Материалдық мәдениет


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының

мәдениеті.

№164 мектеп

Орта ғасырлардағы қазақстан тарихы

7-сынып

15. 04. 2014ж

Пән мұғалімі: Иршатова Мөлдір

2013-2014 оқу жылы

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ХҮІ - ХҮІІ ғасырлардағы қазақ халқының даму деңгейімен, олардың тұрмыс тіршілігіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Slide 3

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау,

сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек

сызбалары, интерактивті тақта, слайд

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Slide 4

Сабақтың барысы:

ІІ.

Үй тапсырмасы

І.

Ұйымдастыру

кезеңі

ІІІ. Жаңа материалды

түсіндіру

ІҮ. Жаңа сабақты

бекіту-

Ү. Қорытынды.

Бағалау.

ҮІ.

Үйге тапсырма

беру

Slide 5

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1- топ «Хандар». « Сәйкестендіру»

тесті арқылы

2- топ «Билер». «Жылдар мен

оқиғалар» хронологиямен жұмыс

3-топ «Батырлар» “Тарихи диктант”

Slide 6

1. Қазақтар мен жоңғарлар арасында

үш рет қарулы шайқастар болды

2. Қазақ халқы оның жоңғарларға

қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін

Салқам Жәңгір атады

3. Жоңғар әскерінің ту сыртынан

шабул жасап шегінуге мәжбүр етті

Жалаңтөс батыр

4. Хандық таққа Тәуке хан отырғанда

елдің ішкі және сыртқы

жағдайы өте шиеленісіп тұрды

5. Қазақ жүздері

Ұлы ханға бағынбау үрдісін ұстанды

6. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты

ыдырай бастаған хандықтағы саяси

жағдайды реттеуге күш салды

7. Қазақ хандығы орыс мемлекетімен экономикалық және

саяси дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты

8. Ресей болса қазақ хандығын

Көшімге қарсы қоюға тырысты.

1- топ "Хандар" Сәйкестендіру тесті.

Slide 7

1. 1635, 1643, 1652ж. ж

Батыр Қоңтайшы тұсында қазақтар мен

жоңғарлар арасындағы үш рет қарулы

шайқастар болды

2. 1628-1652ж. ж

Жәңгір хан тағына отырды

3 1643ж

Жоңғарлар қазақ жеріне баса көктеп кірді

4. 1680ж

Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса көктеп кірді

5. 1680-1715 (1718жж)

Тәукенің хан тағына отыруы

6. 16781-1685 жж

жоңғар феодалдары Оң. т Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады

7. 1573ж

Қазақ хандығымен одақ құру үшін С. Мальцев пен Т. Чебуков бастаған орыс елшілігі келді

8. 1694ж

Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда

байланысын күшейту арқылы келісім жасады.

2-топ "Билер" "Жылдар мен оқиғалар"

хронологиямен жұмыс

Slide 8

Жоңғар шабуылы қазақ халқының тарихында “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама ” жылдары деп аталып кетті. 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасында жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берді. 1729 жылы Аңырақай маңында жоңғарлар екінші рет жеңіліске ұшырады. Сібір хандығының астанасы Искер қаласы. Сібір атауы “сыпыра“ этникалық тобының атауынан шыққан. Шоқан Уалиханов та Көшім қырғыз (қазақ) сұлтаны болған деген пікірді айтады. Көшім 1555 жылы қазақтар мен ноғайлардың жасақтарын басқарып, Сібір жұртын билеп тұрған тайбұға руымен ұзақ ұрыс жүргізеді. Әлемдік саудада жоғары бағаланатын бағалы аң терілірі мен қыран құстар Сібірдің басты қазынасы еді. Бұл аймаққа Бұхар, Хиуа, Қырым, Грузия елдердің сауда керуендері ағылып келіп жатты. Осындай байлыққа қызыққан Ресей Сібірді жаулап алуға ұмтылды. Көшім Сібірдің ханы болған кезден бастап Батыс Сібірдің жергілікті халқына ислам дінін тарата бастады. Көшім жасақтарының ең осал жері-дәрімен атылатын қарудың жоқтығы еді. Сібірдің байырғы халқы Ресейдің оңай олжасына айналды.

3-топ "Батырлар" Тарихи диктант.

Slide 9

Сергіту сәті “Кім жүйрік?” математикалық ойын

728х2+0=

415х4+50=

560+1200-108=

(8425/5) -5=

483+164+996=

Қазақ хандығы құрылған жыл

Қарақорымда жоңғарларға қарсы

үш жүздің бас қосқан жыл

Салқам Жәңгір хан қайтыс

болған жыл

Тәуке ханның таққа

отырған жылы

Орбұлақ шайқасы

болған жыл

1456

1710

1652

1680

1643

Slide 10

Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол

жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

1. 728х2+0=1456 (Қазақ хандығы құрылған жыл)

2. 415х4+50=1710( Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосқан жыл)

3. 560+1200-108=1652( Салқам Жәңгір хан қайтыс болған жыл) 4. (8425/5) -5= 1680 ( Тәуке ханның таққа отырған жылы)

5. 483+164+996=1643( Орбұлақ шайқасы болған жыл)

"Кім жүйрік?"

математикалық ойын.

Slide 11

Үй тапсырмасын қорытындылау

а) Картадан жоңғар шапқыншылығы қамтыған аумағын көрсету.

ә) Жедел жауап сайысы. Әр топ келесі топқа тақырыпқа байланысты 3 сұрақ қояды.

Slide 12

Жаңа сабаққа даярлық

Ой толғау

Материалдық мәдениет

дегеніміз не?

2. Рухани мәдениет дегеніміз не?

Slide 13

Материалдық

мәдениет

Кез келген халықтың

материалдық мәдениеті

сол халықтың

шаруашылығына

байланысты болады.

Рухани

мәдениет

Белгілі бір кезеңде өмір

сүрген халықтың жан

дүниесінің көрінісі.

Slide 14

мәдениет

Материалдық

Ұлттық тағам

Түрлі замандағы киім-кешек

Егіншілік

Баспана

(киіз үй, қыстақ)

Үй жиһаздары

Мал

шаруашылығы

Slide 15

Рухани

мәдениет

Салт-дәстүр

музыка

Жыр

дастандар

Ауыз әдебиеті

Мақал-мәтелдер

Діни-наным

сенімдері

ертегілер

Slide 16

1. Мәдениетке жалпы сипаттама.

2. Рухани мәдениет туындылары.

3. Материалдық мәдениет қазыналары.

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

Slide 17

Мәдениетке жалпы сипаттама

ХҮІ - ХҮІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата - бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркем өнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т. б. ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.

Slide 18

Тұрғын үйлері

Киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй. Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй - күйме.

Киім-кешегі

Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ. Жазғытұрым көйлек сыртынан бешпент, камзол немесе шапан киді. Жас ерекшеліктеріне қарай киінді.

Ұлттық тағамдар

Ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент. Бидай, күріш, жүгері, тары, жүгері арпа, сұлы өнімдерінен түрлі ас даярлады.

Материалдық мәдениет қазыналары.

Slide 19

Қазақ халқының ауыз әдебиеті

Тойға арналған өлеңдер

Жар-жар, бет ашар,

сыңсу

Дүниеге сәби келгенде

Адам қайтыс болғанда- жоқтау

Халық арасында- ертегілер

“Ертөстік”,

“Құламер

ген”, ”Ал-

тын сақа”

“Аламан мен

Жоламан”

“Асан

Қайғы”,

“Қарамерген”

Батырлар жыры-

“Ер тарғын”,

“Ер

Сайын”

“Қамбар”, “Алпамыс”

“Ер Қосай”

“Төрехан”,

“Телағыс” “Құбағұл”

Ғашықтық дастандар

“Қозы Көрпеш-

Баян сұлу”

“Айман-

Шолпан”,

“Қыз-Жібек”

“Күлшеқыз”

“Мақпалқыз”

Рухани мәдениет

Slide 20

Әдеби жазба атауы

Таралуы

“Едіге”, “Ер Сайын”жырлары

Алшындар арқылы тарады

“Ер Көкше”, “Базар батыр” поэмалары

Керей тілінде тарады

“Талас ескерткіштері”

Дулат-үйсін тілінде тарады

“Наһжи әл Фарадис”

Кердері тілінде тарады

“Кодекс куманикус”

Қыпшақ (қазақ) тілінде тарады

Тіл және жазу

Slide 21

ІҮ. Бекіту жұмысы. «Ханталапай» ойыны (сұрақтарға жауап) .

Үш топтан үш оқушы шығып асықты иіреді. Кімнің асығы алшы түссе сұрақ сол топтың мүшелеріне қойылады. Егер ол топ жауап бере алмаса, келесі топ мүшелері жауап береді. Ойын ары қарай жалғаса береді. Дұрыс жауап берген топқа әр жауабы үшін бір асықтан беріліп отырады. Асықты көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Slide 22

1. Қазақтарда тұрғын үйдің неше түрі болған?

2. Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениеттің қай салалары жатады?

3. Үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қою қалай аталады?

4. Жазба әдебиет мұрасынан қандай еңбектерді атай аласыңдар?

5. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

6. Қазақтар арасында ислам дінін кімдер таратты?

7. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

8. Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар.

9. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.

Сұрақтары:

Slide 23

«Дискуссиялық өрнек» 1. «Хандар» тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1


Ұқсас жұмыстар
Мәдениет – адам жасаған екінші табиғат
Мәдениет ұғымы туралы жалпы түсінік
Батыс пен Шығыс өркениеті
Материалдық және рухани мәдениет
МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Мәдениет ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz