Сабақ мақсаты


Slide 1

Сабақ тақырыбы: Кеңес Одағы. Ресей Федерациясы.

Тарих пәнінің мұғалімі

Мусирова Гүлжаһан

Slide 2

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Кеңес халықтары соғыстан кейінгі қиыншылықтарға тап болуы, тоталитарлық тәртіптің күшеюі, халық шаруашылығының жағдайы туралы түсіндіру. Кеңес Одағының соғыстан кейінгі сыртқы саясатындағы ерекшеліктер, КСРО-ның ыдырауы туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: Жаңа сабақ материалдарын оқып үйрену барысында оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырып, танымдық сипаты бар әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Slide 3

І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Жаңа сабақ ІV. Пысықтауға арналған тапсырмалар V. Қайталау сұрақтары VІ. Үйге тапсырма беру. VІІ. Оқушының білімін бағалау.

Slide 4

Үй тапсырмасын сұрау.

1. 1950-1960 жылдары Латын Америкасы елдерінде қоғамдық саяси күрестің баламаларын анықтау.

2. Аргентинадағы перонизмнің ерекшелігі.

3 . Куба революциясының жеңіске жетуі.

4. Чилидегі «Халық бірлігі» өкіметінің қателіктері.

5. «Даму жолындағы одақтың» мақсаттары.

6. Латын Америкасындағы бірқатар елдердің артта қалу себептерін ашып беріңдер?

Slide 5

Жаңа тақырып:

Кеңес Одағы.

Ресей Федерациясы.

Slide 6

Кеңес Одағының экономикасы соғыстан әлсіреп шықты.

Ұлы Отан соғысы. 1941-1945 жж.

Slide 7

1952 жылдың қазан айында партияның XIX съезді болып өтті. Ол Бүкілодақтық Коммунистік Партияның атын Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы деп өзгертті. Съезден кейін күтпеген жағдайлар ашылды. Сталиннің ұсынысы бойынша санаулы адамдардан тұратын, шағын Президиум Бюросы құрылуға тиісті болатын. Бірақ бұл ұйымда Сталинге жақын Молотов пен Микоянның жоқ екені анықталды. Сталиннің қалауы бойынша Жарғыдан тысбес адамнан құралған (Сталин, Маленков, Берия, Булганин, Хрущев) Бюро ұйымдастырмақшы болды.

1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болды.

Slide 8

1953 жылы қыркүйекте Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. С. Хрущев сайланды. Баспасөз беттерінде жеке басқа табынудың зияндылығы жөніндегі мақалалар жариялана бастады.

Slide 9

Басқа саяси басшыларға қарағанда Н. С. Хрущев шаруалардың мұқтажы мен тілегін білетіндердің қатарында болды. Ауыл шаруашылығының маңызды мәселелерін шешу үшін, дәнді дақылдар өнімін арттыру үшін елде тың және тыңайған жерді игеру басталды.

Slide 10

1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдардың басында ғарыш кеңістігін игеру, атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану ісі қолға алына бастады. Бүкіл дүние жүзін сілкіндірген жаңалық - 1961 жылғы 12 сәуірде кеңес азаматы Юрий Алексеевич Гагариннің ғарышқа тұңғыш рет ұшуы болды. Бұл Кеңес ғылымы мен техникасының жарқын жеңісі деп қабылданды.

Slide 11

1964 жылы 14 қазанда партия пленумы Хрущевті елдегі ұжымдық басқарудың принциптерін бұзғаны үшін қызметтен босатты. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің Бас хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды.

Slide 12

1979 жылы желтоқсан айында Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу Кеңес Одағының дүние жүзі алдындағы беделін түсірді.

Slide 13

Л. И. Брежнев 1982 жылы қайтыс болып, басшылыққа Ю. В. Андропов келді. Бірақ 1984 жылы ол да дүние салды. Елдің және партияның басшылығы Л. Брежневтің жақын досы К. Черненкоға тиді. 1985 жылы наурызда К. Черненконың қазасынан кейін Қенес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М. С. Горбачев сайланды.

Slide 14

1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия басшылары Беловеж келісіміне қол қойып, Кеңес Одағының таратылғанын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын мәлімдеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына бұрыңғы Кеңес Одағының құрамындағы елдердің кіруіне есік ашық деп жарияланды.

Б. Н. Ельцин

Л. Кравчук

С. Шушкевич

Slide 15

1991 жылы 18 тамыз айында Фороста (Қырымда) демалып жатқан М. С. Горбачевке жоғары лауазымды мемлекеттік, әскери және партиялық құрылым басшылары келіп, барлық Кеңес Одағының Республикаларының аумағында төтенше жағдай енгізуді талап етті. Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет құрылып, кеңес халқына арнайы манифест жарияланды.

Бұл манифестте кеңес адамдарының жағдайын жақсарту, жеке меншіктің дамуына мүмкіншілік туғызу, ауылдағы әрбір отбасына 0, 65 га жер бөлу, бағаны төмендету, жалақыны өсіру, барлық азаматтарды үй-жай, пәтермен қамтамасыз ету жөнінде уәделер берілді.

19 тамыз күні таңертең Б. Ельцин Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді - жаппай ереуілге, ал әскерлерді Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығын орындамауға шақырды. Сол күні кешке Ресейдің “Ақ үйі” жанында мыңдаған адамдар жиналды, оның көпшілігі жастар болатын.

21 тамыз күні төңкерісті ұйымдастырушылар тұтқындалды. Заңдылық қалпына келтірілді.

Slide 16

1999 жылы Ресей Федерациясының Президенті болып В. В. Путин тағайындалды.

Slide 17

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің құрылуына және қалыптасуына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қосқан үлесі зор.

Slide 18

1996 жылғы 29 наурызда Мәскеуде - Белоруссия, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы арасында “Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету” туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімді жүзеге асыру үшін “Мемлекетаралық экономикалық комитет” атты атқару ұйымы құрылды.

Slide 19

Тест тапсырмалары:

1. Тоталитарлық коммунистік режимге тән белгі.

А) Рыноктік қатынас

В) Көппікірлік

С) Жоспарлы шаруашылық

D) Тауар ақша қатынасы

Е) Жеке меншік

2. Ресей үшін «Ливон» соғысының негізгі міндеті

А) Украинаны Польшадан азат ету.

В) Каспий теңізінде ықпалын күшейту.

С) Ресейдің Балтық теңізіне шығуы.

D) Ресейдің Азов теңізіне шығуы.

Е) Ресейдің Қара теңізге шығуы.


Ұқсас жұмыстар
Жас ұстаздар мектебі
Сабақты мақсатты талдау
Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақты талдау түрлері
Тексеру сабағы
Тыңдалым тапсырмасы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Оқу модулінің құрылымы
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz