Алтын қақпа




Презентация қосу
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
Умбетова Р.К.
Мақсаты:
а/. Біріккен сөз туралы түсінік беру. Біріккен сөздердің
жазылу емлесін меңгерту.
ә/. Адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу.
б/. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, баяндау,
СТО, т.б.
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу,
ана тілі.

Көрнекілігі: Пирамида, геометриялық фигуралар,
мазмұнды суреттер, плакат, дидактикалық ойындар, т.б.
Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Жеті қарақшы

Жеті ата

-Осы сияқты, адам бойында да 7 қасиет болса, ол өз
заманына лайық тұлқа болады. Ол қандай қасиеттер
екенін, қиындыларды құрастыру арқылы білеміз.
1. Биік мақсат
2. Білім
3. Ақыл
4. Іскерлік
5. Білік
6. Табандылық
7. Денсаулық

- Олай болса, биік мақсатқа жету үшін дендерің
сау болсын, білімдеріңіз бен ақылдарыңыз көп
болсын, іскер, білікті, табанды болыңыздар
дейміз.
Сабағымыздың барысында біз бір тарихи
ғимаратты құрастырамыз. Ол сабаққа белсенді
қатысамыз.
2. Үй жұмысын тексеру.
- Әр оқушы шығармаларын оқып, күрделі сөздерді
табады.

3. Жаңа сабақ.

Қыстырма сөз Мәндес сөз

Қарсы мағналы
Біріккен сөз Сөз түрлері
сөз

Күрделі сөз Көп мағыналы
сөз
Ойын: “Фигураларды тап”

- Фигуралардың аттарын жазып, күрделі сөздерді табу.
/шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, түзу/.

№1
Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын.
Алакөл, Талдықорған, Ботагөз.
Есдәулет, аққу, ақбөкен.
Шаңсорғыш, балмұздақ, тасбақа.
Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден
жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мысалы: күнбағыс, бағдаршам.

Адам аттарында алдыңғы түбірдің даусыты, ұяң,
үнді дыбыстарына бітіп, кейінгі түбірдің басындағы
қ, к дыбыстары ұяң болып, ғ, г әріптері жазылады,
қатаң болса, қ, к әріптері жазылады.
Мысалы: Амангелді, Ырыскелді.

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар
келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.
Мысалы: Жаңаөңір
4. Машықтық жұмыс.

1. 227 – 228-жаттығулар
2. 229 – 230-жаттығулар
3. №2
4. 231-жаттығу
5. №3
6. Сөйлем құрау
7. Ойын: “Алтын қақпа”

227-жаттығу
-Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тап. Түбірлердің
арасына қосу /+/ белгісін қою.
Қос+құдық, Қара+ой, Ай+дос
228-жаттығу.
-Өлеңді жазып, біріккен сөздің астын сыз.
Ай маңдай Алатаудың асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан.
Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті
Бурабай, Баянауыл бастарынан.

229-жаттығу.
-Сөйлемдерді оқы, біріккен сөздерді теріп жаз.
Саршұнақ, тасбақа, ақбөкен, тауешкі.

230-жаттығу.
-Сөздерджі оқып, мағнасын түсіндір.
Көкжиек-горизонт сызығы.
№2
/Үлестірмелі карточка толтыру/
Аң:
Құс:
Шөп:

231-жаттығу
-Сөздерді оқып, біріккен сөздерді тауып, айырмашылықтарын
байқау.
Амангелді, Әбілхан.

№3
/-Кісі аттарын көшіріп жаз. Сөз құрамына талда/.
Амангелді Төрегелді
Нұрғиса Нұрғожа

№4
/-Кісі аттарын қатыстырып сөйлем құра/.
Айғыз – Абайдың екінші анасы.
5. Бекіту.

Ойын: “Алтын ққапа”
1. “Тас қақпа” – Сөз түрлерін ата
2. “Күміс қақпа” – Күрделі сөз дегеніміз не?
3. “Алтын қақапа” – Біріккен сөз дегеніміз не?
4. “Алтын санадық” – Мына сөздерден біріккен
сөз жаса: /бөрі, жол, басар, барыс, дос, жан, ай,
гүл/. Мысалы: Бөрібасар, Айгүл.

6. Үй жұмысы.
234-жаттығу. Ережені жаттау.
7. Қорытынды, бағалау.

- Балалар, пирамида құрастыра алдық па?
-Қандай сөз түрімен таныстық?
-Неліктен біріккен сөз деп аталады екен?

-Қазақ тіл білімінде, сөздің әлі де бірнеше
түрі бар. Олармен де таныса жатарсыңдар.
Ал бүгінгі сабағымыз аяқталды. Рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Күміс қақпа
Алтын қақпаның тапсырмасы
Табиғат денсаулық мекені
Сабақтың тақырыбы
Гүл құрағы
Тәрбие ошағы - мектеп
Абай поэмаларының тілі
Есептер шығару
Сақ хаумаварга кімдер
Қазақстандағы индустрияландыру жылдары
Пәндер