Су, ерітінділер және негіздер тарауы бойынша пәндік білім сайысы


Slide 1

«СУ. ЕРІТІНДІЛЕР. НЕГІЗДЕР» ТАРАУЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЙЫСЫ

Маханова Г. Е, М. Горький атындағы №1 гимназия-мектебінің химия пәні мұғалімі,

Жетісай қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың « Су. Ерітінділер. Негіздер. » тарауы бойынша білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау;

ә) дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Slide 3

Сабақ жоспары

Сайысқа түсетін топтарының сәлемдесуі;

әділ-қазылар алқасын таныстыру

I кезең - «Бой сергіту»

II кезең -«Химиялық лото» ойыны

III кезең: «Ойлан, тап» ойыны

IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»

V кезен:Нағыз химик

VI кезен: Капитандар сайысы

Сабақты қорытындылау

Slide 4

I кезең - «Бой сергіту» «Су тамшысы» тобының сұрақтары:

1. Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

2. Су молекуласының құрамы қандай?

3. Ерітінділер деген не?

4. Негіздер қандай топтарға бөлінеді?

5. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?

6. Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?

Slide 5

I кезең - «Бой сергіту» «Ерігіштік» тобының сұрақтары:

1. Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар?

2. Дистилденген суды қалай алады?

3. Негіздер деген не?

4. Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?

5. Ерітіндінің пайыздық концентрациясын қалай есептейді?

6. Ерітінділерді қолдану салаларын атаңдар?

Slide 6

I кезең - «Бой сергіту» «Негіздер» тобының сұрақтары:

1. Ауыз су қалай тазаланады?

2. Судың ластануының қандай түрлері бар?

3. Неліктен мұз суда жүзеді?

4. Бейтараптану реакциясы деген не?

5. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?

6. Негіздерді қолдану салаларын атаңдар?

Slide 7

II кезең -«Химиялық лото» ойыны.

«Су тамшысы» тобы оксидтердің формуласын құрастырады.

«Ерігіштік» тобы негіздердің формуласын құрастырады.

«Негіздер» тобы тұздардың формуласын құрастырады.

Slide 8

III кезең: «Ойлан, тап» ойыны

«Су тамшысы» тобының тапсырмасы:

1. Ва+О2→ 2. К+H2O→

3. NaOH+ FeCl3→

«Ерігіштік» тобы:

1. Mg(NO3) 2+KOH→ 2. H2O+CaO→

3. HCl+NaOH→

«Негіздер» тобы:

1. Zn+HCl→ 2. K+O2→

3. CO2+NaOH→

Slide 9

IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»

«Су тамшысы» тобы:

1. 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың пайыздық концентрациясын есептеңдер.

2. 222, 2 г ерітіндіні суалтқанда 22, 2 г тұз алынды. Тұздың ерігіштігін анықтаңыздар.

«Ерігіштік» тобы:

1. 40г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды, алынған ерітіндідегі тұздың мольдік үлесі қандай?

2. Натрий хлоридінің 200С ерігіштігі 35г тең. 210г суда осы тұздың қандай массасын ерітуге болады?

«Негіздер» тобы:

1. 250г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су қажет болады?

2. 45г калий сульфатын 45оС -температурада еріту үшін неше грамм су қажет болады, егер тұздың ерігіштігі-15г тең болса?

Slide 10

V кезен: Нағыз химик

«Су тамшысы» тобы:

Мыс сульфаты ерітіндісі берілген. Осы заттан қандай түсті түнба алуға болады? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.

«Ерігіштік» тобы:

Натрий металы берілген. Фенолфталеин түсін танқұрай түске өзгертетін қандай зат алуға болады? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.

«Негіздер» тобы:

Қандай затты құйғанда сілтінің танқұрай түсі түссізденеді? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.

Slide 11

VI кезен: Капитандар сайысы

Бізден -сұрақ,

сізден - жауап

Ерітінділердің түрлері

Негіздердің функционал тобы

Судың табиғаттағы айналымы

Slide 12

Сабақты қорытындылау

Әділ -қазылардың шешімі

Оқушылардың білімін бағалау

Пікір алмасу

Үйге тапсырма: Н. Нұрахметов т. б. оқулығы бойынша: §36-43 қайталау, 115беттегі №8, №10 тапсырмылырды орындау


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сайысы мен тапсырмалар
Білімдіден шыққан сөз: география бойынша білім мен тапқырлық сайысы
Тригонометрия тарауы бойынша қорытынды сабақ жоспары және бағалау критерийлері
Оқушылар пәндік сайысы: турлар, сұрақ-жауап және тапқырлық кезеңдері
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім сайысы
Генетика тарауы бойынша қорытынды сабақ: жоспар, тапсырмалар және тесттер
№122 жалпы орта мектебіндегі Қазақстанның физикалық географиясы бойынша білім сайысы
Ерітінділер және су тарауын компьютерлік модельдеу (HyperChem) арқылы оқыту әдістемесі: педагогикалық-әдістемелік зерттеу
Гидросфера мен мұхиттар туралы білім сайысы
Қазақстан - бейбітшілік пен келісім жері: оқушыларға арналған тарих, құқық және рәміздер бойынша білім сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz