Ашамай кесте



Семей қаласының Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебі
Тақырыбы: “Жұмсақ бұйымдардағы ою- өрнектер”
Авторы: Мейрамғазы Қымбат Мұратқазықызы 11 «А»
Ғылыми жетекшісі: Субебаева Нуржаныл Маликовна сызу- өнер пәнінің мұғалімі

Зерттеу мақсаты:
Жұмсақ бұйымдағы ою-өрнектерге ғылыми тұрғыдан жалпы сипаттама беріп, оларды зерттеу әдістерінің көмегімен талдап, салыстыру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге дәріптеу, өнеге ету.

Зерттеу міндеті
Жұмсақ бұйымдардағы ою-өрнектердің түрлерін зерттей отырып, олардың оқушылар арасындағы қызығушылығын, қазіргі таңда адам тұрмысына қажеттілігін қарастыру.

Қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келген. Бұған дәлел-қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті,

Ою-өрнек түрлері
Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бүгінгі таңда қазақ халқының 230-дай ою-өрнек атаулары белгілі болып отыр.

Қазақ ою-өрнектерінің көне атаулары және олардың мағынасы
атауы
мағынасы
1. Ай, айшық, жарты ай, жұлдыз, кемпірқосақ, күн, шұғыла
Көк әлеміне байланысты
2. Айыртұяқ, асқармүйіз, атерін, қошқармүйіз, тайтүлік, түйетабан, омыртқа
Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты
3. Қазмойын, қазтабан, құстабан, құсқанат, құсмұрын
Құстарға байланысты
4. Қосдөңгелек, төртқұлаұ, тұмарша, сүйір
Геометриялық фигуралар тектес
5. Айбалта, айыр, балдақ, балта, қармақ, шынжыр
Қару, құралдарға байланысты
6. Ағаш, бітпесгүл, жапырақ, ирек, райхангүл, үш жапырақ, шиыршық
Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер
7. Алақұрт, жұлдызқұрт, көбелек, құмырсқа, құмырсқа із
Құрт- құмырсқаға байланысты
8. Бөрікөз, бөріқұлақ, итемшек, иттабан, иттіс
Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты

Ою - өрнек типтері:
зооморфтық ою - өрнектер
өсімдік типтес ою- өрнектер
космогоникалық ою өрнектер
геометриялық фигураға типтес ою - өрнектер

Зооморфтық Өсімдік өрнектері Космогониялық Геометриялық

Өсімдік типтес ою - өрнектер «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады

Зооморфтық ою - өрнектер.
Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі

Геометриялық фигураға типтес ою-өрнектер (“ирек”, ”сызық”, ”дөңгелек) сырт киімде, кілемде, дөдегенде және батырдың қару-жарағында кездеседі.

Космогондық өрнектер («жұлдызша», «айшық», «шимай», «торкөз») ғарышпен байланысты жұлдыздарды, күнді, айды, кемпірқосақты бейнелейді. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланылады.

Киіз басу өнері

Киіздің ошақ басының қорғаушысы, молшылықтың, гүлдеп өркендеудің нышаны болып саналатын қасиетті жануар - қой мен шығу тегі байланысты болуы оның киелі мәнін тудырады.

Сырмақ - халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі ұлттық қолөнермен туындалған аса сәнді төсеніш, әрі өнер туындысы.

Сырмақ түрлері

Сырмақтың сыру технологиясы

Кесте тігу
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінде өзіндік ерекшелігімен танылатын өнердің бірі-кесте тігу өнері. Кестелеп тігу өнері б. з. б VI-Vғ. қалыптасып дамыды.


Өзіндік зерттеулер
Сұхбаттасу
Сауалнама

№33 орта мектеп оқушылары арасында жүргізіген сауалнама қорытындысы

Респонденттер саны
Сауал
60
Мүлдем білмейтіндер
10
түрлерін біледі
20
Қай рәмізде бейнеленгені білетін
15
Ою-өрнек мағынасын
12
өсімдік оюларын білетін
2
геометиялық оюларын білетін
4
Зооморфты оюларының түрлерін білетін
5

Мектем мұғалімдерінен сұхбат алу үстінде
Әр түрлі саладағы пән мұғалімдеріне ою-өрнекке қатысты сұрақ қою арқылы, ою-өрнек түрлерінің басқа пәндермен де байланысы бар екеніне көзім жетті.

Омарбекова Ғани Серқазықызы
Мамандығы: Абай театрында тігінші
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық оюдың кең көлемде қолданғанын жөн көреді.

Абай атындағы драма театрының тігіншісі Ғани Серқазықызымен сұхбат алу үстінде
Киімдер әшекейлеу үшін көбінде қазмойын,
бітпе, үш жапырақ, табан,
қошқар мүйіз және жиектік
оюлар киімдерді
әшекейлеу үшін қолданылатындығы,
сондай-ақ киім жасауда
ұлттық бояу(түсі) үлкен рөл
атқаратындығы туралы айтып кетті.

Дильназ фирмасының дизайнері Гүлбаршым Наурызбайқызының қолөнері

Айша-Бибі мәдениет орталығының төрайымы Айман Ыбырайқызымен сұхбат үстінде

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz