Абай пікірі Менің пікірім


Slide 1

Абай қарасөздерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Slide 2

“. . . Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық

қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне

бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті

шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда,

осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем

сөздің түрі. Кейде адамгершілік, мораль мәселелеріне

арналған өсиет, толғау тәрізді. ”

Slide 3

“. . . Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сондықтан сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады. ”

Slide 4

1. Мәтінмен жұмыс

1. Мәтінді өз бетінше оқу.

2. Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс.

3. Мәтінді абзацқа бөліп, оған тақырып қою.

4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

5. Мәтінге жай жоспар жасау.

Slide 5

Отыз төртінші сөз

Жай жоспар:

1. Өмір мен өлім құпиясы.

(Өмір бар жерде өлім бар. Өлім жас талғамайды, ол-Алланың жазуы, өлгендер қайтып келмейді. Мәңгілік еш нәрсе жоқ. )

2. Адам баласына адам баласының бәрі дос.

(Адам баласы «бес күндік» өмірде бір-біріне қонақ. Бір-біріне өшігіп, жауығып, не болса соған көрсе қызарлық жасап, дүние қуанышын дұрыс бөлісе алмай жату Алла ісіне лайық емес. Ендеше, бұл дүниеде пендешілік жасап, ешкімге көз алартпа. )

3. Тілеуіңді құдайдан тіле.

(Мұсылмандықтың негізі «адам адамға дос» деген қағида бар. Адамның болмысы баршаға ортақ, көрер қызығы, қайғысы екі дүние аралығында. Пендеге иман керек.

Абай ұсынған жол: Адамға керегі-дүниеге қонақ екенін сезіну, өзінің мәңгілік еместігін ұғыну, сондықтан «бес күндік» ғұмыр үшін бір-бірімен қырқыспай, игілікті істер жасауға ұмтылу.

Slide 6

2. Қарасөз мәтініндегі негізгі ойды тірек-сызба арқылы бейнелеу

Жиырмасыншы сөз

Адамдарға тән “Жалығу” сияқты мінездің пайда болуы жайлы сөз қозғайды.

Дүниенің өткіншілігіне өкіну, өмір қызығынан бой тасалау, безіну. Жалқаулыққа, қанағатсыздыққа, еріншектікке бой алдыру.

Абай пікірі

Менің пікірім

Адам баласының айналысып жүрген ісінен, кәсібінен, қызық думаннан жалығып жиренуі мүмкін. Егер адам жалығуға бой алдырса, арты жақсы болмайды.

Жалығу, бойкүйездікке салыну - адамның еркін жеңетін жаман әрекет. Жалығудың әсерінен жақсы өмірің лайланады, ертеңгі күніңнен үмітсізсің. Тек қайраттанып, сілкініп, ертеңгі күніңе сеніммен ұмтылыс жасасаң, бұл кеселден құтыларың анық.

Нәтиже

Өмірде өз орнын таппай, мақсатсыз, мәнсіз тіршілік етеді.

Жалығу

Slide 7

Екінші сөз

Өзге халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағынан үлгі алу керектігін айтады.

Ноғай (татар)

Сарт (өзбек)

Орыс

Абай пікірі:

Еңбек қылып, мал табудың жолын біледі. Салтанат, әсемдік те соларда.

Сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ.

Орысқа айтар сөз жоқ, біз құлы, күңі қадарлы да жоқпыз.

Абайды қынжылтқан ойлар:

Көрші халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағына үңіліп, содан үлгі алудың орнына сыртына қарап үркіп, жаңсақтық жасаппыз. Неге өзбек сияқты егін салмасқа, ноғай сияқты сауда жасамасқа, орыс сияқты білімге құштар болып, олармен терезе теңестірмеске?!

Абай ұсынысы:

Ұлттық дамудың бағыттары

1. Өзіңе өзгелердің көзімен қара.

2. Шаруа істеп, өнер тауып, еңбектен. Сонда қорлықтан құтыласың.

Slide 8

3. Зерттеушілік әдіс

Оқушының өзіндік пікір-болжамы, дүниетанымдық көзқарасы аңғарылады. Алған білімдерін іс жүзінде қолданады, дағды мен икемділігін қалыптастырады.

Он бесінші сөз

Ұлы ойшыл адам өміріне ой жүгіртіп, терең топшылау жасап, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін сөз етеді. Ол адамның қызыққан нәрсені өмірден өзі іздеп, үйрену кезіндегі есті кісі мен есер кісінің парқын саралайды.

1. Қызықты нәрсені қызықтау

Есті адам

Есер адам

2. Құмарлық

Орынды іске қызығып, шын құмарланады, келешек өміріне ғибрат алады.

Баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, өмірінің қымбат шағын өткізіп алады. Келешекке талап қылмайды, өкінеді.

Абайша «әрбір құмарлықтың өзі дерт». Құмарлыққа қолы жете бере адам елтіп, мастыққа бой ұрады. Ал мастық ақылдың көзін байлайды.

.

«Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық

көрмей тұра алмайды».

Slide 9

Оқушы Абай айтқан өмірге сын көзбен қарауды, өзін - өзі тәрбиелеуді, жақсыдан ғибрат алып, жаманнан жиреніп, өмірге сабыр - тоқтаммен қарауды үйренеді.

«Абаймен сырласу» ( ой толғау жазу. «Бір күніңе немесе бір аптаңа өзіңнен өзің есеп ал». )

Нәтижесінде:

Оқушы әрекеті:

Есті адам

Есер адам

Не нәрсені ақылға салады, бойын алдырмай, өзіне-өзі ие болады. Құмарлықты ақылға, ұстамдылыққа жеңгізеді.

Есі кете далақтап, еш нәрсенің парқын айырмай, ессіз құмарлыққа салынады.

Абайдың қорытынды пікірі:

«Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»

Slide 10

Алтыншы сөз Ақын қазақтың “Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік” деген мақалы төңірегінде философиялық мәнде ой өрбітеді.

Ырыс алды - тірлік

Қазақ ойлайды:

Абай: замана

көзқарасымен

Мен: қазіргі заман көзқарасымен

Кеудеден жан шықпағандық

Көкірегің мен көңілің тірі болып, адал еңбекпен мақсатты өмір сүру.

Адам деген атқа лайық болып, салауатты өмір сүру, адал еңбек етіп, өмірдің мәнін ұғыну. Жақсы тірлік қылсаң, ырысқа кенелесің.

Өнер алды - бірлік

Қазақ ойлайды:

Абай: замана

көзқарасымен

Мен: қазіргі заман көзқарасымен

Ас ортақ, ат ортақ, дәулет ортақ болса, бірлік - осы.

Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы - осы.

Бірлік болмай, тірлік болмайды. Бірлік бар жерде береке бар.

Slide 11

Отыз үшінші сөз Қазақтың өнерлі адамын Абай әулие санайды. Бірақ сол өнерлі қазақтың бойында болатын кеселдерін атап береді.

Кесел түрлері:

Өнерлі қазақтың кеселдері:

Талапсыздық

Қолынан келгенге мәз, өнерін ұштауға, жетілдіруге қыры жоқ.

Еріншектік


Ұқсас жұмыстар
Абай қарасөздерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР
Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі болып табылады
РЕСЕЙ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ
Абай-дара, Абай-дана
ЖАҢАШЫЛ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Менің атым Қожа повесінен үзінді
Хабарлы сөйлем туралы
Дүниеге жар өлеңінен үзінді жаттау
Зат есім қыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz