Ақынның қазақ әдебиетіндегі орны



.
Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерей тойына арналған конференция
Өр рухты қазақтың
ақын қызы - Фариза

Конференцияның мақсат-міндеттері:
Мақсаты:
Өр мінезді жерлес ақынымыздың
поэзиясын дамыту негізінде оқушыларға
Фаризаның өмірін, шығармашылық жолын
және тағы басқа көптеген қасиеттерін
танымдық-тәрбиелік мақсатта баяндау.
Міндеті:
Оқушылардың Фариза Оңғарсынова
туралы біліктілігін арттыру;
Жастардың қазақ әдебиетіне
деген зор ықыласын дамыту;
Ақын болам деген жастардың
әдеби сөздік қорын байыту.
Жоспары:
Фаризаның өмірі
мен шығармашылығы;
Ақынның қазақ
әдебиетіндегі орны;
Ақын шығарма-
ларына сараптама;
Оқушылардың пікірі.

Осындай үлкен тума-талантты
дамыта білуінің арқасында Фариза
Оңғарсынова жетпісінші күзге аяқ
басуымен қатар шығармашылық-
ізденіс жолында талай адам
қолы жетпес шыңдарды өзіне
бағындырып келеді.
Фаризаның өмірі
мен шығармашылығы
1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен
тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.
Бүгінде Фаризаны білмейтін
оқырман кемде-кем. Ақынның
жазған жырлары сандуғаш
болып сайрады. "Маңғыстау
монологтары" ақынның отыз
жасындағы қолтаңбасы. Содан бері
"Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін",
"Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа«
сияқты кітаптары адам атты
күрделі жаратылысты сан зерттейді.
Олар не туралы?
Махамбеттің мұңын сезгенде,
қайратынан жыр жанығанда
өршіл сарынға ерік береді.
Міне, Фариза ақынның халқына
ұсынған өр мінезді жырлары
осы еңбектері арқылы
белгілі болды.
1984 жылы «Үйім - менің отаным»,
«Маңғыстау монологтары», «Революция
және мен» өлеңдері топтамалары
үшін Қазақ КСР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің,
Қазақ КСР Жоғары Кенесінің
Құрмет Грамоталарымен, «Қүрмет
Белгісі», «Парасат» ордендерімен
марапатталған. Рестублика
мәдени-ағарту ісіне
еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісініңдепутаты
болған. Халық ақыны.
Фаризаның жоғарғы дәрежедегі марапаттары
1968-1970жж. Республикалық «Лениншіл жас»
газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары
бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
1970-1978жж. республикалық «Қазақстан
пионері» журналының бас редакторы,
1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» жур-
налының бас редакторы болып істеген.
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде
1958 жылдан бастап шыққан.
Әр жылдары 20-дан астам
өлеңдер жинақтары, очерктері,
таңдамалы шығармалары,
«Біздің Кәмшат»повесі,
аудармалары «Жазушы»,
«Жалын», «Молодая гвардия»
баспаларынан жарық көрді.
Орыс, туысқан республикалар
ақындарының, Чили ақыны
П. Неруданың жырларын,
кейбір драмалық шығарма-
ларды қазақ тіліне аударған.
Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың
5желтоқсанында Атырау облысы,
Новобогат ауданына қарасты
Манаш ауылында дуниеге келген.
2. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік
педагогикалық институтының
тіл әдебиет факультетін бітіріп,
Балықшы ауданының Еркінқала,
Октябрьдің 40 жылдығы
атындағы қазақ мектебінде
ұстаздық еткен.
3. 1966-1968жж. Гурьев
облыстық «Коммунистік
еңбек» газетінің партия
турмысы бөлімінде
әдеби қызметкер
болып істеген.
Н
Е
Р
У
Д
А

Ақын апамыздың әдебиет айдынындағы жаңашыл туындылары
1 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік мәнді өлеңдері енді.
2 том: Орыс халқының қазіргі заманғы көрнекті жазушысы Валентин Распутиннің бұл шағын повесі - қалың оқырманның ілтипатына бөленген шығарма.
3 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітбына халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлері енгізілді.
Соңғы кітаптарының сипаттамасы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады.
“Дауа” кітабының негізгі мазмұндық идеясы - жастарға шығармашылық жол; яғни, соның ішінде, өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы өз-өзіне кез-келген жаман ниетті арам істерден арылуға болатындығының дәйектемесі.

Қоңыр үн, қоңыр келбет, қоңыр жанар. . .
Біз сыр алысып көп сөйлескен жандар емеспіз. Бірақ оның ақындық тұлғасы мен өзіне тән мінезі, өзгеше тағдыры басқалармен салыстыруға келмейді, ерекше, оқшау тұрады.
Меніңше, ешкіммен аса араластығы да жоқ, құз арасынан өзіне ойып ұя жасап алған, жалғыз самғап, кең даланы құшағына сыйдыра алмай құзар биікте қалқып бара жатып, жердегі қыбыр-жыбырды мүлт жібермейтін қыран сияқты. Сондықтан да болар ешкімнің көңілін аулап көлгірсуге зауқы да жоқ. Оның жаратылысына да, мінезіне де өзі таңдаған тағдыры жарасып тұр. Иә, ол өз тағдырын таңдай білгендерден. Тағдырын Өлеңге өргізіп, тіршіліктің басқа қызығынан саналы түрде бас тартқан хас сұлулардан. Сұлулық-келбетпен, жылтырақ-әшекеймен, серілікпен шектелмесе керек-ті. Фариза - жан сұлулығын қалаған қыз. Қазақ поэзиясында Өлеңмен драма жазған ақын. “. . . Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кезде, мен сені аялаймын, Өлең”, - дейді. Ол Өлеңді дәл өзі айтқандай пана, қамқор, дос тұтты. Фариза Өлеңнің бал-шырынына тамсанды. Соның ләззатына да, азабына да мойынсұнды. Ол екі өмір таңдамады. Өмірді - өнер деп, поэзия деп қана таныды.
Роза МҰҚАНОВА, жазушы-драматург
Қазақ әдебиетіндегі орны бөлек өр мінезді ақын қыз, қоғамның біртума қайраткері, Фариза Оңғарсыноваға
ҚР Сенат төрағасы хатшылығының бас сарапшысы, жазушы-драматург, Роза Мұқанованың
берген ерекше бір БАҒАСЫ

Фаризаның ақындығына таң қалам. . . Ш. Мұртаза
Өлеңдері тамаша! Ал журналистік жағын біле бермейміз ! Бұл - менің алдымда ғана Шығыс Қазақстаннан Шәкеңнің өзі әдейі Алматыға алдырып, “Лениншіл жастың” әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі етіп қойған Оралхан Бөкеев еді.
Арқалы ақындардың мінездері шатақ болады дейді ғой жұрт. Фаризаның өлеңдері алапат, бұрын-соңды қазақ поэзиясында дәл осылай өлең жазған қыз болған емес. Жыр жолдарын оқып, таңданғаннан, сүйсінгеннен талып қала жаздадық. Енді өзін көріп отырмыз. Өлеңдері теңіздің тасқынындай болғанмен, өзі тым бұйығы секілді. . . .
Ш. Мұртаза “Лениншіл жас” газетінің бас редакторы
Қазақ баспасөзінің тарихында меншікті тілші атанған қыз-келіншек болған емес. Алдарыңызда отырған Фариза Оңғарсынованы еліміздің батысында жатқан Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстарындағы меншікті тілші етіп тағайындау үшін осында шақырттым. Өткенде біздің газетке шыққан өлеңдерін оқыған шығарсыңдар?

Ақын өлеңдерін әдеби-идеологиялық тұрғыдан теориялық талдау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz