Балаларға халықтың педогокика бағытында ұлттық
Презентация қосу
Тақырыбы: Құрығын ұрпағына қалдырған
Балаларға халықтың педогокика бағытында ұлттық
Мақсаты: тәрбие беру. Қоршаған ортаға құрметтерін арттыру.
Биіктікке, тазалыққа, әділдікке баулу.
Қайырымдылыққа,әсемдікке баулу.
Төрт-түлік малдың көшпелілер
тарихындағы маңызын түсіндіру.
Түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: Ат әбзелдері, қамшы түрлері,
суреттер,тапсырма парақтары
С а б а қ б а р ы с ы:
I. Ой- ашар. “Төрт- түлігім аман болсын”- тақырыбында әңгіме.
II. Ат құлағында ойнаған.
“Адам маймылдан жаралды”-деген сөз бар. Басқалар маймылдан
жаралса жаралған шығар, ал қазақ тек сәйгүліктен жаралған.
Асқар Сүлейменов.
Аттың үсті жел құйын
Мінсең көңілің өседі
Болса дағы жол қиын
Бойда қуат өседі.
Ә.Тәжібаев.
Қазақ қазақ болғалы сәйгүлік мініп сәнденген халық.
Серінің де бес қаруын асынған батырдың да,
аңға шыққан аңшының да жалғыз серігі-астындағы
тұлпары болған.Қазақ үйінде қонақ келсе атына
қарап қонағын бағалап, қонақтан бұрын атының
күтімін ойлаған. Ал көшпелі бабаларымыз үшін
аттың орны ерекше екені белгілі. “Қарабайыр қазанат”
қара жерде қойдырмас –деген халық мақалы қазнат
тұқымының атауы. Жырлардан, ертегілерден,
аңыздардан жылқының жасына, түріне жүйріктігіне
байланысты мыңдаған атауларды кездестіруге болады.
Жесең азық,ішсең сусын,мінсең көлік болатын
жылқыны дұрыс бақпаса асыл текті қасиеттерін
жояды”.
“Ат шаппайды, бап шабады”-деген сөз осыдан шығады.
III. Сәйгүліктер. Ақбозатқа мініп арман қумаған
Сәйгүліктер бізбен жерлес ежелден Мінсең-төбе, шапшаң-жебе, жел мая,
Атты да атқан бізге кезенген Сәйгүліесіз уақыт шығын тер зая
Тас кітап көп тауымыздан табылған Бақсаң көлік, қар тепсе де қажымас
Әр беті ат бейнесімен безенген Сойсаң-соғым, қазы,қарта,жал-жая
Тағысында- ақ біздің қолда туылған Жылқы жайлы үйір-үйір ертегі
Жібек жолы желкілдеген тумаған Ел тарихын баяндап сыр шертеді
Соны айтады бабам мен ат сүйегі Неден кеңде “керқұла атты Кендебай”
Араласып бір молада тулаған “Қара жоға”, “Тепеңкөк” пен “Телторы”
Жеті атамның есімі аттас жылқымен Өткізбейміз атсыз жиын біз думан,
Сырым білмей жүрме аттың сыртымен Күш жиямыз ат үстінде мызғудан
Жер жаһанда ойлашы өзге ел бар ма Тамашаның тамашасы тапсырмас
Бізше таныс аттың мінез- құлқымен Көкпар тартып,ат шаптырып, қыз қуған
Ат үстінде ұзын жолы қысқарып Ат мінгізу сыйлықтың ең үлкені
Бізше жылқы жинамаған еш халық Аттан құрау, қандай ұят күлкі еді
Қысы-жазы жасап атпен аңшылық Шынықтырып бой сергетер атүсті
Салт ит жүгіртіп, құс салып Қайғы дерттен айықтырар жұрт емі
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар сәйгүлік Ұлан байтық,шексіз-шексіз кең далам,
Бапталмаған қазақта бар қай жігіт Тентек-текке бізге енші болмаған
Асыр салып бәйге, көкпар ойнаған Бабаларым атпен қана үлгіріп
Сәбиі де құлын қуып,тай мініп Шартарабын шауып жүріп қорғаған
Қазақтар ғой жылқының шын докторы Белгі беріп, аттануға шақыра
Атқа сәйкес кім бар біздей көп тілді Ат сезеді шабар жауды қапыда
Азды аттың төбегіне теңейміз Бағытынан айырылып адасса
Жерді де атқып дейміз таудың шоқтығы Қазақ сенді жол табар деп атына
“Ат шаптырым” біз үшін ең қашықтық Атпен ғана ерлердің көп тынды ісі
“Бие сауым уақыт жоқ” деп асықтық Жылқы бізде түліктің ең құндысы
Ат жолында көшіп-қонған халықпыз Сыйпағанды білмесе егер сиырлар
Желіп жүріпжер де танып, кәсіп қып Сыйлағанды аттың сезіп тұр іші
Кеудемізде жүрек те атша тулаған Ат қазаққа, қазақ атқа күш берген
Ат үстінде біткен желікбу маған “Ат баспаймын” деген жерін үш басып
Қазақ барма бала кезде түсінде Ер көрмеймін- деген жерді үш көрген.
IV. Ер- тұрман
Ата кәсібімізді танып білудің маңызы зор. Оған байланысты құрал -
саймандарға
Халқымыз өнер туындысы ретінде қараған. Ер- тұрман дегеніміз
салт атқа
мінуге арналған әбзел жабдықтыр жинағы. Ерші-ер-тұрман
жасайтын шебер.
Ерді негізінен үш топқа бөлген. Ашамай- бес жасқа дейінгі балалар
мінетін ер.
Өте жеңіл,ықшам,қарапайым түрі. Ер адамдарға арналған ер-
ондай ер-жеңіл, ықшам,берік болады. Өте көп әшекеленбейді. Әйел
адамдарға арналған ер- қаңқасы ауыр, алтын, күміс, асыл
тастармен, сүйекпен, мүйізбен өте шеберлікпен әшекейленеді.
Былғары, барқыт, жарғақ, мауыты, шұғамен қапталады.Әзірлеу
әдісіне қарай ерлер “Сом” және “Құранды” болып бөлінеді. Сом
ер- сүйегі бүтін ағаштан тұтас шабылған ер, құранды ер- бірнеше
бөліктен құрап жасалған ер. Сыртқы түріне қай үлгіде жасалғанына
қарап сом ер, қазақы ер, қалмақ ер, қырғыз ер болып бөлінеді.Ер-
тұрман әбзелдері ердің сүйегіне қосымша желдік,тоқым,терлік ,
ішпек, тебіңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, ойыл,өмілдірік,
құйысқан, жүген, ноқта, шылбыр, тізген, арқан, сулық, ат көрпе,
көпшік,ат жабу, ат тарақ, таға, қамшы, шідер,өре, тұсау, кісен,
қанжыға, көзқағар т.б. сияқты құралдардан тұрады. Осылармен
Ер- тұрман әзірлеуге қажетті шикізаттар.
а) Ер сүйегі негізінен ағаштан шабылады. Оған қолайлы ағаш киіз терек,
қайыңның безі,тораңғы және тал.
ә) Ердің сүйегін қаптау үшін көн, былғары, жарғақ, қайыңның тозы,
барқыт, шұға, масаты сияқты маталар қолданылады.
б) Ерді әшекейлеу үшін бағалы маталар, асыл тастар, шыны,сүйек,
мүйіз тұяқ қажет.
в) Өзге де киіз, жүн, қыл, жіп, құр тәрізді шикізаттар да қолданылады.
Ер сүйегін шабуға қажет құрал саймандар.
Қос тұтқалы ара- екі басында қос тұтқасы бар, екі кісі ерсілі-қарсылы
қозғап ағаш кесетін құрал.
Темір сына- ағашты жару үшін қолайлы.
Шойын балға- ағаш жарғанда,темір сынаны соғу үшін қажет ауыр балға.
Шот- жүзі өткір, тегіс, ағашты жұқартып шабуға арналған құрал.
Ұңғұру- атына заты сай, ердің оқпанын ұңғы жонуға арналған өткір,
жүзі имек пышақ
Қашау- ағашты ойып қашау үшін қажет.
V. Көкпар кереметі.
Көкпар жаппай қума, тайқазан болып бөлінеді. Жаппайға
үлкен-кіші жасына қарамай қатыса береді. Адам санына
шектеу қойылмайды. Ал қума ауылдан- ауылға алып қашу түрі.
Ал тайқазан деп аталатын көкпарда екі жақта да он
Адамнан аспауы шарт. Көкпарға күште, айла да керек.
Астындағы атында өзіне сай болуы шарт.
Тегеуріні темір үзердей екпінді, жілік майы тоқ, тізгінді заматта
Бұралатын бұра, қайтқыш аттар нағыз, “көкпардың аттары”
Жұлқынған асау тұлпарға
Жабысып қалсын тақымың
Жармасқан шақта көкпарға,
Жауыңнан бетер жақының
Марқасқа десең, марқасқа
Қарашы жапқан қартқа әні
Құйғытып жетіп жарамас та Көр тұрса егер алдыңда
Жұлып ал? Көзіңді жұм да, кіріп кет.
Бол, бол? Жып- жылы күрең құнжұтқа
Тарт қані? Жайқалып жатсын боз көде.
Немене? Қайтсең де барме өзгеге.
Жасып қалдың ба Сақтай гөр?
Азамат болма құрып кет? Ұшып түстің бе?
Құдайдың әбден атқаны
Тұяқтар онда үстіңнен
Топырлап өтіп жатқанда
Көкпарды құрбан төліңді
Тартқанмен көңіл қошында
Тартасып өткен елімнің
Таңбасы жатыр осында
VI. Қамшыгерлер- көне спорт түрі.
Қамшы-ат-көлік, мал айдауға арналған жабдық. Қамшы- қорғануға, қарсыласын
алып- жығуға арналған құрал. Қамшыгерлік- қорғанатын, қарсыласатын машық.
Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығық салтына байланысты тепкішекке
аяғын салған бөбектен бастап, еңкейген кәріге дейін, ат-көлік мінетін ер-әй
түгелімен қамшысы қолында, ерінің алды-артында ілулі тұрады. Ал үйде
керегенің басында,уықта,ашада қыстырылып тұрады. Халықтың салт-заңында
қамышыгердің қарусыз адамға қол көтеруіне тыйым салған. Салт бойынша
адам үйге кірерде қамшысын ат үстінде, үй сыртында қалдырып отырған.
Қамышыгерлік тума қабілет десек те, адам табиғатында тездік, ептілік,
оралымдылық, дәлшілдік, мергендік,қарақтылық,сезімталдық,өткірлік,батырлық
қарулық сияқты ішкі қабілеттерімен ұштасып жатады.
VII. Қ а м ш ы т ү р л е р і.
Әр мықты, әрі шып етпе өтірік, қолайлы қамшы мен бишік түрлері өте көп.
Қамшы- ат қамшы, дырау, дойыр, дүре, күдері, жортуыл, ұзын, шолақ, білеу,
сарала, барбас, орама, мүйіз сапты, жыланбауыр, “киелі”, өзекті, шошақты,
тобылғы сапты,бала, шыбыртқы қамшысекілді түрлері бар. Ал бишік жалғыз таспа,
шыбыртқы бишік,екі таспа, үш таспа,есілген бишік болып бөлінеді. Қамшыны төрт
таспа, алты, сегіз,он екі, он алты таспа етіп өреді. Қамшы өрілуіне қарай жуан,
жіңішке,алты немесе төрт қырлы болады. Жастарға, жігіт ағалдарына арналған
қамшы алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жер қамшы деп аталады. Өткірлік
жағынан өлшемі сабы алты тұтам, өрімі жеті тұтам қамшы дұрысырақ саналады.
VIII. Көкпар.
Үш топқа бөлінген балалар логикалық көкпар ойнату. Алғашқы сұраққа тез жауап
берген топ “көкпарға” ие болады. “Көкпар” сұраққа жауап берген топқа беріліп
отырады.
IX. Абсент.
“Би жөнінде, әсем қимыл жөнінен Абсенттен үйренуге болады” Галина Уланова
Абсентті суреттеу
Мәскеудегі әйгілі үлкен көрмеде, Ақ бақайы қадалып тұр жерге тек,
Көрем десе табылмайды елге не. Бір талғампаз жасатқандай бұйыртып.
Өз маңына жинап үлкен кішіні, Қос құлағы қатар екі құламұш,
Бір қарагер байлаулы тұр кермеде. Төске көлбеп жабысып тұр жарап іш.
Кең маңдай-айсыз түнді қара аспан, Тал бойына табылмайтын бір міні,
Ақ төбелі-жалғыз жұлдыз жарасқан. Осындай да болады екен жаралыс?
Сәл қозғалса, түнгі тоқсан құбылып, Тықыршиды тұяғымен тарпып жер,
Өн бойына жылтылдап тұр таласқан. Мадақтауда таңданысып әр тілде ел.
Сәнденеді құдай мойнын иілтіп, Құлақ түріп көз тігеді қиырға,
Көрген жанды сымбатынан сүйентіп. Шақырғандай сайын дала, салқын бел.
X. Айналма бәйге.
Кекілін буған шоқшалап
Апсышы жердің қуырылып,
Жараған атта жоқ тағат
Бір-екі ат шықты суырылып
Жалпінер жиі жер тарпып
Озды деп шулап балалар
Дегендей ұшар соқ сағат
Үлкендер жатыр ду келіп,
Құйрығын түйген күлтелеп
Артта әлі айқас жекпе-жек
Салсын деп назар жұрт елеп
Арамтер бұлар текке деп
Жабулап бала мінгізген
Үмітпен қарттар қарайды
Бәйге аттар шықты бір бөлек
Ұйлыққан соңғы лекке көп
Жүйрекке зор сын жатты алда,
Сөреге кезде тақалған
Жасқанбас одан бап барда
Озды деп алғаш аталған
“Жигули”, “Волга” жүйіткейді
Айналма сайын шегініп
Қызмет етіп аттарға
Әлгі аттар қалды қатардан
Өзге күй тыйып басқа әнді
Шын жүйрік әні, қара?- деп
Айналма бәйге басталды
Шулады ел тұтас бала боп
Қалың ел шықты далаға
Соңғы аттың бірі суырылып
Қаптаған үйлер бос қалды
Бәрінен озды дара боп
XI. Қорытынды.
Атты алғаш ауыздықтаған
Энеолит дәуірінде қазіргі қазақ жерінде мекендеген тайпалардың мәдениеті
әлем ғылымында Ботай мәдениеті деген атпен белгілі бүгінгі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының Никольский ауылынан
Бір жарым шақырымдай жердегі қонысқа байыпты.
Ботай мәдениетін кезінде Солтүстік Қазақстан Университетінің В.Ф.Зайберт
Жетекшілік ететін археологиялық экспедициясы зерттеген болатын.
Қонымтан қазып алынған 158 үйдің орны Ботай мәдениетін жасаған
тайпалардың жылқыны қолға үйреткенін дәлелдеген еді. Бұл күндері БАҚ
бетінде сенсация ретінде шығып жатқан жарияланымдар адамзат тарихында
жылқыны алғаш үйреткен адамдар Қазақстан территориясын мекендеген
тайпалар деп жар салуда. Discovery News ақпарат агенттігі АҚШ-ғы Корнегш
жаратылыстану музейінің кураторы, философия докторы, антропология
профессоры Сандра Л.Олсен өзінің адамзат жылқыны тұңғыш Қазақстан
жерінде, Ботай мәдениеті заманында қолға үйретілген деген теориясына
нақты, жаңа деректер тауып отыр деп жазады. Ол деректер біздің
бабаларымыз соғымға жылқы союды осыдан 6 мың жылдай бұрын бастап
кеткенін көрсетеді. Олсеннің әріптесі Размари Кано бұл теорияны биыл
Филадельфияда өтетін Америка геологиялық қоғамының жылдық жиналысында
жария етпек екен. Біздің бабаларымыз адамзат тарихында атқа алғаш қонғаны,
оған 5 жарым мың жыл толғаны анықталып отыр. Жұмыр жердің бетінде
жылқыны қазақтай жақсы көретін басқа халықты да табу қиын.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz