Соль нотасының сұрағы




Презентация қосу
Сабақ
Сабақ тақырыбы:
тақырыбы:

“Қазақ
халқының
ұлттық
аспаптары”
Оқушылардың күй өнері жайлы алған білімдерін
қорытындылап, халқымыздың музыка аспаптары,
олардың түрлері мен мен ұлттық өнеріміздегі
алатын орны жайлы түсінік беру;
Ұлтымыздың бай мәдени мұрасы жайлы
танымдарын тереңдету;
Ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны
қастерлей білуге тәрбиелеу ;
Сабақтың алғы сөзі:
“Табиғат дүниесіндегі
сұлулықтың ғажабы аспан
шырақтарында, ал жердегі
дыбыс сұлулығы- ән, күй,
аспаптар сазында”

Аль-Фараби
соль ля си
фа
ми
ре
до
“До” нотасы сұрағы

Күй

дегеніміз
Ре нотасы сұрағы

Күйдің
орындалу
ерекшелігіне
байланысты
түрлерін
атаңыздар.
“Ми” нотасының сұрағы

Күйдің
тақырыбы мен
мазмұнына
байланысты
түрлерін
атаңыздар.
“Фа” нотасының сұрағы

Қазақтың
қандай әйгілі
күйшілерін
білесіздер.
“Соль” нотасының сұрағы

Өзіңіз
білетін
күйшілерді
атаңыз
“Ля” нотасының сұрағы

Құрманғаз
ы күйлерін
атаңыз
“Си” нотасының сұрағы

Өзіңіз күй
шерте
аласыз ба?
Қазақтың ұлттық
аспаптарында
орындалатын әуен-саз
КҮЙ деп аталады.
Құрмангазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) – аса
көрнекті күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің)
классигі Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге
келген.
Алғашқы ұстазы Ханбазар күйшісі Ұзақ, Бөкей
ордасындағы атақты халық күйшілері Байбақты,
Байжұма, Баламайсан, Соқыр Есжан, Шеркештің
күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдады.
Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен
шарпып бағады. Оның "Түрмеден қашқан", "Кісен ашқан",
"Ертең кетем", "Бозқашыр", "Пәбескі", "Терезеден-
есіктен", "Бозшолақ", "Бұқтым-бұқтым", "Не кричи, не
шуми", "Арба соққан", "Аман бол, шешем, аман бол"
сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір
бекеті сияқты.
Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен
жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып
отырған.Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің
нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, калтқысыз сезімге
бөлене алады. Оның "Қызыл қайың", "Ақжелең", "Адай",
"Сарыарқа", "Балбырауын", "Серпер", "Назым",
"Балқаймақ", "Бұлбұлдың құрғыры", "Ақсақ киік",
"Төремұрат", "Қуаныш" сияқты күйлері өмірге іңкәр
жанның жүрек лүпілі сияқты .
Дәулеткерей Шығайұлы (1814-1887 жж.) – қазақтың
әйгілі күйші-композиторы, төре күйлерінің негізін
қалыптастырушы. Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі
Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты
Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата
қонысынан топырақ бұйырған
Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата
орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете
алған адам. Сондықтан да болар,
Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші-
домбырашылар Орда төңірегіне құлақ түргізген
дарын иелері еді. Дәулеткерей осы күйшілердің
дәстүрін шабыт тұғыры еткен. Әсіресе, оның күйшілік
өнерге елдік мазмұн дарытып, шабыт жанығандай күй
кешуіне Құрманғазымен кездесуі себепші болады.
Қос ұлы күйші іштей түсінісіп, жан-жүректері жарасып,
тіптен, бір-біріне күй арнайды.
Қазанғапұлы Тәттімбет (1815-1860 жж.) - қазақтың әйгілі күйші-
композиторы. Туып-өскен жері Қарағанды облысының
Қарқаралы ауданына қарасты Дастар тауының етегі, Мыржық
ауылы, Қызылжал қыстауы. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр
кешіп, дүние салған,
Батыс-Сібір генерал-губернаторы генерал-майор Фон
Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде
мынандай дерек келтіреді: "Тәттімбет – ақ сүйектер әулетінен,
бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі
Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845
жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды. Бұл жұмыстан өз
арызы бойынша босатылды. Шоқан Уәлиханов, Григорий
Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты оқымысты-
ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы,
Жайықбайдың Ыбырайы, Кішкентайдың Аққошқары,
Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала
шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу
Мұса, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ
Шашақ, сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл
адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем
күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз сарапшысы болып отырған.
Дүкенұлы Ықылас (1843-1916 жж.) – қазақтың әйгілі күйші
қобызшысы.
Ықылас ұлы дәстүрді қобыз тілінде жалғастырушы күйші.
Қорқыт атадан кейін тәңірілік аспапқа адамның тілін дарытып,
жоғын жоқтатып, мұңын мұңдатқан біртуар
композитор.ЬІқыластың әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтын да
қобызшы болған.
Алтын қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс
көріп, түсінде бір ақсақалды абыз: "Бұл қобыз сенің жеті
ұрпағыңа дарып, желеп-жебейтін болады!", -деп, аян беріпті
деген шежіре сөз бар. Ықыластың тырнақалды туындылары
"Қасқыр", "Ықылас" деп аталады. Оның "Кертолғау", "Ерден",
"Жалғызаяқ", "Жарым патша", "Жезкиік" сияқты күйлерінде өзі
өмір сүрген ортаның қоғамдық-әлеуметтік көріністері
бейнеленсе, "Қамбар-Назым". "Айрауық", "Қазан" сияқты
күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз-әңгімелер, қиял-
ғажайып оқиғалар арқау болған. Осы күйлердің қай-қайсысы да
Ықыластың адамға деген, қоғамға деген, табиғатқа деген
азаматтык тұлғасын, адамгершілік үнін айқын аңғартады.
Нүрпейіс келіні Дина (1861-1955 жж.) – қазақтың әйгілі күйші-
композиторы.
Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы
арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына
сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген.
Құрманғазыдай дарынды күйшінің ұстаз болуы Динаның
ғана бақыты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің
бақыты болды.Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген
қарақасқа атына арнап шығарған "Қарақасқа ат" күйі, өзі пір
тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп
шығарған "Бұлбұл", "Жігер", "Байжұма" сияқты күйлері,
ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынына арналған
"Кербез" күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы "Июнь
жарлығы" бойынша әскерге шақырылғанда тартқан "Он
алтыншы жыл" ("Набор") күйі, қадірлес замандастарына
сүйсінуден туған "Косалқа" күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей
жақын баласы Қоңырға арнаған "Әсем қоңыр" күйі, міне,
бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар
күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін
ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен
терезесін теңестірді.
Орындалу ерекшелігіне қарай:

Төкпе
шертпе
Тақырыбы мен мазмұнына қарай:

Аңыз Лирикалық

Тартыс күйлер
күйлер
күйлер
Сыбызғы-
бұрынғы кезде
қамыс, қурайдан
жасалған. Қазір
ағаш немесе
басқа қатты
материалдан
жасалады.
Асатаяқ- ежелден
келе жатқан сілкімелі
аспап. Бұрында
бақсылар қолданған.
Асатаяқ тек ән, күй
әуеніне қосылып
қоймай, би ырғағын да
сүйемелдейді.
Қоңырау қазақ халқының
көнеден келе жатқан
сылдырмақты музыка
аспабы. Дыбысы
сыңғырлап шығатын мыс,
жез металдарынан
құйылып жасалады.
Аспаптың жеті музыкалық
дыбыс қатары
бар.Қоңырауды кішкентай
ағаш балғамен ұрып
ойнайды.
Шаңқобыз- қазақтың көне
музыкалық аспабы.
Ағаштан, темірден,күмістен
жасалады. Ерін мен тістің
арасы арқылы ойналады.
Ойнау кезінде орындаушы
оң қолымен тілшенің ұшын
шалып отырып,
шапшаңдата дыбыстайды.
Дыбысы тілшені
қозғалысқа келтіреді
Жетіген қазақ халқының
өте ертеден келе жатқан
жеті ішекті шертпелі
музыкалық аспабы. Аспап
ағаштан құралып
жасалады. Оған он үш ішек
байланып, арнайы тиектер
қойылады. Аңыз бойынша
“ЖЕТІГЕН” аспабы бір
қарияның жеті баласынан
айырылғандағы қасіретінен
туған деседі.
Қыл қобыз- қазақ
халқының ежелден келе
жатқан екі ішекті
ысқышпен ойналатын
аспабының бірі. Ішегі
жылқының қылынан
жасалады. Қобыздың үш,
төрт ішекті “нар қобыз”,
“Жез қобыз” аталатын
түрлері де бар. Қобызды
ағаштан құрап жасайды.
Беті жартылай терімен
қапталады. Халық
аңызында қобыздың шығуы
Қорқыт ата есімімен тығыз
байланысты.
Дауылпаз- ұрып
ойналатын музыкалық көне
аспаптың бірі. Халық
тұрмысында кең
қолданылады. Жаугершілік
кезінде дабыл қағып, белгі
беру үшін кеңінен
олданылған Ол тұтас
ағаштан ойылып
жасалады. Бет шанағы
терімен қапталады. Иыққа
асу үшін қайыстан арнайы
бау тағылады.
Қазақтың өте ежелгі
және кең тараған қос ішекті
аспабы. Мойнына тоғыздан
жиырма екіге дейін перне
байланады. Домбыра
негізінен екі ішекті, үш
ішекті түрі де бар. Оның
негізгі мынадай бөліктері:
басы, құлағы, шанағы,
бетқақпағы, ілгегі, тиегі,
пернелері ішегі бар.
Сазсырнай-
Сазсырнай
қазақтың үрлемелі
музыкалық
аспабы.Жұмыртқа
пішіндес, саздан
жасалып, іші қуыс
болады. Үн арнайы
жасалған тесіктер
арқылы шығады.
Желбуаз- үрлемелі
аспаптар тобына
жататын, ел көзіне
еленбеген көне аспап.
Сырты меске ұқсайды.
Аузын бекітетін
тығыны болады. Әуен
шығаратын екі сырнай
түтікшесі бар.
Мойынға асатын бау
тағылады.
мұғалім оқушылар
Д 1. Жаугершілікте
белгі беруге
1 арналған аспап аспап
2 о 2. Қорқыт ата атымен байланысты

м 3. Сүйектен жасалатын аспап

4 б 4. Меске ұқсас аспап
5. Қамыс пен қурайдан
5 ы жасалатын үрлемелі аспап
6 р 6. Жез, мыс металдан жасалатын аспап

а 7. Ерін мен тістің арасы
7 арқылы ойналатын аспап
“Өнер алды-қызыл
тіл”
Өнер басы тіл болса,
қазақ халқы музыка өнері
жайлы не деген екен.
Ендеше өзіміз білетін өнер
жайлы мақал- мәтелдерді
ортаға салайық.
Ұлттық аспап түрлері

Ұқсас жұмыстар
Жаманды ханның уәзір етіп алуы
Бірінші ойыншыны іріктеу сұрағы
Қорғаныш реңдер бейімделуі
Жақсы материалдарды жинау үшін жайттарды ескерту
Түрдің критерийлері
Сөз болуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Жолдарды кірістіру
Түсініктеме беру
Пәндер