Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні
Презентация қосу
Білім және ғылым министірлігі
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы
Б.Аманшин атындағы орта қазақ орта мектебінің 8
сынып оқушысы Төлегенова Гүлдесте
Мақал-мәтелдердің
тәрбиелік мәні
Секциясы:Қазақ тілі
Пәндік жетекші:Қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі Қалдаяқова Ақбөпе
Әмитқызы
Миялы селосы 2008 жыл
Жоспары:
1.Кіріспе.Мақал-мәтелдердің мәні
2.Негізгі бөлім.
1)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
2)Мақал сөздің мәйегі
3)Ұлттық тәрбие берудегі мақал-
мәтелдің рөлі
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте
заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем
жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын
болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру
барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың
мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені
бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық
даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзіықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл
болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен
үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері
оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-
ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой
салумен қатар ,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік
қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі
көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп
қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар
шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте
жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –
білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды
ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде ,көбінесе,ортақ ой,жалпы
ереже,анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды
дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады,көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.
Негізгі бөлім
– Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі –тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде,аз
сөзбен көп мағынаны беретіндігінде,еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа,
тұжырымды тілмен түсіндіреді;айтылмас ойды ажарлайды,әрі анықтайды.Сондықтанда халық
Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.
Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма ,онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да
болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.Мысалы, Тырнадан
қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық
төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще
ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс
өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел
аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті
сөзге,ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу,даму тарихын қоғам өмірінен,әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп
қарауға болмайды.Таудай талап бергенше,бармақтай бақ берсін;Ісінің ағына
қарама,маңдайыңның бағына қара дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе, Талапты
ерге нұр жауар;Еңбек етсең емерсің дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін
бейнелейді.Ал Оқу-өмір шырағы,кітап-білім бұлағы;Отан үшін отқа түс-күймейсің дейтін мақалдар
жаңа заманның,біздің қоғамның ой-санасынан туған.
Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем шығармаларда да көп
қолданылады.Ақын жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге,сол
үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды.Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен
ойнамайды,тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Күйі бірдің күні бір дейтін сөзін де жаңа мақалға жатқызуға
болады.
Мақал-мәтелдер-ертек,аңыз әңгіме,батырлық-ғашықтық жырлар,қара өлеңдер секілді халық
шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жаныр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан
сақталған сирек жазба директерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.Орхон
жазуларында: Жырақ болса жаман сыйлық берер,жақын болса жақсы сыйлық берер;Бастыны
еңкейткен,тізеліні бүктірген ( Күлтегіннен);Жұқаны таптау оңай,жіңішкені үзу оңай;Өлімнен ұят
күшті(Тоныкөктен)деген мақал-мәтелдерді оқимыз.Ал Махмұт Қашқаридың «Дивани луғат ат
-түрік»сөздігінен:Ұлық болсаң кішік бол. . .;Тай ат болса-ат тынар,ұл ер болса-ата тынар;Күз
болары көктемнен мәлім;Тау тауға қосылмас,адам адаммен әрқашан қосылар;Бейнет түбі-рақат
дейтін мақалдарды; «Құтадғу білік»дастанынан біліп сөйлесең білікке саналар,білімсіз
сөз өз басын жояар;Ауыздан бірде от,бірде су шығар,бірі жанса,бірі сөндірер;Аққан су ол-жақсы сөз,ол
қайда ақса сонда гүл өсер дейтін мақалдарды оқимыз.
«Көре-көре көсем боласын,сөйлей-сөйлей шешен боласын»,деп еңбектенудің,талаптанудың,үздік
әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жас өспірімдердің
сенімін арттырып,өздерін ынталандыра,қызықтыра түседі.Балалардың көңілін серпітіп,қанатына су
бүркіп,эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі
ықыласынан туған асыл мұра.
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз
алдына ерекше.Бұл барлық айтылған ойдың,насихаттың жиынтығы,қорытындысы ретінде
беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір
тәжірибесінен алынған бірден бір даналық сөз.
Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз,даналық ойларын
балаларға,жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-
мәтел етіп,үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына,немересіне қалдырып отырған .Бала-
бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы
болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала
болашағының игілігінен аямайды. Оқу білім-өмір шырағы деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына
құйып отырған.
«Оқу білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімиділіктен
туатынын айтады. «Ақыл-тозбайтын тон,білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық
босымды,мығым болатынын сан рет ескертеді.
Бірақ мұның өзі еңбексіз,әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қылатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-
белес,ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан.Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана
оның үлесіне жнтуге болатынын ескертеді.
«Білім қымбат,білу қиын» деген мақал осыдан алынып,жас өспірімдерге әдейі айтылған.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен жоқ болса кішіден сұра, қалайда соның уәдесіне жет ,шыңына
көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең,еңбектенбесең
қатарыңнан қалып қойсаң,өкінішті боласың.
Өкініш естен кетпейді,бір тойғаның түске жетпейді,Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар деп
жастардың намысына тие,ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар, -деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып,дұрыс
бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам болатын баланың талабы,ынтасы жас кезінен
танылады.Көпшілікке ,оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды.Қоғамшыл,көпшіл бола
бастайды.Ақыл,парасатқа бой ұрып,игі жұмысқа тез үйренеді.
Төрт түлік
Ерлік,батырлық
білім
Достық,жолдастық отбасы
Мақал мәтел Ата-ана
Ынтымақ,бірлік
Бала тәрбиесі аңшылық
үнемшілдік Отан,туған жер Өнер
«Мақал дегеніміз,-тағылым берерлік,ырғағы бар,тәжірибеде көп қолданылатын
бейнелі,қысқа,нақыл сөйлем...Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі,ырғағы бар
сөйлем.Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен
айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер –мағынасы да,тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан,тез өзгере қоймайтын
жанр.
Мақал мен мәтел-егіз жанр,туыс жанр.Дегенімен мағынасына , құрылысына, атқаратын қызыметіне
қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына
тұрып та дербес мағына береді.Мысалы:Толмасқа құйма,тоймасқа берме.
Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды,тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін
қолданылады,эпитет,теңеу қызіметтерін атқарады.Мысалы: Ат қойып,айдар тағып ,Қөргеннен көзі
ақы алған деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.
Мақал мен мәтелдің осындай даралық ерекшеліктерінің түсіндіре келіп белгілі этнограф, жазушы
В.И.Даль:Мәтел,халық сөзімен айтқанда-гүл,ал мақалдан -дейді.Осы пікірді дамытып фальклорист
М.А.Рыбникова:Мәтел-бұл сөз оралымы ,қалыптасқан сөйлем,пікірдің элементі.Мақал-аяқталған
пікір,біткен ой,-деп түйеді.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жаныры жоқ.Еретегі,аңыз әңгіме,дастан-
жыр,халық өлеңдерінде,тіпті жұмбақтармен тақпақтарда дасөз әрлеу,ойды өткірлеу үшін мақал-
мәтелдер дәлел,айшық ретінде қолданылады.Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің аталған
жанырларына материал-кірпіш болып қаланумен бірге,олардан өзі де нәр алады,ойлы,өнегелі
сөйлемдер есесінен байып,дамиды.Қорқыт дегенде өстіп Қорқыт деп пе едім дейтін мәтел «Бөдене
мен түлкі» әңгімесімен,Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты дейтін мақал жыл туралы аңызбен
байланысты шыққан.
Мақал-мәтел халықтың сан ғасырлық көрген білгенінен,бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан
ақыл ойының жиынтығы,анықтамасы:табиғатта,өмірде үнемі қайталап тұратын
уақиғалармен,құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.
Әр халықтың мақал мен мәтелі-сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы,ережесі.Ол
кез-келген уақиғаның,мәселенің тұсында еске түседі тілге оралады.Туған елдің қадір-қасиеті
туралы балаға ұзақ әңгімелемей-ақ:Ел іші-алтын бесік:Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан
бол деп екі-үш ауыз сөзбен-ақ Отан қадірін ұғындыруға болады.
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да,іске татырлық түгіл,не құдайшылыққа,не
адамгершілікке жарамайтұғыны бар.Біз оны Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы қара сөзінде
айтылған.
Мақал-мәтелдер Абайдың сыны
Жарлы болсаң, Ардан кеткен соң,тірі болып жүрген
Арлы болма. құрысын
Қалауын тапса қар жанады Қорлықпен өмір өткізгенше,малды не
жерден не аққан терден сұрау керек
Атың шықпаса жер өрте Жер өртеп шығарған атыңның несі
мұрат
Алтын көрсе періште жолдан таяды Періште алтынды не ғылсын өзінің
көрсе қызар сұмдығын қостағалы
айтқаны
Тәңірге жазып мінбей –түспей арып-
Жүз күн атан болғанша, бір күн бура ашып,шөмеңдеп,дуаналықпенбір күн
бол болған буралық неге жарайды
Көптеген мақал-мәтелдердің мағынасын білу керек.
Білсе барымта,білмесе сырымта
«Тисе терекке,тимесе бұтаққа»деген сияқты барымта,жауапкершілік заменнан қалған халық
нақылы.Сөз төркіні туралы белгілі жазушы С.Мұқанов өзінің соңғы кітабында былай жазған:
«Барымта жәбірлік көрген елдің (рудың, атаның ) жәбірленген елден зорлықпен мал.
Сүймеген істің түбі -реніш
Сүйген істің түбі-кеніш
Әркімнің өз сүйген ісі оны бақытқа жеткізеді.Бойға дарыған талант, қабілет,сол мамандықты
сүйіп атқарудың түбі рахат кеніш.Ал,сүймеген, қолдан келмейтін іскі ұрынудың соңы реніш
кейіске душар етеді дейтін ойлар жинақталған қанатты сөз
Сырлы сөз – сүйіндіреді
Сыпсың сөз-күйіндіреді
Сөз қадірін сипаттайтын және өсек – аяң, қаңқу сөздің адамға қандай зиянды әсер ететін
жұптастырылған қанатты сөз.
(Қазақ СССР Ғылым академиясының кітапхана қорындағы Зұлпықар ақыннан жазылып алынған
нақыл сөздерден
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Бір істің,әңгіме даудың түйінін шеше алмай қиналып отырғанда, яки топ ішінде тапқыр, ұшқыр
сөзайтып көптің ойындағысын тапқанға ғалық осы қанатты сөзді арнайды.
Піл көтермегенді тіл көтереді.
Тілдің өткірлік ,тапқырлық,алғырлық құдіреті бейнеленген қанатты сөз.
Пілдей алып болсаң да,
Орнына жұмса күшіңді.
Құр қара күшке сүйене берме,күш құдіретіңді орнына жұмса.Пілдей күшің болса да,тарыдай
тәсілің болсын,ақы,білімің,іс-тәжірибең мол болсын дегенде қолданылатын тәрбиелік мәні
бар халық нақылы.
Құлаққа естілген қаңқу-жүрекке қадаоған шаншу.
Жала мен өсек-аяң,дөрекі сөздердің денсаулыққа қаншалықты зиянды әсер ететіндігі түйінделген
қанатты сөз.
Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Оқушылыады кітап оқуға,оны қастерлеп күтіп ұстауға,кітап сөзін жете ұсынып,одан рухани азық алуға шақыратын
бұл нақыл баспасөз бетіндегі мақалдарда жазылып келеді.
Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой қоралас болмас.
Қарама-қарсы антитезалық мағыналас бұл нақылдың түп төркіні қазақ халқының«Баймен бай құда болса,арасында
жорға жүрер,кедей мен кедей құда болса арасында дорба жүрер,бай мен кедей құда болса арасында зорға
жүрер»дейтін мақалынан өңделіп шыққан.
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
Халықтың «Жақсы сөз жарым ызысы», «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» дейтін мәтелдеріне ұқсас
жаңа нақыл.Оның «Жақсы сөз –шипа,жаман сөз-шаншу» дейтін нұсқасы да кездеседі.Сөз Ұлы Отан соғысы
жылдарында айтыла бастаған.
Жалғыз ағаш орман емес,
Жалғыз кірпіш қорған емес.
Жалғыз жүріп елге тұтқа бола алмайсың,жеке шауып бәйге алмайсың,не де болса көппен бірге көр.«Көппен
көрген ұлы той»,көр болып аспайтын асуы жоқ деген сөз.
Жақсы кісі ісінен мәлім,
Жылқы жасы тісінен мәлім.
Жақсы адамның адамдық асыл қасиеті біеірген ісінен,атқарған қызыметіннен мәлім болды деген ой жинақталған
(Қазақ СССР ғылым академиасынның кітапхана қорындағы Н.Оңдасынов тапсырған нақылдардан.
Жалқаулық аздырады,еңбек оздырады.
Еріншек,жалқаулықтан бездіретін,өнегелі озат еңбекке шақыратын қанатты сөз.
Мұның қаракесек,қара дүрсін түрі былай болар еді: «Жалқау болсаң азасың,еңбек етсең озасың»(М.Әлімбаев,
«Өрнекті сөз –ортақ қазына»73 бет)
Кен асылы жерде,сөз асылы елде.
Көп ақылы көл-дария,сөз ақылы халық арасында деген ой кен қазбаларымен ұйқасы айтылған халық нақылы.
«Кен асылы жерде,сөз асылы елде.Оны жинап –теріп,елеп-екшіп саралау бірбің емес,көптің үлесіне тиетін сыйлы
сыбаға»
(«Мәдениет және тұрмыс»1970,20 бет,Қ.Сейдеханов мақаласынан.
• Көрнекті ісің үлгі болады,
• Көріксіз ісің күлкі болады.
Көрнекті ісің үлгі болады,
Көріксіз ісің күлкі болады.
Халықтың бұл мақалында ,әрбір біткен іске ел сыншы.Егер сол біткен іс көңілге қонса,көп кәдесіне
жарағаны,ал олай болмай шықса күлкі мазақ боласың деген ой бар.
«...Көрікті ісің үлгі болады,көріксіз ісің күлкі болады»,«Ойлай берсең дана боласың,ойнай берсең бала
боласың»... деген сияқты нақыл сөздердің тәрбиелік мәні күшті.
(«Қазақ әдебиетінің тарихы»1964,597-бет)
Кітаптан есті бала ес алады,
Ес алса сабағынан бес алады.
Оқушы жастарды кітап сүюшілікке шақыратын бейнелі мақал.Баспасөз ретінде«Сыйлықтың ең бағалысы-
кітап», «Кітап білім бұлағы білім өмір шырағы»,«Кітап білім-қоймасы,одан ақыл да
табылды,нақыл да табылады» дейтін нұсқалары да кездеседі.
Жауды батыл жеңеді,
Дауды ақыл жеңеді.
Ақылдыққа,батылдыққа үндейтін,ертедегі тарихи оқиғалардан қалған қанатты сөз.
(І.Есенберлин,«Қаһар»,1969,49 бет)
Ексең егер жүгері,көп-ақ оның берері.
Бір ғана жүгері дақылдарының өзінен қанша нәрсенің өндірілетін осы мақалдан аңғарылады.«Жүгері-
құт,жүгері-сүт,жүгері-ет,жүгері ек» деген плакат та бар.
Еліміздегі әрбір жаңа бастаманы халықтың дер кезінде дұрыс ұға біліп,дұрыс бағалағанын танытады.
(Қазақ әдебиетінің тарихы 1964,284 бет)
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Егер тыным таппай еңбек етіп,жұмыс жасасаң қарның аш қалмайды.Еңбекке шақыратын мақал осы.
Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді.
Әрбір жақсы адамның аты ел есінде жүретін,ғалым еңбегінің оның ашқан жаңалықтарының
өшпей,әрқашан да халық игілігіне жарай беретін қазақ ертеден –ақ осы нақылмен бейцнелеген.
Жақсы істің аяғы тыныс
Жаман істің аяғы ұрыс.
Сәтімен сапалы біткен іс пен сапасыз жұмыстың аяғы немен тынатыны көрінетін қанатты сөз.
Біз 8 сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесін өткенде тақырыпқа мынадай кесте толтыра
отырып,мақал-мәтелдермен қорытындыладық.
Дамуы Шиеленісуі Шарықтау шегі Оқиғаның
шешімі
Ығып кеткен Тектіғұлдың Бақтығұлды Қылмыскер
мал,Тектіғұлды өлімі,Сәлменнің соққыға атануы,Байдың
ң еңбек ақысын жығуы,Жарасба өлімі,Абақтыға
жазығы,Бақтығ бермеуі,Барымт йдың жабылуы.
ұлдың араша аға баруы барымташысы.
түсуі,Тектіғұлд
ың ауруға
шалдығуы
Түйін
Мансабы Төккен қанын Кедей мен бай Біреуге ор
дардай бұлдамаған,аққ жолдас қазба,өзің
,ақылдан ан терін болмас,қасқыр түсесің.Ордан
жұрдай. бұлдамас мен қой құтылып ьорға
қоралас болмас тұтылған.
Мақал-мәтелдер
Тұрмыс тіршілікте
Адам өмірінде Қоғамдық жағдайларда
Кездеседі
Әр түрлі құбылыстарда Тарихи оқиғаларда
Жағдайларда
Даналық баға беріп,
тұжырымды ой түйеді
Қорытынды.
Үлкен тәрбиеші Ойды анықтайды
Еске сақтауға
ыңғайлы
Ұзын сөздің қысқасы Мақал-мәтелдер Ойды толықтырады
Тұжырымды тілмен Ойды ажарлайды
түсіндіреді Сенімді күшейтеді
Пайдаланған әдебиеттер
1.«Ана тілі» газеті.2005 жыл
2.Қазақтың 6000 мақалы мен
мәтелі.Алматы,1995 жыл
3.Қазақ даналығы.Б.Адымбаев.Алматы,1976
жыл
4.Бастауыш мектеп 8-9 ,2007 жыл
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz