Дос көп еді жүретін сыр ақтарып, Жандарынан тұратын шуақ тамып


Slide 1

Психологиялық

тренинг сабақ

Slide 2

Достық

Slide 3

Сәлемдесу.

Үлкенге де "Сіз",

Кішіге де "Сіз".

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Slide 4

Шаттық шеңбері

Slide 5

Тренинг ережелерімен таныстыру

5. Көңілді болу.

1. Кешікпеу.

4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

2. Өз уақытында бастау.

3. Бір-бірін сыйлау.

Slide 6

Танысу тренингі

Әдепті - Әлия Үлпілдеген - Үміт Жағымды - Жұлдызай Мейірімді - Мәди Нұрдай - Нұрлыбек Аяулы - Ақсамал Аққудай - Аружан Оқымысты - Оңалбек Ынталы - Ықылас Ажарлы - Асыл Айбатты - Аяжан Айдай - Аружан Жақсы - Жаңабек Ғажайып - Ғасырбек Айымдай - Аружан Жайдарлы - Жалғас Нұрлы - Нұржігіт

Slide 7

Дос көп еді жүретін сыр ақтарып, Жандарынан тұратын шуақ тамып. Домбырамның үні де естіледі, Достарымның сырлары сияқтанып. Дос жүрегі қашанда аңсағаным, Соларменен қосылып ән саламын. Ақ пейілді аңсаған достарымды, Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын. Көңіл - дария, толқыған асылдарым, Сендер менің жылдарым, ғасырларым. Тіршіліктің тұздығы - достық екен, Достарымнан ештеңе жасырмадым. Шын достықтың оттары жалындайды, Дос қамалдар ешқашан алынбайды. Дос көңілдер есепке бағынбайды, Дос үректер өсекке бағынбайды. Күн шығады дүниені нұрландырып, Достар әні өшпейтін бір мәңгілік. Дос көңілі сияқты шашырайды. Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

Кел,

ойланайық,

пікірлесейік!

Slide 8

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Шын досты қалай білуге болады? 3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер? 4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

Кел,

ойланайық,

пікірлесейік!

Slide 9

ДОС

Көмектеседі

Шыншыл

Жанашыр

Қамқоршы

Ұқыпты

Білімді

Мейірімді

Адал

Қайырымды

Slide 10

Екі дос

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына: - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

Slide 11

Екі дос

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді. Ол не? - дейді досын құтқаруға асыққан жігіт. Маған сенің көздерің керек? - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын. Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді. Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады. » деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

Slide 12

1. Екі жауынгер қалай дос болыпты? 2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді? 3. Қосбасы оны қалай сынамақ болды? 4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды? 5. Бұлар қалай достасты?

Екі дос

(Ел аузынан)

Slide 13

"Достық. Бірлік"

үйін салу.

Slide 14

Шын дос -

таусылмас қазына

Slide 15

Мерекелерде кімге

сыйлық бергің келеді?

Партада кіммен бірге

отырғың келеді?

Кіммен дос

болғың келеді?

Сұрақ

Социометрия

Slide 16

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру

Slide 17

“Қоршаған ортамен қарым-қатынас” тесті

Қоршаған

орта

Сұрақтар

Достар-мен

Табиғат-пен

Құстар-мен

Кітап-пен

Жануар-лармен

Көше-мен

1

Сіз кіммен доссыз?

2

Мониторинг

Slide 18

Өміршеңдік ережесі

Slide 19

Жігер деген - Мен

Күш деген - Мен

Махаббат деген - Мен

Кешірім деген - Мен

Құдірет деген - Мен

Жасөспірімдік деген - Мен

Жастық шақ деген - Мен

Денсаулық деген - Мен

Адалдық деген - Мен

Жарқындылық деген - Мен

Бар ғажайып деген - Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

Slide 20

"Ризамыз"

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз(3) бүгінге біз,

Ризамыз(3) қазірге.

әнін айту

Slide 21 Slide 22

атты

күнделік

арнау

"Жүректен шыққан"

Slide 23

Тыңдағандарыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ МӘНІ
ДОС ЖӘНЕ ДОСТЫҚ
Достық-қымбат өмірде
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Софы Сматаевтың шығармашылығында көрініс табуы
Тірек сөздер
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі
Халықтық педагогика
Қазақ тілі әлемі сайысы
Майдангер ақын-жазушылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz