Қазақстан халқының демографиялық және денсаулық жағдайы



Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың желтоқсаныда өткізілетін «20 жыл толды тәуелсіздік таңына» атты дөңгелек стол
Ережесі.
Дөңгелек столдың мақсаты: Тәуелсіздік тарихына жалпы шолу, тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, дербес мемлекет құрғаннан кейін тынысымызды танытатын басты жетістіктерімізді насихаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Білімділігі:
Тәрбиелілігі: Отанын сүюге, адамгершілікке, инабатылыққа, ұлт жандылыққа халқын қастерлеуге, тарихын сүюге, парасаттылыққа, ғылыми дүние танымын, көзқарастары мен сенімін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқытушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, қисынды және қысқа сөйлеу дағдыларына үйрету, ынтасын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта.
Пән аралық байланыс: тарих, әлеумет, саясаттану, мәдениеттану, философия, экономика, құқықтану.
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
а) тақырыпқа бейімдеу.
ә) мақсатын айту.

Кіріспе сөз. (Самбетов С) .
І бөлім. Дөңгелек стол барысында қозғалатын мәселелер:
1. Тәуелсіздік тарихы.
2. 1991-2011 ж. ж. Қ. Р-ның әлеуметтік жағдайы.
3. Қазақстан халқының әл-ауқаты туралы.
4. Қазақстан халқының демографиялық және денсаулық жағдайы.
5. Мәдениет саласында жетістіктерімізді саралау.
6. Жастар еліміздің болашағы.
ІІ бөлім. (Әдеби сазды бөлім) .
Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген,
Сонда дағы қасиетті Қазағым.
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр басты арманы,
Өткені мен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр көк байрағы Қазақтың
Егеменді тәуелсіздік алғалы!
Қорытынды:
Қ. Р-ның тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай елдің тарихы әлеуметтік жағдайы, қайта оралған мәденеті біз ашық дөңгелек столымызда дәріптеп, ертеңгі болашағымызды түгендеп оқушылардың санасына жеткіздік. Бүгінгі таңда Евразия жерінде үлкен ел, жеке мемлекет болып отырған қазақ халқы. Осы кең байтақ аймақта тамыры терең де жатқан іргелі ел. Қазақ халқы өзінің кең даласы сияқты мәрттігімен, жүздеген ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отыр. Қорыта айтқанда осы аталған іс-шарамыз, халқымыздыңғ президентіміздің көрегендігінің жетістіктері. Осы бүгінгі болған дөңгелек столымызға жиналған қатысушыларымызға рахмет.

Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және жиналған қауым. Бүгінгі менің дөңгелек үстелде қозғайтын мәселем “Қазақстан Республикасының Демографиялық жағдайы және халықтың денсаулығы” тақырыбында ой қозғағым келіп отыр.
Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы (бұдан әрі - тұжырымдама) Мемлекет Басшысьшың тапсырмаларына сәйкес әзірленді (2008 жылғы мамыр, қазан) .
1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама)
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын

Демографиялық жағдай
Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың туу көрсеткішінің 18, 42-ден (2005 ж. ) 22, 75-ге дейін (2008 ж. ) өсуі, өлім-жетім көрсеткішінің тұрақтағаны - 9, 74 (2005 ж. -10, 37), тұрғындардың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13, 01-ге дейін (2005 ж. - 8, 05) артқаны байқалып отыр. Демографиялық жағдайдың оң өзгеріспен алға жылжуына қарамастан, әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі сақталып отыр. Ұрпақты болу денсаулығы мәселесі өзекті күйде қалып отыр, неке құрған 16%-ы бедеу болып табылады. Ана өлімінің негізгі себептері (2008 ж. тірі туған 100 мың нәрестеге шаққанда. - 31, 2) акушершік қан кету, гестоздар. экстрагениталдық патология, жоғары көлемде түсік жасатудың салдары және аурушаңдық (жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалар, қаназдық) болып қала береді. Бұл жағдай медициналық қызметтер саласының жеткіліксіздігінен және оның тиісті стандартталуының болмауынан де күшейе түсуде. Нәресте өлім-жетімі көрсеткішінің тірі туылған 1000 балаға шаққанда 15, 15-ден (2005 ж. ) 20, 76-ға (2008 ж. ) дейін өсу үрдісі орын алып отыр. 2008 жылы 67, 11 жасты құраған. 2007 жыл бойынша бәсекеге қабілеттіліктік жахандық индексінің (БҚЖИ) мәліметтеріне қарағанда Қазақстан болжанып отырған өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштері бойынша (64 жас) 101 орынды алады.
Жалпы өлім-жітімнің ен көп үлес салмағын (50, 3%) қан айналым жүйелерінің аурулары (ҚЖА) алады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2008 жылы ҚЖА-дан қайтыс болғандар саны 76750 адамды құрады, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылардың үлесі (16-62 жас) 25 % құрады.

Халық саны
2011 жылдың басына облыстағы халықтың саны 2567, 7 мың адамды құрап, 2010 жыл басымен салыстырғанда оңтүстік қазақстандықтардың саны 2, 2% артса, 1991 жылғыдан - 35, 9% артты.
Халық санының өсуі негізінен, бүгінгі таңға облыс халқының 60, 8% (1559, 9 мың адам) бөлігін құрап отырған, ауыл тұрғындары санының өсуі есебінен болып отыр. Облыс тұрғындарының 1007, 8 мыңы (39, 2%) -қалалықтар,
1991 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде облыс бойынша туылғандардың жалпы саны 1131, 6 мың адамды құрады, барлық туылғандардың 64, 8% (732, 7 мың адам) ауыл халқына жатады.
Туылғандардың жалпы коэффициенттері 1000 адамға шаққанда 2011 жылы 30, 3 болып, 1991 жылдың деңгейіне теңесті. Әр 1000 қалалық тұрғынға 2010 жылы орта есеппен 29, 1 туылғаннан келсе, 1000 ауыл тұрғынына 31, 0 туылғаннан келді.
1991-2010 жылдары өлгендер саны 297, 8 мы адамды құрады, 2010 жылы өлгендердің саны 15, 5 мың адамды құрады. Қалалық елді мекендерде 6, 5 мың (жалпы өлім санының 42, 4%), ауылдық жерде - 8, 9 мың өлім (57, 6%) тіркелді
2010 жылы халықтың өлім коэффициент деңгейі әр 1000 адамға шаққанда 6, 1 келіп 1991 жылмен салыстырғанда 0, 9 өлгенге азайды.

Сәбилердің шетінеу деңгейі төмендеді. Мәселен, бір жасқа дейінгі өлген сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туылған балаға шаққанда 1991-2010 жылдар аралығында 30 8-ден 19, 4-ға дейін кеміді.
1991-2010 жылдары ішінде жалпы облыс бойынша халықтың табиғи өсімі 833, 8 мың адамды, соның ішінде қалалық мекендерде 258, 9 мың адамды (31, 1%), ауылдық жерде 574. 9 мың адамды (68, 9%) құрады.
1991 жылдан 2010 жылға дейін облыс бсйынша 332, 0 мың неке тіркелді, оның 202, 7 мыңы (61, 1%) -ауылдық жерде некелескендер.
Облысты тұтас алғанда некелесудің жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 1991 жылғы - 10, 5-тен 2009 жылы - 8, 6-ға дейін кеміді.
1991-2010 жылдары 48, 8 мың ажырасу тіркелді, оның 35, 7 мыңы (73, 2%) - қалалық елді мекенде тіркелді.
Ажырасудың жалпы коэффициенті халықтың әр 1000 адамына шаққанда 1991 жылғы 2, 0-ден 2010 жылы - 1, 2-ға дейін кеміді. 1991 жылы 1000 некелесуге 192 ажырасудан келсе, 2010 жылы ажырасу саны 139-ке дейін азайды.
2005-2010 жылдары облысқа келгендер саны 86, 7 мың адамды құрады (облыс аумағындағы қоныс аударушыларды есепке алмағанда) . Осы уақыт аралығында келгендердің ішінде 43, 1 мың адам - Қазақстанның басқа облыстарынан, 43, 1 мыңы - ынтымақтастық елдерден, 0, 5 мың адам - қиыр шеттеп елдерден келгендер.
2005-2010 жылдары облыстан сыртқа кеткендердің саны 115, 6 мың адамды құрады (облыс аумағындағы коныс аударушыларды есепке алмағанда) . Кеткендердің ішінде 108, 3 мың адам - Қазақстанның басқа облыстарынан, 6, 8 мың адам - ынтымақтастық елдерге, 0. 3 мың адам - қиыр шеттегі елдерге кеткендер.




Халық денсаулығының жағдайы
Халықтың денсаулығы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілігінің деңгейін көрсететін әлеуметтік бағдарының интегралды көрсеткіші болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметттері бойынша адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүру салтынан, созылмалы жұқпалы емес аурулардың (жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары, қант диабеті және т. б. ) кеңінен таралуына, сондай-ақ адамның өмір сүру дағдысына байланысты.
Мінез-құлықтық қауіп-қатердің факторларының кең таралуы: темекі шегу (22, 8%), дене салмағының шамадан тыс артуы (36, 9%), ішімдікті шектен тыс пайдалану (18, 1%) жоғары деңгейде қалып отыр.
Бұдан әрі «өркениет ауруларымен» сырқаттанушылықтың өсуі шамамен болжанып отыр (100 мың адамға шаққанда) :
- қан айналым жүйелерінің аурулары 2007 ж. - 1906, 6; 2011 ж. - 2274, 9;
- онкологиялық ауру 2007 ж. - 496, 9: 2011 ж. - 516, 4;
- қант диабеті 2007 ж. - 129, 2; 2011 ж. - 162, 1


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz