Жеткіншектердің кабылдауындағы отбасы бейнесі


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Отбасылық тәрбиелеу иниституты»

«Отбасылық тәрбиелеудің психолог - кеңесшісі» бағдарламасы бойынша білім жетілдіруді (аттестациалық) аяқтау жұмысы

Астана қаласы

2012 жыл

Тындаушы:

Браташ Сауле Мухамедияровна

Тақырыбы: «Жеткіншектердің кабылдауындағы отбасы бейнесі»

Slide 2

Қазіргі таңда жастарды өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады.

Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі.

Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.

Кіріспе

Slide 3

Мақсаты - жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы образын тәжірибе жүзінде әдістерді қолдана отырып анықтау.

Негізгі міндеттері -

-Жеткiншек жас кезеңнiң психологиялық-педагогикалық ерекшелiктерiне тоқталу;

-Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі отбасы түсініктерін талдау жасау;

-Жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы және отбасын құру туралы психологиялық дайындығын анықтау;

-Жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы образына тәжірибелік сипаттама жасау.

Зерттеу гипотезасы-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы образын зерттеу.

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздегі психология ғылымында жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы образы тың, зерттелмеген, тәжірибелік тұрғыдан, әдіс-тәсілдерді жетілдіру аз зерттелгендіктен, менің курс жұмысымның тақырыбы өзекті деп санаймын.

Slide 4

Тарау 1. Жеткіншектердің қабылдауындағы

отбасы бейнесіне теориялық сипаттама

Тұлға отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік төтенше жағдайлар мен ахуалдарда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.

Slide 5

1. 1. Жеткiншек жас кезеңнiң психологиялық-педагогикалық ерекшелiктерi

Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады.

Slide 6

1. 2. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі отбасы түсініктерін талдау

Отбасы мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасындағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал, Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.

Slide 7

1. 3. Жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы және отбасын құру туралы психологиялық дайындығы

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Slide 8

Тарау 2. Жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы бейнесіне тәжірибелік сипаттама

2. 1. Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеуге сипаттама

Slide 9

Зерттеу бағыттары

Психодиагностикалық бағыт

Психотерапиялық бағыт

Зерттеуіміздегі эксперимент үш кезеңнен тұрады.

Slide 10

2. 2. Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелері

Жеткіншектердің отбасына эмоциялық қатынас көрсеткіші

ОҚО, Созақ ауданы І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің жеткіншек жастағы балалары алынды.

Экспериментке қатысушы респонденттерге осы мектептің 7 - 8 - сыныбынан 144 оқушы қатысты.

Slide 11

Бұл зерттеуіміздегі эксперимент үш кезеңнен тұрады.

Бірінші әдістеме К. Ғ. Жүнісова-Елшібаеваның «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» атты 14 сұрақтан тұратын сауалнамасы жүргізілді.

Бұл сауалнама жеткіншектердің болашақ отбасылары туралы пікірлерін анықтады.

Эксперимент қорытындысында жеткіншектердің төменгі және орташа деңгейдегі дайындық көрсеткіштерін көрсетті. Жеке сөйлесу барысында анықтағаным: жеткіншектердің отбасын ерте құрудан алдын-ақылы негізде оқуы, ата-анасына еңбегін ақтауы және карьера жасау деген мәселелер алдыңғы қатарға шықты.

Slide 12

2. «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы авторы Э. Г. Эйдемеллер және В. Юстицкис. Мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау.

Нәтиже көрсеткіштері

7- сынып оқушылары

8-сынып оқушылары

1

Суб шкала В кінәләу

47%

53%

2

Суб шкала Т қобалжу

39%

35%

3

Суб шкала Н қысым көру

20%

22%

Slide 13

Үшінші әдістеме «Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» болып табылады. Бұл әдістеме авторлары Е. Бене және Д. Антони (1999ж. ) .

Әдістеме отбасындағы тұлғаның эмоциялық қатынасы мен көзқарасын анықтауға арналады. Тест бізге отбасы мүшелеріне деген тұлғаның сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік берді. Отбасына деген жағымды қатынастың орнауы үшін әрбір мүшесінің рөлі ерекше. Сондықтан отбасына деген эмоциялық қатынасты анықтау арқылы біз болашақ отбасындағы кездесетін немесе тұлға қашқақтайтын жағдайларды анықтадық.

Бұл әдістеме бойынша біз жағымсыз қатынастардың көрініс бергенін байқап отырмыз.

Slide 14

Экспериментіміздің екінші кезеңінде біз жеткіншектердегі отбасылық құндылықтарын анықтадық. Жеткіншектердің отбасылық өмір туралы пікірін білу үшін «Менің елесімдегі отбасылық өмір» тақырыбында эссе жазылды. Бұл бізге жеткіншектердің отбасылық өмірге деген жағымды және жағымсыз сезімдерін, материалдық жағдайға деген қатынасын және жыныстық қарым-қатынас маңыздылығын, жалпы алғанда отбасылық құндылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жеткіншектердің отбасына эмоциялық қатынас көрсеткіші

Сыналушылармен пікірлесу барысында біз оның себептерін төмендегі мәселелерден туындайтынын анықтадық:

Ата-анасының ажырасуы;

Ата-анасының жағымсыз әдеттерге бой алуы;

Қалаған мамандығына түсуге мүмкіндік бермеу;

Материалды құндылықтарды қанағаттандырылмауы;

Шектен тыс қамқорлық пен талапшылдық.

Зерттеу нәтижесінде осы көрсеткіштер бізге қазіргі жастардың отбасылық өмір құндылықтарының пайыздық сипатын

беруге мүмкіндік берді.

Slide 15

Жоғарыдағы 6-кестеде көріп отырғандай қазіргі жастардың басты құндылықтары материалдық жағдай (7 - сынып оқушыларда -35, 2 %;

8- сынып оқушыларда -34, 9%) болып отыр. Яғни, жеткілікті материалдық жағдай болған жағдайда ғана жағымды қатынас болады деген пікірмен сайып келеді. Отбасындағы түсініспеушілік, ұрыс-жанжал және отбасылық дағдарыстың шығу себебін материалдық жағдаймен байланыстырады.

Сыналушылар

Жағымды сезімдер %

Жағымсыз сезімдер %

Материалдық жағдай %

Жыныстық қарым-қатынас %

Ата-аналық рөлдер %

1

2

3

4

5

6

7

1

7 сынып оқушылары

27, 1%

5, 7%

35, 2

12

20

2

8 сынып оқушылары

33, 1%

3, 1%

34, 9

15

13, 9

Slide 16

Сонымен, 7 - 8 сынып оқушыларының әрбір конструктор бойынша жауаптарын белгілей келе этностық құндылықтарының пайыздық көрсеткішін шығарамыз.

Құндылық конструктары

7 сынып оқушылары

8 сынып оқушылары

1

Отбасы құрылыс болса

48, 1

54

2

Отбасы әуен болса

54

41

3

Отбасы түс болса

41, 3

36, 7

4

Отбасы кино болса

62, 6

46, 7

Қорытынды

53, 5

44, 6

Кесте 7- Жеткіншектердің отбасылық құндылықтары

Slide 17

Үшінші кезеңде психологиялық алдын алу мақсатында, осы сауалнама бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушыларға әлеуметтік-психологиялық тренингтер, жеке-таптық кеңес жұмыстары жүргізілді.

Отбасылық психотерапия элементтері арқылы И. В. Вачковтың ертегі терапиядан “Пританище для души”, Г. В. . Новикованың жоғары сынып оқушыларға арналған мультфильмдерін, В. Лебедеваның “Отбасы гүлдер образымен” О. Хухлаеваның жеке консультациялық бағыты мен ойындарын, С. Поповтың конфликтология шешімдерін пайдаланып жеткіншектердің санасындағы отбасын құруға, ата-анасымен, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас болу үшін және болашақ жоспар құруға психологиялық жағымды қатынас орнату үшін, төмендегі тренингтер ұйымдастырылды:

1. «Менің отбасым -қазір және ертең»; Мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық -рольдік иденфикация, қарама -қарсы жыныс өкілімен қарым -қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым -қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру, салт-дәстүрлерді дәріптеу.

2. «Отбасын ойнайық» жаттығуы;

Мақсаты: отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту

3. Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы;

Мақсаты: отбасы туралы жағымды елестерді дамыту

4. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.

Мақсаты: болашаққа жоспар құру, отбасын құруға этностық

құндылықтар негізінде дайындау.

Slide 18

2. «Отбасын ойнайық»жаттығуы;

Мақсаты: отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту

Slide 19

Нәтижесінде өткізілген тренинг барысында қатысушылар отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдірді. Отбасының жүйелік табиғатын, өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым -қатынас ерекшеліктерін түсініп, өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгертуге әрекет жасауға бағыт берілді. Болашақта өзінің отбасылық тәжірибесін түсініп әрі қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет екенін, өткізілген ойын, жаттығу, жеке топтық кеңес арқылы мәлімет алды.

Slide 20

Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»

Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.

Мысалы: интерпретация бойынша балалардың салған суреті жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмаған, кейде анасына деген өпкесін, немесе қарындасына деген қызғаныш сезімін сурет арқылы анық көрсетілген. Жеке әнгіме барысында себептерін анықтап, ары қарай жақсы қарым қатынас болу жолдарын бірге талқылап шешімге келдік.

Отбасылық психотерапия элементтері арқылы жеткіншектердің отбасына деген құндылық көзқарастар қалыптастыруға бағыттадық.

Slide 21

Зерттеу барысында отбасыны жеткіншек жастағылардың жартысы толық емес отбасыдан, жартысы толық отбасы өкілдері ата-аналарымен зерттеу жұмысына қатысты. Зерттеу барысында «Отбасы суреті» диагностикалық әдісі сияқты әдістерде қолданылып жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде жеткіншек жастағы балалардың отбасы ортасын қабылдаудың келесідей ерекшеліктері анықталды:Толық отбасынан шыққан жеткіншектер отбасы ортасын-жарқын, берік, ашық, толық, қызық деп түсінеді. Толық емес отбасылардан шыққан жеткіншектер отбасы ортасын-консервативті, тиянақты жақсы, күшті, ізгі, қайырымды, тілектес және жомарт деп түсінеді екен.

Суреттердің эмоционалды фоны бойынша толық емес және толық отбасылардан шыққандардың 100 пайызында да суреттер оң эмоционалды фонда салынған.

Slide 22

2. 3. Жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы бейнесі бойынша қорытындылар мен ұсыныстар

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
Психикалық дамулары тежелген балалардың психологиялық коррекциясының негізгі ұстанымдары
Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Баланың мектепке баруына байланысты әлеуметтік жағдайды дамыту
Үйде білім алатын мүгедек балаларға тәрбие жұмысын жүргізудің спецификасы
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және оның бала әлеуметтенуіне тигізер әсері
Вставка рисунка
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыскерлік
Ерте жыныстық қктынастың себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz