Темекі және оның ағзаға зияны


Slide 1

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Валеология Темекі және оның ағзаға зияны 6 сынып

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Темекі және оның ағзаға зияны Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Темекі тарихы, оның қалай алынатыны және адам ағзасына тигізетін зиянын статистикалық мәліметтерді көрсете отырып түсіндіру. Тәрбиелік мәні: Оқушыларға темекі және оның ағзаға зияны жайлы мағлұмат бере отырып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға, ұқыптылыққа және адамгершілікке, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушыларға темекі және оның ағзаға зияны жайлы түсіндіре отырып, оларда темекіге деген негативті көзқарас қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру

Slide 3

Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ (сәйкестендіру тесті, «Гандбол» ойыны, топтастыру кестесі ) Сабақтың әдісі: топтастыру кестесі арқылы темекі зиянын түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих.

Slide 4

Үй тапсырмасы:

1. Ішімдіктің ағзаға зияны

2. “Нашақорлыққа және ішімдікке жол жоқ!” тақырыбында сурет салу.

Slide 5

1. Алкоголь деген не?

А) Этанол немесе этил спирті

2. Ішімдік термореттеу орталығының қызметін бұзады. Бұл жағдайда адам ағзасында қандай өзгеріс болады?

Ә) Алкоголизмнің нәтижесінде бұлшық еттердің тозуы

3. Ішімдікті көп пайдаланғанда бауырды зақымдайтын қандай ауру пайда болады?

Б) Электрлік схемалардың контактілерін өңдеу барысында қолданылады

4. Алкогольдік миопатия деген не?

В) Алкоголизм

5. Ол медицинада дезинфекциялағыш құрал, ал өнеркәсіпте эмальдарды, пластмассаларды, синтетикалық талшықтарды өңдеуде пайдаланылады. Қандай зат?

С) Қандағы холестеринді жоғарылатады, бұл миокард гипертрофиясы мен дистрофиясының пайда болуына әсер етеді.

6. Ағзаның ішімдікке әуестігі, физиологиялық және психологиялық тәуелділіктің пайда болуы қалай аталады?

Д) Депрессант, химиялық қоспа, ағзаға түсісімен қан арқылы тез бүкіл ағзаға тарайды немесе адамды адамдықтан айыратын зат

7. Өзге талшықтарға қарағанда ми талшықтарында ішімдікті сіңіру 1, 5 есе жоғары болып келеді. Неге?

Е) Себебі, спирт липидтерде, яғни май тектес заттарда жақсы ериді. Оларға мидың жүйке жасушалары өте бай.

8. Этанол немесе этил спирті радиоэлектроникада не үшін қолданылады?

Ж) Қарын сөлінің бөлінуі, ішектің қозғалу механизмі бұзылады

9. Ішімдікті шектен тыс қолдану қан-тамыр жүйесіне және жүрекке қалай әсер етеді?

К) Адам аса жылдамдықпен жылуды жоғалтады және тоңғанын сезбейді.

10. Ас қорыту жүйесіне қалай әсер етеді?

М) Цирроз

Сәйкестендіру тесті

Slide 6

Оқушыларды бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Тест

Сурет салу

“Футбол” ойыны

Темекінің зияны

“Никотин” сөзжұмбағы

Ситуациялық сұрақтар

Қорытынды

Айдана

Ақерке

Мереке

Құрманғазы

Бақытжан

Күләш

Оразбай

Slide 7 Slide 8

І кезең. Христофор Колумб және түтіндеген шоқтар

Христофор Колумб темекіні ең бірінші кубалық қоныстарда кездестіреді. 1492 жылы, 15 қарашада Х. Колумб өзінің күнделігінде “түтіндеп жатқан шоқтар” туралы және олардың адамға қандай пайда әкелетінін түсіне алмағаны туралы жазады. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырады. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. “Аборигендерге түтінді жұту ұнайтын. Түтіктерді үнділіктер “табако” немесе “сигаро” деп атайтын” деп жазды ол өз күнделігінде. Үнділіктер темекі өсімдігін “кохобо” деп атаған. Жергілікті халық Х. Колумбқа темекі мен темекі өсімдігін сыйға береді.

Slide 9 Slide 10

Темекі өсімдігі

Темекі өсімдігі алқа тұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австрия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3 түрі өседі. Ол бір жылдық өсімдік, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымдар. Темекі өсімдігінде улы алколоидтар бар. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды.

Slide 11

Қазақстанда табак өсіру үшін 4500 гектар жер бөлінді.

Табак өнімін 7 табак компаниясы шығарады:

1. Philip Morris Казахстан

2. JTI Центральная Азия

3. Gallaher Ltd

4. Reemtsma

5. CNTIEC Казахстан

6. Korea Tobacco & Ginseng Corporation

7. Imperial Tobacco International Limited

Қазақстанда әр жыл сайын 9000 тн табак өндіріледі.

Slide 12

- Қазақстанда -

Әр жыл сайын 12600 млн темекі экспортқа шығарылады.

3000 млн темекі шеттен әкелінеді.

Жыл сайын 25000 адам шылым шегу нәтижесінде қайтыс болады.

15 млн. халықтың шамамен 5 млн-ы шылым шегеді.

Slide 13

Темекі құрамындағы улы заттардың ағзаға әсері

Никотин

Смола

Улы газ

Бензопирен

Стирол

Синильді қышқыл

Slide 14

Никотин жүйке жүйесін тітіркендіреді, қан қысымын жоғарылатады, ұсақ қан тамырларын тарылтады, ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын күрт арттырады. Ауыз, тамақ, қолқа, кеңірдектің сілекей қабатын тітіркендіреді.

Slide 15

Темекі ең алдымен өкпеге зиянын тигізеді, темекіден адам өкпесіне улы зат смола жиналады. Смола - темекі құрамындағы заттар күйгенде түзілетін қоспа. Смоланың құрамында ауру туғызатын реактивті элементтер бар. Смола өкпедегі ауа алмасу жолдарын бекітеді.

Slide 16

Темекі түтініндегі улы газ көмірсутектің сіңірілуін нашарлатады, ағзадағы “С” дәруменінің азаюына әкеп соғады. Сонымен бірге улы газ гемоглабинмен бірігеді, нәтижесінде гемоглабиннің бір бөлігі қарапайым демалу процесінен алынып, ағзада оттегі жетіспеушілігі дамиды.

Slide 17

Бензопирен, яғни канцерогендік шайыр тіс эмалының бүлінуіне әкеліп соқтырады.

Slide 18

Стирол адамның көру, дәм және иіс сезу қабілетін төмендетеді.

Slide 19

Темекі құрамындағы синильді қышқыл жүйке жүйесін улайды, оның жұмысын бұзады.

Slide 20

БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ШЫЛЫМ ШЕГУШІЛЕР

Slide 21

ТҮРЛІ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНІҢ МӘЛІМЕТТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК, ЖЫЛ САЙЫН ӘЛЕМДЕ 5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ТЕМЕКІ ЗАРДАБЫНАН КӨЗ ЖҰМАДЫ. ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ 90% ТЕМЕКІДЕН БОЛАДЫ.

Slide 22

Сөздікпен жұмыс:

Гемоглобин - қанның құрамындағы бояушы қызыл зат

Онкологиялық ауру - қатерлі ісік ауруы


Ұқсас жұмыстар
Біз салауатты өмір салтын ҚОЛДАЙМЫЗ
ТЕМЕКІ ТАРТУМЕН КҮРЕС
Қазақстан – 2030 бағдарламасының басты білімділік міндеттерінің бірі – салауатты өмір салты
Есірткінің зардаптары
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Бақытым да, байлығым да - денсаулық
ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ
Темекі
Жүрек-тамыр аурулары. Алғашқы көмек
Темекі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz