Қазақ музыка өнерінің бастауы


Slide 1

Саран қаласы әкімдігінің “№17 орта жалпы білім беретін мектебі” ММ

Slide 2

ЗЕРТТЕУДІҢ ТАҚЫРЫБЫ

ЖҰМЫСТЫҢ БАҒЫТЫ

ЖҰМЫСТЫҢ АВТОРЫ

ЖЕТЕКШІСІ

Slide 3

Қазақ музыка өнерінің бастауы

Қобыздың құдіреті

Slide 4

этномәдениеттану

Slide 5

Саран қаласы әкімдігінің

“№17 орта жалпы білім беретін мектебі” ММ

10-сынып оқушысы

Репецкая

Александра

Slide 6

Саран қаласы әкімдігінің

“№17 орта жалпы білім беретін мектебі” ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бакирова

Сабира Түркеновна

Slide 7

АБСТРАКТ

Зерттеудің мақсаты

Болжам

Зерттеудің кезеңдері

Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі

Зерттеудің нәтижесі мен практикалық қолданудың салалары

Slide 8

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ САЗ АСПАБЫ ҚОБЫЗДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ҚОРҚЫТТЫҢ, ҚЫПШАҚ ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ӨМІРІНЕ ЗЕРТТЕУ ЖАСАУ

Slide 9

Егер скрипканың арғы атасы - қазақтың қара қобызы екендігін мектеп жасындағы өзге ұлт өкілдері білсе, қазақ музыка өнеріне деген қызығушылықтары одан әрі дамып, музыка өнері арқылы қазақ ауыз әдебиетіне ынтасы артар еді

Slide 10

Алғашқы даярлық кезең. Орта Азияда музыка өнерінің дамуы туралы материалдар жинақтау.

Музыка өнерінің дамуындағы Қорқыт атаның орны және оның жасаған аспабы қобыздың шығу тарихын зерттеу материалдарын жинақтау.

Шоқан Уәлихановтың «Тәңірі» (Алтыншаһарға сапар. Алматы: Атамұра, 2006 жыл 82-бет) мақаласындағы түсінде Қорқыт атадан бата алған Қойлыбай туралы зерттеу жасау.

Шоқан Уәлихановтың мақаласы негізінде Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын зерделеу.

Жинақтаған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми зерттеу кезеңі. Ғылыми жобалар сайысына даярлық кезеңі.

кейін қарай

Slide 11

Орыс тілді мектептерде қазақ әдебиеті пәні мен музыка сабағын кіріктірудің тиімді тәсілдері.

Музыка өнері арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ ауыз әдебиетінің құндылықтарын жеткізу.

Скипка аспабының арғы атасы қазақтың қара қобызы екендігін ділелдеу.

Қазақ ауыз әдебиетіне ғылыми зерттеу жасаған қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерімен Мағжан шағармаларының сабақтастығы.

Slide 12

1. Күтілетін нәтиже оқушыларға этномәдениттанудан білім беру нәтижесінде қазақ халқының музыка өнерінің бастауы аты аңызға айналған Қорқыт ата дәуірінен бастау алып, қазіргі күні кеңінен белгілі болып отырған скрипка аспабы - қобыздың бір түрі екендігін мойындату.

2. Мектептерде музыка және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда.

3. Музыка мектептерінің қобыз және скрипка сыныптары үшін.

4. Оқушыларға эстетикалық және этномәдени тәрбие беруде.

Slide 13

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 14

Қорқыттың өмірге келуі

Мәңгілік өмір - тек қана өнерде

Қорқыт пен қобыз

Қорқыт туралы зерттеулер

Қобыздың құдіреті

Нар қобыздың тағдыры

Қобыз түрлері

Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері

Шаң қобыз

Қобыздың құрылысы

Slide 15

Қазақ халқының музыка аспаптары ғасырлар бойы келе жатқан мәдени мұра. Қазіргі кезде олардың 50-ден астам түрі белгілі. Әр аспаптың өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар.

Музыка аспаптары ішекті (2 және 3 ішекті домбыралар, қобыз, жетіген, шертер), үрлемелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың көптеген түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.

Қобыз - ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алатын, ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болған, өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын күрделі аспап. Қобызды жасап шығарған Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңіне қатысты түрлі ғылыми жорамалдар бар.

Бұл зерттеуде қобыз аспабының шығу тегіне тоқтала келе, оны сақтау, қорғау, дамыту, насихаттау шаралары туралы ой қозғалады.

Slide 16

Қорқыттың өмірге келуі

Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі - Орта ғасырларда өмір сүрген ірі ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата. Оның соңында қалған әдеби және музыкалық бай мұра ұлағатты ұрпақтар арқылы кезеңнен кезеңге ауысып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Енді ол кім болған, қандай мұралары бар дегенге келейік.

Қазақ халқының атадан балаға тараған шежіресі бойынша музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт қобызға алғаш тіл бітіріп, үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы. Ел аузындағы аңыздардың бірі Қорқыттың елден ерекше болып дүниеге келуі және оған Қорқыт есімінің берілуі. Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты.

Slide 17

Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын Қорқыт қояды.

Қорқыт туған кезінде,

Қара аспанды су алған

Қара жерді құм алған

Ол туғанда ел қорқып,

Туғаннан соң қуанған - деген өлең жолдары Қорқыттың өмірге келуі жайында жыр.

Slide 18

Мәңгілік өмір - тек қана өнерде

Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де ешкімге ұқсамайды. Ол жиырмаға толғанда түсінде біреулер аян беріп, «қырықтан артық жасамайсың» депті. Міне, осыдан кейін Қорқыт дүниенің көп ойлап, өлмеудің жолын іздестіреді, түйесі Желмаяға мініп, әлемнің төрт бұрышын аралайды. Ол қайда барса да, қазулы көрді көреді. . . бұл кімнің көрі, - деп сұрағанда «Қорқыттың көрі» деп жауап алады. Ақырында өзінің туған жері Сырдария бойына келеді, қарағайдан қобыз жасап, өлмес өмір күйін тартады. Қазақта «Күй атасы - Қорқыт» деген аңыз осылайша пайда болады. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниедегі жан иесінің бәрі де құлағын елжіретіп тыңдаған.

Slide 19

Қорқыт пен қобыз

Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді.

Slide 20

Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап: „Қарағайдың түбінен Қайырып алған қобызым, Үйеңкінің түбінен Үйіріп алған қобызым, Желмаяның терісін Шанақ қылған қобызым, Ортекенің мүйізін Тиек қылған қобызым, Бесті айғырдың құйрығын Ішек қылған қобызым, Құлағыңды бұрайын, Осы айтқаным болмаса, Қайырып жерге ұрайын“ - деп жырлайды.

Slide 21

Қорқыт туралы зерттеулер

Slide 22

Шоқанның зерттеулері бойынша

«Қорқыт - қазақтардың бірінші бақсы-шаманы, елге қобыз үйретуші ұстаз, күйші, өлең сазының шебері».

Slide 23

Қорқыт ата кітабы

1999 жылы “Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығы атап өтілді”

Slide 24

Қорқыт ата мазары

ІХ-ХІ ғасырларда тұрғызылған күмбез.

Қазіргі Қызылорда облысы Қорқыт теміржол станциясынан 3 шақырым жерде болған.

ХІХ ғасырдың аяғында сүйегі басқа жерге көшірілген.

Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылдары шайылып кеткен.

Slide 25

Қорқыт ата кешені

1980 жылы Бек Ыбыраев аэродинамикалық эффектіні пайдаланып тұрғызған.

Дала желінің екпінімен қобыздың үні естіліп тұрады.

Ішкі жағы “түйетабан” өрнектерімен нақышталған.

Қазақстандағы ең үздік тарихи ескерткіш.

Slide 26

Қобыздың құдіреті

Қыпшақ Қойлыбай Әбдурахпанұлы - атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған адам. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Қорқыттан кейін Қойлыбайдың есімі аталады. Ақын Хамитбек Мұсабай өзінің «Қойлыбайдың қоштасу күйі» деген дастанында бабамыздың қобызы мен тәңір берген киелі қасиеттері туралы былайша жыр толғайды:

Slide 27

Қарт Қойлыбай - қобызшының абызы, Шежіредей сайрап жатыр әр ізі. Қатар жүрер қос анардай қашанда, Замананың ақиқаты, аңызы. Ол қобызбен - қара тасты сөйлеткен, Ол қобызбен - тал бесікті тербеткен. Ол қобызбен - селді буып сұрапыл, Ол қобызбен - шу асауды үйреткен. Ол қобызбен - қара бұлтты қақ тілген, Ол қобызбен - ақбоз үйді тіктірген

Slide 28

Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қойлыбайды «бақсылардың бақсысы әрі пірі» деп бағаласа, Әлкей Марғұлан: «Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі - Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады» деп жазады.

Slide 29

Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан аттар көріне бастайды. Ал бәрінің алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Осылайша Қойлыбай қобызын бәйгеге қосып бас бәйгені жеңіп алады. Мағжан Жұмабаев Шоқанның зерттеулерін негізге ала отырып «Қойлыбайдың қобызы» атты дастанын жазған.

Slide 30
Ұқсас жұмыстар
Шығарманы ұлттық құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Күй - қазақ өнерінің феномені
Түркі мәдениеті мен өнері
Қазақ бейнелеу өнері
Мектепке дейінгі музыкалық білім беру
Күй өнері
Қазақ өнерінің дамуы
«Мұрагер»
АХМЕТ ЖҰБАНОВ ӨМІРБАЯНЫ
Халық музыкасы және опера
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz