Менің ғылыми жұмысым Турбо Паскаль алгоритмдік тілінде программалау пәніне арналған электрондық оқулық



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Бағдарламалау тілінде
электронды оқулық жасау
Электрондық оқулық
№34 орта мектебінің 11 “ә” сынып оқушысы: Сулейманова Зухра.
Ғылыми жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі:
Мұхамбетова Жанна Бектұрғанқызы

“ . . . Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде”
Н. Ә. Назарбаев

МАҚСАТЫ:
Қазіргі ақпараттық және телекоммуни-кациялық технологияның кеңінен
пайдалануға негізделген оқу курстарын дайындау және жүзеге асыру
әдістері туралы білімді қалыптастыру,
«Турбо Паскаль алгоритмдік тілінде программалау» электронды оқулығын
жасау болып табылады.

Өзектілігі:
Бүгінгі уақытта ақпараттық технология бүкіл әлемде қарқынды дамуда. Ақпараттық техногияның дамуы біздің мемлекетіміз үшін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Себебі, еліміз алдыңғы қатарлы 50 мемлекетке кіретін бағдарламысында компьютерлік сауатқа көңіл бөлінген. Сондықтан мен бұл бағдарламаға өз үлесімді қосамын деп үміттенемін.
Ақпараттандыру үрдісінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылым қалыптасуда. Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағытының бірі - білім беру ісін ақпараттандыру; бұл жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін, дамыта оқытудың идеяларын жүзеге асыруға оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген сөз.

Сондықтанда білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқу ісі сапасын жоғарлатады деп сенеміз және оқушының дайындалу процесіндегі ең керекті құралы болады деп ойлаймын.
Менің ғылыми жұмысым «Турбо Паскаль алгоритмдік тілінде программалау» пәніне арналған электрондық оқулық. Білімгерлермен оқытушылардың жұмысын жеңілдетуге осы жұмысты жазуға ұйғардым. Бұл электрондық оқулықты пайдалану өте тиімді және оңай. Бұл оқулықта сіз Паскаль бағдарламалау тілі пәні бойынша керекті мәліметтерді мысалы, дәрістерді, зертханалық жұмыстарды, оқытушылармен білімгерлердің өздік жұмыстарды, қосымша әдебиеті және тестілеу бағдарламасын қолдана аласыз. Бұл электрондық оқулықта Паскаль бағдарламалау тілі бойынша барлық мәліметтер толығымен жинақталған.

Электрондық оқулық пайдасы және оның жасау жолдары.

көптеген есептерді
шешу үшін
компьютерді
пайдалануға
мүмкіндік береді,
алынған шешім
анализіне және
оның графикасы
мен интерпретациясы
үшін уақыт босайды;
Электрондық оқулық аудиторияларда
практикалық сабаққа пайдалы:
оқытушыға өзіндік
жұмыс ретінде
компьютерде
сабақты жүргізу
мүмкіндігі
оқытушыға компьютер
көмегімен бақылау
жұмысының күрделілік
деңгейінен және
мазмұннын тарау
арқылы білімгердің
білімін тиімді
және тез бақылауға
мүмкіндік

Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы.
бақылау жұмысы мен типтік
есептеулер үй жұмысын
тексерулерден босату


Электронды оқулықтың
жасалу мазмұны.
Сурет 1
Терезе құрылымында:
Электронды оқулықты қолдануға нұсқау
Электронды оқулықты іске қосу батырмасы;
CD дискіні көру батырмасы;
Шығу батырмасы
Электронды оқулықты қолданудан бұрын қажетті программаларды (Turbo Pascal, Паскаль АВС, Izet Tilmash1. 5) іске қосу үшін, суретте көрсетілген пернелерді кезегімен тышқанмен басу керек.
Izet Tilmash1. 5 пернесін тышқанмен басқан кезде ол программа C:\ дискісіне көшіріледі. Бұл программаны жүргізу үшін осы бумадан TRANSKAZ. EXE программасын іске қосу керек.
MyTestX программасы бойынша оқулықтың әр тарауынан соң тест тапсыруға болады және оған арналған тесттерді әртүрлі деңгейде дайындауға болады. Бұл тесттер қорын F:\elbook\AutoPlay\Docs бумасынан ашу керек.

ЭО жасау үшін алдымен оның дизайнын AutoPlay Media Studio-да Flash бағдарламасында ЭО ның тақырыптары, пернелердің бейнесі, қаріптердің өлшемі және анимациялары енгізілген
(сурет 2) .
Жасалынған Пернелер: «Авторлар», «Оқулық мазмұны», «Оқулық туралы ақпарат». Осы пернелер арқылы ЭО-ның керекті жеріне сілтемемен баруға болады

«Авторлар» пернесін басу арқылы (cурет 3) төмендегі мәліметті көреміз:
Осы терезедегі және кез келген терезедегі «Артқа» пернесін
басу арқылы ЭО-тың алдыңғы бетіне өтуге болады

«Оқулық туралы ақпарат» пернесін басу арқылы көрінетін бейне төмендегідей болады (cурет 4) :
ЭО-ты жасақтау үшін, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ доценті Ә. Ү. Нұрымбетовтің
«Turbo Pascal алгоритмдік тілінде программалау» атты оқу кітәбін автордың жеке рұқсатымен пайдаланылды

«Оқулық мазмұны» пернесін басу арқылы көрінетін бейне төмендегідей болады
Осы беттің кез келген тарауына атауының үстін тышқанмен шерту арқылы өтуге болады. Әр тарауға тышқанды жақындатқанда дыбыс шығады.

I -тарау атын басу арқылы көрінетін бейне.
I-тарау мазмұнына өткен кезде тақтаның жоғарғы жағында «Мазмұны», «Volkov Commander», «Тест тапсыру» пернелері тұрады. Бұл тараудың басқа тараулардан айырмашылығы «Volkov Commander» пернесінде. Себебі осы тарауда MS DOS және Volkov Commander программаларымен жұмыс істеуге тура келеді. ЭО-ты оқу барысында, берілген MS DOS және Volkov Commander программаларының командаларын тікелей орындап көру үшін, ЭО-дан шықпай тақтадағы «Volkov Commander» пернесін басу арқылы іске қосуға және орындауға болады

«Volkov Commander» пернесін басу арқылы көрінетін бейне.

I-тараудан басқа тараулардың мазмұнына өткен кезде тақтаның жоғарғы жағында «Мазмұны», «Раscal программасы», «Тест тапсыру» пернелері тұрады. Бұл тараудың басқа тараулардан айырмашылығы «Раscal программасы» пернесінде. Себебі осы тарауларда Turbo Раscal прoграммасымен жұмыс істеуге тура келеді. ЭО-ты оқу барысында, оқулықта берілген Раscal программаларының текстін тікелей программаға енгізіп орындап көру үшін АВСРаscal программасы іске қосылады, яғни ЭО-дан шықпай АВСРаscal программасын тақтаның жоғары жағындағы «Раscal программасы» пернесін басу арқылы іске қосуға және орындауға болады

VI, VII тараулардың мазмұнына өткен кезде, тақтаның жоғарғы жағында «Раscal программасы» пернесін басу арқылы толық қанды Turbo Раscal прoграммасы іске қосылады. Бұл программаның АВСРаscal программасынан айырмашылығы ЭО-ты оқу барысында, оқулықта берілген сыртқы, ішкі файлдарды оқу, жазу және графика тұрғызу мәселелері тікелей программаға енгізіліп орындап көруге мүмкіндік береді

Сурет 10. «Тест тапсыру» пернесін басу арқылы іске қосылатын программа.
Кіріспе мен әдебиеттерден басқа тараулардың мазмұнына өткен кезде тақтаның жоғарғы жағында «Тест тапсыру» пернелесі тұрады. ЭО-ты оқу барысында, оқулықта берілген материалдарды қалай игергенін көру үшін «Тест тапсыру» пернесі іске қосылады, яғни ЭО-дан шықпай MyTestX (http://www. klyaksa. net/) тегін таратылатын тест жасауға арналған программасын тақтаның жоғары жағындағы «Тест тапсыру» пернесін басу арқылы іске қосуға және орындауға болады

Бұл программа бойынша, оқулық студенттергеде арналғандықтан тест тапсырмаларының санын, орындау уақытын, бағалау шарттарын тапсыратын білімгердің аты-жөнін, сыныбын, тест сұрақтарының салмағын, қандай деңгейдегі тесті тапсыруын беруге болады.
(мысалда 11 кезеңге бөлінген, ол оқытудың кредиттік технология шартына сәйкес) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz