Бекітпені бекітпе жақтауына қосу


Slide 1

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ

Slide 2

IV тарау. 4 сабақ. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу - автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.

Slide 3

Оқу сұрақтары:

1. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау.

2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден

кейін жинастыру реті.

Slide 4

А т а қ т ы к он с т р у к т ор М и х а и л Т и мо ф е е в и ч К а л а ш н и к о в.

5, 45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарынқұртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан автоматты (АВ) немесе жекелей (ОД) атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі.

Slide 5

Тактико - техникалық мінездемелер АКМ, АК -74, РПК - 74

Мінездемелер

АКМ

АК - 74

РПК - 74

Ұңғы калибрі

7, 62

5, 45

5, 45

Нақты атыс қашықтығы (метр)

400

500

600

Атудың көздеу қашықтығы (метр)

1000

1000

1000

Тура атыс қашықтығы (метр)

кеуделік фигураға

жүгірмелі фигураға

350

525

440

625

460

640

Атыс қарқыны минутына

около 600

около 600

около 600

Ұрыстық ату жылдамдығы (мин)

кезекпен ату

жекелей ату

до 100

до 40

до 100

до 40

до 150

до 40

Оқжатармен қосқандағы массасы (кг)

3, 6

3, 2

5, 0

Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы

450

450

Оқтың ұшу қашықтығы (метр)

3000

3150

3150

Бастапқы оқ жылдамдығы

715

900

960

Оқжатар сыйымдылығы

30

30

45

Slide 6

Автоматтың құрылысы

Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері:

Slide 7

1. Ұңғы және ұңғы қорабы,

2. көздеуіш құралдары,

3. тапанша сабы,

4. дүм.

Slide 8

Соққыш - ағытқыш механизм

Slide 9

оқжатар

Slide 10

сүмбі

пенал

Slide 11

ұңғы қорабының қақпағы

Slide 12

бекітпемен қоса бекітпе жақтауы

бекітпе

Slide 13

қайтармалы механизм

жалын сөндіргіш

Slide 14

газ түтігі жапқышы

Slide 15

құндақ

Slide 16

Автоматты бөлектеу және жинақтау

Slide 17

Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекітпішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып бөлектеп алады.

Slide 18

Ауыстырғышты «сақтандырғыш» жағдайына қояды.

Slide 19

Оқтықта оқ бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» немесе «ОД» жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.

Slide 20

Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясынан қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады.

Slide 21

Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.

Slide 22

Ұнғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашаны алады.

Slide 23

Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

Slide 24

Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

Slide 25

Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

Slide 26

Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.

Slide 27

Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу.

Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.

Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.

Қайтармалы механизмді қосу.

Ұңғы қорабының қақпағын қосу.

Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.

Сүмбіні қосу.

Пеналды дүм ұясына салу.

Оқжатарды автоматқа қосу.


Ұқсас жұмыстар
Қоржын
Калашников автоматы және қол пулеметі
Калашников автоматы
Клиникалық электрокардиография
Калашников автоматтары
Өрістік транзистор
Қар құрастыру
Шығын түрлері
Пифагор теоремасы біздің өмірімізде
Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz