Жаманды ханның уәзір етіп алуы




Презентация қосу
“Аяз би” ертегісі

1. Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін
жұмсауы.
Есірген хан елді ермек етеді
2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі
Ащы мен тұщыны татқан білер
Алыс пен жақынды жортқан білер
3. Жаманды ханның уәзір етіп алуы
Ақыл – елдің қорғаны
4. Меңдінің жаманды таңдауы
Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара
5. Жаманның сертке беріктігі
Сертке берік бол, досыңа серік бол
6. Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы
Арсыз адам жала жауып аздырады,
Ақылды адам жол тауып оздырады
7. Жаманны Барсакелмеске сапары
Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат
8. Ханның өтірігіне Жаманның жауабы
Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке ізіңмен барады
9. Ханның жаманды сағынып іздеуі
Ескі дос естен кетпес
10. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы
Алдың келсе, атаңның құнын кеш
11. Ханның қырық уәзірлерді жолға салуға тапқан ақылы
Жақсы ісіңнің артында сауабы бар,
Зұлымдықтың артында жауабы бар
12. Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы
Арын сатқан ер оңбас Ажарын сатқан сері оңбас
13. Хан тағына отырған Жаман
Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұятқа
Топтастыру стратегиясы

“Аяз би ”
ертегісінен қандай
тәрбие аламыз?
Топтастыру стратегиясы
Жақсы мен жаманды Сертке беріктік
айыра білу

әділдік адалдық

адамгершілік “Аяз би ” шыншыл
ертегісінен қандай
тәрбие аламыз?
кішіпейілділік қарапайымдылық

ақылдылық тапқырлық

кешірімділік
Венн диаграммасы
Жаман Ортақ Қырық уәзір
Венн диаграммасы
Жаман Ортақ Қырық уәзір
Ақылмен хан көңілінен 1. Ханға қызмет жасайды Күншіл, қызғаншақ,
шығады. Ешкімге 2. Ақыл беретін, ойласатын ақылсыз, арсыз,
жамандық кеңесші намыссыз, парықсыз
Ойламайды. Әділдігі-
Мен халыққа жақын
Адал жар.
Ертегі бойынша қорытындылау сабағы

Ойыншы болатын үш оқушыны таңдау үшін
қойылатын сұрақтар

1. Ертегіде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар
береді?
2. Меңді сұлу берген заттарды Жаман не істеді?
3. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді
алды?
І бөлім: “Табалдырық”

Бірінші ойыншыға бірінші бөлімнің сұрағы
1. Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп шешті?
2. Хан уәзірлермен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін
Жаманды қайда жұмсайды?
Екінші ойыншыға І бөлімнің сұрағы
1. Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды
таңдады?
2. Хан Жаманды қайда көшіріп жіберді?
Үшінші ойыншыға І бөлімнің сұрағы
1. Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?
ІІ бөлім “Қозыкөш”

Бірінші ойыншыға ІІ бөлімнің сұрағы
1. Барсакелместегі “інжілі қой” ертегіде қалай суреттелген?
2. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қайдан білді?
Екінші ойыншыға ІІ бөлімнің сұрағы
1. Барсакелместегі “інжілі үйрек” ертегіде қалай суреттеледі?
2. Жаман гауһар тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білді?
Үшіншіойыншыға ІІ бөлімнің сұрағы
1. Барсакелместегі “дәудің інжілі қара арғымағы” ертегіде қалай
суреттелген және оған хан не үшін қызықты?
2. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді?
ІІІ бөлім “Беласар”
Бірінші ойыншыға ІІІ бөлімнің сұрағы
1. “Е, шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не
қылайын. Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі білетін еді, мен білетін
едім” . Осы сөз кімнің сөзі?
2. Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда келген адам
қалай бейнеленген?
Екінші ойыншыға ІІІ бөлімнің сұрағы
1. Ханның әкесінің аты кім?
2. Жаман неліктен ханға шынын айтпаған ?
Үшінші ойыншыға ІІІ бөлімнің сұрағы
1. Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып,
көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені?
2. Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен хан
балалары қыз берген затты көргенде неге ашуланатын?
ІҮ бөлім “Мәре”

Бірінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Хан шаңыраққа қарап, ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай
жұмбақ жасырды?
2. Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?
Екінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Жаманды шақыруға хан бір жігітті жібереді. Жіберген жігіті
барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінді Жаман жатыр.
Ал Жаманның әйелі осы уақытта не істеп отыр еді?
2. Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп
қояды?
Үшіншіойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін
басады?
2. “Аяз би” ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

Ұқсас жұмыстар
Сосын ұстазы
Аяз би ертегісінің тәрбиелік мәні
Ханның Жаманды уәзір етуі
Жошы хан Берке хан Жәнібек хан
Әбілғазы Баһадүр Түрік шежіресі
Жошы ханның баласы
Құрылуы 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан
Қазақтың хан сайлауы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МАЙҚЫ БИДІҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
Оқушыларды ерлікке, батырлыққа баулу
Пәндер