Сан есімді



Ақтөбе облысы Байғанин ауданы № 3 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші санатты мұғалімі Жубанова Кенжегул Бахитовна

Сан есімді қайталау Жарыс сабақ 6-класс

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
Сан есімнен алған білім түсініктерін кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту және мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білу;
Есте сақтау және ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын дамыту;
Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу;
Сабақты өткізу әдісі: сатылай кешенді талдау
Сабақтың түрі: қайталау, жарыс сабағы
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың тақырыбы:
Заттың
санын
білдіретін
сөздерді
қайталау
жиырма
бесі
он
екінші
2012

Сабақтың барысы:

Берілген тапсырмаларды екі топ алмасып орындайды. Бір сұраққа- 1 ұпайдан

Мен оны білемін! (қайталау)
Реттік сан есім
қалай жасалады?
Болжалдық сан есімнің
жасалуы
Бөлшектік сан есімнің ерекшелігі
Есептік с. е. +ншы, нші
-ыншы, інші;
Есеп. с. е. +лаған, леген, даған, деген, лап, леп, тай, тей;
Жай бөлшек және ондық бөлшек болып бөлінеді

Есептік сан есімнің түрлері
Жинақтық сан есімнің
жасалуы
Топтау сан есімнің ерекшелігі
Дара және күрделі сан есім
Есептік с. е. +ау, +еу;
Дара с. е. +шығыс. с.
Қосарл . с. е. +шығыс. с.
Мен оны білемін! (қайталау)


Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар. Керекті сөздер: отыз, үшінші, жетінші, он екінші, төрт, он екі, жиырма төрт, бірінші.
1. Бір жылда . . . ай, . . . мезгіл бар.
2. Қаңтар-жылдың . . . айы.
3. Жылдың . . . айы желтоқсан.
4. Бір тәулікте . . . сағат бар.
5. Аптаның . . . күні - сәрсенбі, . . . күні -жексенбі.
6. Бір айда . . . күн бар.

Дұрыс жауабы:
1. Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар.
2. Қаңтар-жылдың бірінші айы.
3. Жылдың он екінші айы - желтоқсан.
4. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.
5. Аптаның үшінші күні - сәрсенбі, жетінші күні -жексенбі.
6. Бір айда отыз күн бар.

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, сан есімнің астын сызыңдар.
1. Жүгері, екі сантиметрден, күн сайын, отырады, ұзарып.
2. Кіріседі, жеті-сегіз, аптадан, шапшаң, кейін, өсуге.
3. Наурыз, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші, жылдың, айы.
4. Ақсақалдың, қасында, екі, болған, Сәбит Мұқанов, болды, аудармашы.
5. Бірінші, ғарышкері, елінің, қазақ, Тоқтар Әубәкіров, білеміз, екенін.
6. Жылқысы, жиырма-отыздай, қойы, екі-үш, жүз, сауын сиыры, жиырмаға тарта, бар.

Дұрыс жауабы:
1. Жүгері күн сайын екі сантиметрден ұзарып отырады.
2. Жеті-сегіз аптадан кейін шапшаң өсуге кіріседі. (Ә. Нурш. )
3. Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың наурыз айы.
4. Екі ақсақалдың қасында болған Сәбит Мұқанов аудармашы болды.
5. Қазақ елінің бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екенін білеміз.
6. Жиырма-отыздай жылқысы, екі-үш жүз қойы, жиырмаға тарта сауын сиыры бар. (С. М. )


Сан есім
Құрамына қарай:
5. Топтау сан есім
Дара, күрделі
Тіркесу арқылы,
қосарлану немесе қайталану
1. Есептік сан есім
2. Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім
6. Бөлшектік сан есім
Негізгі, туынды
Мағыналық түрлері

Қай шығармадан алынған, кейіпкері кім? Сан есімге талдау жасаңыз.
1-топқа
1. Әулие қоймай қыдырып,
Етегін шеңгел сыдырып,
Жеті пірге танысқан. . .
2. Ұш ұшар ең аспанға
Бір ұшуың кем болды. . .
2-топқа
1. Түйешілер мінбеген
Сексен мың екен маясы. . .
2. Екеуі де болдырып,
Атының басын бұрысты. . .

Керекті сан есімдерді қойып оқып, жасалу жолын түсіндір
1-топқа
Әкем өліп . . .
Жетім қалған Күлтегін.
. . . ағамның
Елі-жұртын көбейтті.
. . . жауын түйреді,
. . . сүйреді.
2-топқа
Күлтегін- ел қанаты,
. . . болатын.
Қорғау үшін қонысты,
. . . соғыстым.
. . . жауын аунатты,
Алып жатқан аумақты. . .

Жауабы:
1-топ
. . . жетіде
Он алтыда . . .
Алты . . .
Жетіншісін . . .
2-топ
Отыз бірде . . .
Он екі . . .
Екі . . .

Сөйлемнен қатені тауып, ережесін айтыңыз.
1-топқа:
Айгүл жиырмада.
Бізге бірінші сыныпта Гүлзат апай сабақ берді.
Әжем 2-алма берді.
2-топқа:
Әлия он бес жаста болатын.
Ағам отыз қырықтай кітап әкелді.
Жылқының салмағы екі жүз килограмм болды.

1-топ
Үш жұрт-
Үш арсыз-
Үш қадірсіз -
Үш көз:
2-топ
Жеті қазына-
Жеті ата-
Жеті күн-
Жеті жұт-

Тексеріңіз
1-топ
Үш жұрт- өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты
Үш арсыз- ұйқы, тамақ, күлкі арсыз
Үш қадірсіз - жігіттік, денсаулық, жақсы әйел
Үш көз: су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ, сөз анасы-құлақ
2-топ
Жеті қазына-ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата-ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Жеті күн-бүгін, ертең, бүрсүгүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
Жеті жұт- құрғақшылық, аштық, өрт, оба, топан су, зілзала.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz