Өрнектердің түстеріне сипаттама


Slide 1

Орғараева Ақмарал Әділбекқызы

№217 Б. Шалғынбаев атындағы

орта мектептің бейнелеу өнері

пәні мұғалімі

Қызылорда қаласы

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: “Бұйымдарды өрнектеу”

Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Оқушыларға қолөнердегі ою-өрнек туралы толық

мағлұмат беру, өрнектерді бұйымдарда қолдана

білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қолөнер жайлы ойларын толықтыру,

көзқарастарын кеңейту, ұлттық өнер арқылы оқушының

таным-қабілетін арттыру, бұйымдарды өрнектеуде іскерлік,

шеберлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа ұлттық өнерді танып білуге,

оны насихаттауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын

арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау, тестік, жұптық, топтық,

проблемалық, көрнекілік, практикалық.

Сабақ көрнекілігі: Өрнектелген бұйымдардың слайд көрмесі, тірек-

сызбалар, проблемалық тапсырмалар желісінде жасалған

слайдтар, интерактивті тақта, Құрманғазы күйлері

жазылған диск т. б.

Slide 3

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Құрал-саймандарын тексеру.

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Жұптық жұмыс әдісімен бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, қойған

бағаларын талдау, түсіндіру.

ә) Сәйкестендіру тестін шешу және түстерге анықтама беру арқылы үй

тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақты Ә. Қастеевтің өлең шумақтарын оқу арқылы ашу.

Ә. Қастеев туралы мағлұмат алу (оқушылар ізденісі)

Тірек-сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Тірек-сызбалар негізінде

Қазақстан суретшілері жайында мағлұмат алу (оқушылар ізденісі)

4) Бұйымдағы өрнектерге байланысты аңыз-әңгіме тыңдау.

Ертеде ұзатылған қызының хал-жағдайын қыздың төркіні қыздары

беріп жіберетін сәлемдемелерінен біліп отырған. Сәлемдеме негізінде

қыздың қолдан ойып жасаған кестелерінен, құрақтарынан, яғни ондағы

ою-өрнектің түр-түсіне назар аударған. Әрбір өрнектің өзіндік орны, мән

мағынасы болған.

5) Өрнектелген бұйымдармен слайд-шоу арқылы таныстыру.

Slide 4

Ендеше, біз сендермен түрлі бұйымдарды бүгінгі сабағымызда өрнектейміз.

Ескерту: ою-өрнек салудағы, симметрия, ритм, ырғақ, композициялық

шешімнің дұрыс орындалуын қатаң қадағалау.

Топтық жұмыс

3 топқа үш түрлі тапсырма беру:

І топ: Үй жиһаздарын өрнектейді.

ІІ топ: Қазақ киімдерін өрнектейді.

ІІІ топ: Ыдыс-аяқты өрнектейді.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Бір оқушы тақтада киіз үйді өрнектейді.

(тақта мүмкіндігін толық пайдалану керек. )

Жеке жұмыс:

4-5 оқушыға арнайы қырқылып дайындалған түрлі өрнектер арқылы

бұйымдарға үйлесімді етіп тауып өрнектеуге тапсырма беріледі.

Мысал: Киіз үй, тақия, қамзол, торсық, сандық.

Жұмыс барысында Құрманғазы күйлері тыңдалады.

Slide 5

IV. Жаңа сабақты бекіту.

а) жұмысын аяқтаған оқушы өз жұмысына талдау жасаап, қорғау барысында бағаланады.

ә) “Қатесін тап”

б) “Атауын ата”ойындарын ойнату арқылы сабақ бекітіледі.

V. Қорытынды. Тексеру, талқылау, бағалау.

Үйге тапсырма:

1) Сабақ барысында айтылған аңыз бойынша екі қолөнер туындысын жасау, суретін салу.

2) Әр елдің ою-өрнегін зерттеу (таңдау оқушы құзіретінде)

Slide 6

Сәйкестендіру тестін шеш

Жануарлар тектес

өрнектер

Геометриялық өрнектер

Ғарыштық

(космогендік) өрнектер

4) Өсімдіктектес өрнектер

Жұлдызша, айшық, балдақ;

Гүл, үш жапырақ, бітпес;

Сынық мүйіз, қошқармүйіз, ботагөз;

Үшбұрыш, төртбұрыш, ромб, т. б.

Slide 7

Өрнектердің түстеріне сипаттама

Қызыл түс ---

Махаббат

Жасыл түс ---

Жастық, көктем

Көк түс ---

Көгілдір аспан, еркіндік

Қара түс ---

Байлық, береке, жер ырысы

Сары түс ---

Күн, шуақ, мейірім

Slide 8

Ә. Қастеев

Өнерді таудың бұлағынан

Қойдың құлағынан.

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім.

Slide 9

Бұйымдарды өрнектеу

Slide 10

І-СЫЗБА

Қолөнер

ою-өрнек

Батыс Европа,

Рим, Шығыс елдері -

Жапония, қытай,

Үнді. Орта Азия

халықтары: қазақ, өзбек,

түркімен, қырғыз,

орыс, белорус,

эстон, латыш. Т. б.

200-ден астам түрі бар

Академик Ә. Марғұлан,

зерттеуші этнограф

С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков,

Х. Арғынбаев.

Алғашқы үлгілері

андронов

мәдениеті мен

байырғы сақ, ғұн,

үйсін өнерінен

бастап зерделенген

Көпғасырлық

тарихы бар

Қазақ қолөнерінде

қолдану тәсіліне,

ерекшелігіне байланысты

бірнеше түрге

бөлінеді: Өрі, тоқу,

тігу, әшекейлеу,

құрастыру, бейнелеу.

Зерттеушілер

Зерттелген түрі

Ою-өрнек дамыған елдер

Slide 11

ІІ-СЫЗБА

Қолөнерді дамытуға

ерекше үлес

қосқан қазақстан

суретшілері

Ә. Қастеев

А. Ғалымбаева

Г. Исмайлова

А. Дүзелханов

С. Бапанова

Е. П. Николаева

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21

Қазақтың ұлттық қамзолы мен шапаны

Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25

Мына өрнектер қалай аталады ?

Slide 26

Қатесін тап


Ұқсас жұмыстар
Ашамай кесте
Көркем өрнек түрлері
Топырақ микрофлорасы
Екі өрнектің айырымының кубы
Әріпті өрнектермен жұмыс жасау
Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығы
Алгебралық бөлшектер
Жапсырмалау өнері
Оқушыларға ағашты өңдеу және салу технологиясын үйрету
ШЫРШАНЫ БЕЗЕНДІРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz