Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы
Презентация қосу
Өз денсаулығың өз
қолыңда.
Ауырып ем
ізденгенше,
Ауырмаудың жолын
ізде.
№163 орта мектептің
9в сынып оқушысы
Сапарбек Ақбота
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының
(ВОЗ) анықтамасы бойынша,
денсаулық дегеніміз —
бұл тек аурудың болмауы емес, ол
толық физикалық, психологиялық
және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың
денсаулық жағдайы
50—52%-ы — өмір сүру салтына,
20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына,
18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12%
ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты
болады.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030”
жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі – “Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білімі мән
әл ауқаты” тармағында,“…азамат-
тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін
сай болуы және оларды қоршаған
табиғи ортаның таза болуы үшін”
азаматтарымызды салауатты өмір
салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған
егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан
мектептеріне жан-жақты дамыған,
денсаулығы мықты, салауатты өмір
салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды
тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
“Дені сау адам - табиғаттың ең
қымбат жемісі” деп тегін
айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың
табиғи өсімі төмендеп,
сырқаттанушылық және өлім–
жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе,
балалар мен жастардың
денсаулығы қауіп тудыруда.
Темекі тарту, ішімдік пайдалану,
есірткі құмарлық және улы
заттарға әуестік, адамгершілікке
жат мінез-құлық кеңінен етек
алуда.
Академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың
мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш
нәрсемен ауыстыруға болмайды.”
Егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып
жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі.
Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ
ұстап, төзімділік, табандылық танытып,
адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз
керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы
болсын десек, ел болып, халық болып
болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып
алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден
бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл
түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір
салтын насихаттайық.
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.
Жасыратыны жоқ бүгіндері
елімізде осынау қауіпті
нашақорлықпен айналысатындар
саны өсіп барады. Есірткінің
медициналық-әлеуметтік
проблемалары республика
орталығының мәліметіне
қарағанда, бұл кеселге тәуелді
болғандардың саны 250 мыңнан
асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам
нашақорлыққа бейімділік сәтінде
отпен ойнағандай әрі-сәрі күй
кешуде. Әсіресе кәмелетке
толмағандардың әлгіндей қатерлі
дертке әуестене түсуі қатты
ойландыруы тиіс.
Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг
«Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық
ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір
сүруге деген құштарлығының арқасында
барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы
мықты болып өмір сүрген. Салауатты өмір
сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра
алмайды.
Салауатты өмір салтына
денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі,
туризм, халықаралық туризм,
табиғатқа серуен, таза ауада жүру
жатады. Кешкі тамақтан соң, таза
ауада бір-екі сағат серуен құрып,
ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8
сағаттан кем болмауы тиіс.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден
аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына
тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік
ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну.
Сөз соңында қайыра айтарым, халық
денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің
кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас
денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған
үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін
баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана
қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су
ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және
салауатты өмір салттарын тұрақты
қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі
болмақ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz