3 м. 40 см биіктігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі. Бұл аспап ел арасында “аттамыс дабылы” деп аталады.

Жорық дабылы

Slide 33

Бірнеше түрі бар: қан жығалы, қол дауылпаз, қазан дауылпаз, нар дауылпаз. Қазан дауылпаз қазан тәрізді шұңғыл, шанақты, үш бұтты. Оның қабын қағып, белгі беру үшін пайдаланған, аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады.

Дауылпаз

Slide 34

Бір жағы қапталып, ішіне сылдырмақ, қоңырау ілінген ұрмалы-сілкімелі, жарғақты, сырғалы аспап. Бақсылардың қолданатын аспабы болған.

Даңғыра

Slide 35

Сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған.

Асатаяқ

Slide 36

Бұрынғы кезде қоңырауды бесікке байлаған. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыстың ауқымын түрлендіріп отыруға болады.

Қоңырау

Slide 37

Металдан жасалынған шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдырмақ - қоңыраулар тағылған, бетін терімен қаптаған. Арнайы таяқшамен ұрып ойнаған.

Шыңдауыл

Slide 38

Қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып суға қайнатады. Тұяқтың ішкі сүйегі

босап, сыртқы қабығы бөліктенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін белдеуше бау тағады.

Тұяқ тас

Slide 39

Урмалы аспаптар,

сылдырлы аспаптар

ДАБЫЛ,

ЖОРЫҚ ДАБЫЛЫ,

ДАУЫЛПАЗ,

ДАҢҒЫРА,

АСАТАЯҚ,

ҚОҢЫРАУ,

ШЫҢДАУЫЛ,

ТҰЯҚ ТАС.

Slide 40

Музыкалық аспаптарды ата:

Үрмелі аспаптар

Ұрмалы сылдырлы аспаптар

Slide 41

Музыкалық сауат

:

:

Slide 42 Slide 43

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен

танысу әрі қарай жалғастырылады.

Келесі танысатын аспаптарымыз -

1. ЫСПАЛЫ АСПАПТАР

2. ШЕРТПЕЛІ ЖӘНЕ КӨП ІШЕКТІ АСПАПТАР

Slide 44

Сазген,

Қылқобыз,

Қобыз,

Нарқобыз.

Ыспалы аспаптар

Slide 45

Үш ішекті, шанағы қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады. Беті тұтастай шыңылтыр терімен жабылады.

Сазген

Slide 46

Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Шанағы емен, үйеңкі, қарағай, долана секілді қатты жынысты ағаштан тұтас ойып жасалады, беті жартылай ашық. Ішегі жылқының қылынан жасалады.

Қылқобыз

Slide 47

Аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы - балгерлер ғана ұстаған.

Қобыз

Slide 48

Ыспалы аспаптардың ішінде ішегі тарамыстан жуан етіп ызып жасалынған, арғы шығу тегі қылқобыз, сазген, егек аспаптарынан тарайды. Аспаптың дауысы боздаған нар түйенің даусына ұқсас.

Нарқобыз

Slide 49

Сазген,

Қылқобыз,

Қобыз,

Нарқобыз.

Ыспалы аспаптар

Slide 50

Адырна,

Шертер,

Жетіген,

Домбыра.

Шертпелі және көп

ішекті аспаптар

Қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Адырна

Адырна

Шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішікті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.

Шертер


Ұқсас жұмыстар
Музыкалық сабақтардың мазмұны, құрылымын жоспарлау және өткізу жолдары
Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы
Балалар музыка студиясы,балалар музыка мектебі,өнер мектептерінің ерекшеліктері
Баланың музыкалық аспапта ойнауы - қызмет түрі
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Музыкалар үйі
Әбу Насыр әл-Фараби жайлы
Қазақ халқының ұлттық аспаптары
Қазақ театры
Қазақ халқының ұлттық ойыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz