Қос мекенділердің тіршілігін зерделеу
Презентация қосу
Тақырыбы: Қос мекенділердің тіршілігін
зерделеу
Проблеманың өзектілігі: Қос мекенділердің
түрлерін іздеу,оқып,танысу.
Мақсаты: Жергілікті жерде кездесетін түрін
анықтау.
Міндеті: -Қос мекенділердің пайдасы мен
зиянын анықтайды.
-Өмір сүру қабілеті туралы
анықтайды.
Тақырыптың өзектілігі: Жезқазғанда
кездесетін бақалардың тіршілігін,
пайдасын бақылау.
Жалпы жер бетіндегі қос
мекенділердің саны қазіргі кезде
2600-2800-ге жететіні анықталып
отыр. Олар сыртқы пішініне қа-
рай құйрықты,құйрықсыз және
аяқсыз деп үш топқа бөлінеді.
Аяқсыз қос мекенділер. Аяқсыз қос мекенділерге құрт
тәрізді қос мекенділер жатады. Олар Оңтүстік
Америкада, кейде тропик Африка мен Азияның
оңтүстігінде тіршілік етеді.Құрт тәрізді қос
мекенділердің 75-ке тарта түрі бар. Буылтық құрт тәрізді
қос мекенділердің ұзындығы 40 см,олар 50 см
тереңдікте ылғалды жерден ін қазып алады.Осы
тәріздес цейлондық жыланбалық деген түрі өзен,көл
жағалауындағы ылғал топырақтан 20-30 см-лік
тереңдікте ін қазып мекендейді,жұмыртқа салу арқылы
мекендейді,10-20 дана жұмыртқасын соған салады.
Ұрғашы қос мекенділер өз денелерінен сұйықтық бөліп
шығарып,жұмыртқаларын сол сұйықтық арқылы
кебуден сақтайды.
Жұмыртқадан личинка пайда болғаннан кейін олар суға
түседі де,қалған тіршілігін ересек болғанға дейін суда
өткізеді.Балаларын тірі табатын да аяқсыз қос
мекенділер кездеседі.
Құйрықты қос мекенділер. Қазіргі құйрықты
қос мекенділердің жалпы саны 230-ға
жуық. Олар батыс және шығыс жарты
шарларының қоңыр салқын белдіктерін-
де жақсы таралған. Құйрықты қос мекен-
ділерге саламандралар,тритондар,
амфибиялар,протейлер,амблистомалар,
аксолотльдер жатады.Құйрықты қос
мекенділердің кейбіреулерінің еті жеуге
жарайды.
• Қос мекенділер тіршілігі. Қос мекенділер
әр түрлі тіршілік жағдайына
қалыптасқан. Кейбір түрлері өмірін үнемі
суда өткізсе (протейлер,сирендер,
африкалық өкше тұяқты бақалар т.б.) енді
бір өмірінің жартысын суда,жартысын
құрлықта (құрбақа, көл бақа шөп бақасы
және кавказдық саламандралар) өткізеді.
Бақалардың кей түрлері өз өмірлерін
тропиктік ормандарда ағаштарға өрмелеп
өткізсе (африкалық өрмелегіш бақа,явалық
ұшқыш бақалар), енді бірі жерді қазып
(у сарымсақ бақасы, аяқсыз қос мекенділер
түрі) тіршілік етеді.
Қос мекенділер әр түрлі жағдайда тіршілік етуіне
қарамастан,еріксіз тіршілігіне қолайлы жағдай
талғайды.Ондай жағдайға: ақпайтын жылы
судың болуы,ауа ылғалдылығы,судың және
топырақтың бір қалыптылығы жатады. Егер
жылу +70, +80 С температураға дейін
төмендесе,онда қос мекенділердің бәрі
тоңазып,қимылдан қалады. Сол сияқты күннің
өте ыстық болуы да қос мекенділер
үшін қолайлы емес,онда қос мекенділердің
терілері құрғапөле бастайды.Сол сияқты тұзды
су мен сортаң жерлерде тіршілік ете
алмайды.Сондықтан олар мұхит аралдарында
кездеспейді.
• Қос мекенділердің жауынан қорғануы.
Қос мекенділердің қорғаныстық қабілеті онша
жетілмеген.Ең әсерлі қорғанысы-тері бездері бөліп
шығаратын улы сұйықтық. Улы сұйықтық
құрбақаларда,жайын ауыз бақаларда ,у сарымсақ
бақаларда болады. Сондықтан бұларға аң,құстар
жоламайды.Қос мекенділер қорғаныстарында түр-
түстерінің маңызы зор. Олар терісінің түстерін
тіршілік ететін мекеніне қарай өзгертеді
де,жауларының назарынан тыс қалады.Қос
мекенділер ішінде регенрацияға қабілеттілері де
кездеседі. Мәселен, кейбір саламандралар
құйрықтарын үзіп тастай алады және ол кейін
жетіліп кетеді. Сол сияқты саламандралар
денесінің басқа бөліктерін де жауына «сыйға»
тарта алады екен.Қауіп төнгенде аяғын үзіп
тастаған саламандралардың аяғы қайта жетіле
алатындығы дәлелденген.
• Қос мекенділердің қоректенуі.
Қос мекенділердің қорегі-тірі организмдер.Құйрықты және
құйрықсыз қосмекенділер омыртқасыз жәндіктермен-
құрттар,сүліктер,моллюскалар және түрлі насекомдармен
қоректенеді. Бақалардың барлығы да жыртқыш. Ал жасыл
бақалар кейде бабалапандар мен ұсақ кемірушілерге және
балықтарға шабуыл жасайды. Алып бақа және мүйізді
бақалар да
балапандарды,тышқандарды,егеуқұйрықтарды,кейде су
жыландарын аулайды. Алып саламандралар тек қана
балықтар және олардың уылдырықтарымен қоректенеді.
Аяқсыз қос мекенділер жер құрттарымен және
құмырсқалармен қоректенеді. Қос мекенділердің
личинкалары өсімдіктермен ғана қоректенеді. Сондықтан
қос мекенділердің личинкасының ішегі ересек қос
мекенділерден ұзын болады. Құйрықты және аяқсыз қос
мекенділердің личинкалары тірі жәндіктермен қорекетенеді.
• Қос мекенділердің пайдасы.
Қос мекенділердің адамға тигізетін
пайдасы бар.Олар зиянды насекомдарды
көп құртады.Әсіресе адамға пайдалысы-
құрбақа. Ол-түн жануары. Құрбақалар бір
тәулікте зиянды жәндіктердің жетеуін
құртса, 6 айда 1200 зиянкесті құртады.
Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,
Қалу керек өмірдің бұлағы боп,
Қалу керек өмірдің шуағы боп.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz