Ата - аналар жиналысы
Презентация қосу
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Ата-аналар жиналысы
Мамандық таңдау - маңызды іс
9 “Б” сыныбының жетекшісі: Үсенова С.О.
Адам - мемлекеттің басты капиталы. Елбасы
дәстүрлі халыққа Жолдауында адам капиталының
маңызын ерекше атап өтеді. Халықтың жұмыспен
қамтылуы, әлеуметтік тұрғыда толыққанды
қамтылуы - мемлекет үшін маңызды мәселе.
Елбасы «Қазақстан-2030» стратегиясында
«мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім
шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың
жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму
сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол
ашу» деп анық көрсеткен. Расында, мемлекеттің
басты міндеті - әрбір адамға бағыт-бағдар
көрсетіп, адам ресурстарын дамыту. Осы ретте ел
азаматтарының әрбіріне мамандық таңдауда да
бағыт көрсету маңызды-ақ.
Жалпы, бүкіл әлемде кәсіби бағдар беру мәселесі
әлі толыққанды шешімін таппаған проблема.
Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап біздің
мемлекетімізде бұл мәселеге мән беріліп,
түбегейлі зерттеліп, зерделенген жоқ. Әлі күнге
дейін республика бойынша «Қандай мамандыққа
қанша адам қажет, оның айлық шегі қандай?
Жалпы, жоғары оқу орындарының алдында
қандай мамандықтар бойынша оқытқан дұрыс?»
деген мәселелерді талқылап, арнайы
сараптамадан өткізіп, бақылап, бағыттап
отырған, өкінішке қарай, арнайы мекеме де жоқ.
Өкінішке қарай, басқа мүмкіндік болмағандықтан,
қазіргі жастар ата-ананың кеңесі, үлкендердің ақылы мен
тәжірибесіне ғана сүйену арқылы мамандық таңдауға
мәжбүр. Соңғы кездегі Білім және ғылым министрлігінің
мәліметіне қарағанда, жоғары оқу орнын бітірген
түлектердің 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс
істемейді екен. Сонда қалған 50 пайызы ғана диплом
бойынша қызмет атқарады. Ал бұл дегеніңіз ата-ана мен
мемлекеттің грантқа бөліп жатқан қаражатының
50 пайызы желге ұшады дегенді меңземейді ме? Яғни ата-
ананың баланы оқытуға жұмсаған ақшасын былай
қойған кезде, Үкіметтен грантқа бөлінетін 23 миллиард
теңгенің 50 пайызы тиімсіз жұмсалады деген сөз емес пе?
Олай болса, 50 пайыз студентті жоғары оқу орындары
текке оқытқан болып шықпай ма?
Бүгінгі күні жоғары сыныптарда білім
сапасының құлдырауының себебі - оқушылардың
қызығушылығының (мотивация) төмендеп кетуі.
Неге оқушы өздігінен білім алуға құлшыныс
танытпайды? Өйткені ол білімнің қандай пайда
беретіндігі мен не үшін оқу керектігін білмейді не
түсінбейді? Ал өз мамандығын жүрекпен таңдап,
қайда оқуға түсетінін, болашақта кім
болатындығын анық білген бала келешегіне нық
сеніммен қарап, ішкі мотивациясы жоғарылайды.
Сондықтан алдын ала бала өзінің кім, қандай
мамандықтың иесі болатындығын білуі аса қажет.
Елімізде заңгерлер мен экономист мамандығы
бойынша жоғары оқу орнын бітірген адамдар көп,
алайда білікті маман тапшы. Бұған ешкімге кінә
артуға болмас. Жастар өзінің мамандығы
бойынша білім алмаған соң, құлшынысы жоқ. Ал
бұл республика бойынша жұмыссыздар санынның
көбеюіне әсер етпей ме? Бұл өз кезегінде
экономикаға да зардап тигізері хақ. Жұмыссыздық
көбейген сайын елде қылмыстың да саны арта
түсуіне ықпал етуі мүмкін. Киерге киімі, ішерге
тамағы болмаса, қолында дипломы болып,
мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған
адамды тұрмыстың тауқыметі қылмысқа
итермелемейді ме?
Статистика бойынша, қылмыс
жасайтындардың кемінде 50 пайызы бұл
өмірде өз орнын таба алмаған жандар екен.
Мамандыққа дұрыс бейімдеп, бағыт көрсету
бірқатар мәселенің шешімін таптыртады.
Өзінің мамандығын сүймейтін адам не
жұмыс істемейді, не басқа құрылымда көңіл
сіз еңбек етеді, не ол адамның қоғамға деген
тиімділігі аз болады. Яки адам рухани
құлдырауға тап болады.
Психологтардың мәлімдеуінше, өзіне-өзі
көңілі толмаған адам түрлі созылмалы,
ауыр дертке шалдығады екен. Бұл бір
жағынан, ел ішінде науқастардың санын
азайтады деген сөз. Осыдан отыз жыл
бұрын АҚШ-та ірі кәсіпорындарда
мамандарды жаппай жұмыстан шығарған
кезде, олардың орнын басар жас мамандар
табылмай қалған. Дәл осы сәттен бастап,
АҚШ бұл мәселеге жіті мән бере бастаған.
Жоғары оқу орындары өздерінің
мекемелерін насихаттап, брошюралар
таратумен ғана шектеледі. Ал оқушылар
ЖОО дайындайтын мамандықтар
бойынша ақпараттан бейхабар. Осыдан
келіп туындайтын түйін, кәсіби бағдар беру
бағытында балалармен толыққанды
жұмыс істеу қажеттігі. Психологиялық
тестілеулер арқылы, бейімін байқап, бағыт
көрсету керек. Жоғары оқу орны туралы
ақпаратқа қарағанда, балаға мамандық
таңдау аса маңызды.
Тұңғыш рет әрбір оқушыға арналған
«Мамандық таңдау әліппесі» шықты.
Қазақстандағы барлық мектеп
түлектеріне брошюра ретінде тегін
таратылады.
Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы
қаперге алған жөн: қалаймын, қолымнан келеді
және қажет. Оқушылар кейде арман қуып, белгілі
бір мамандық түрін қалайды. Алайда оның
физикалық немесе психологиялық ахуалы оған
сай келмеуі мүмкін. Көп ретте қолыңнан келетін
іске иек артқан жөн. Ал көп жағдайда еңбек
нарығын терең сүзгіден өткізіп, бүгінгі заманға
керек деген мамандық түрін таңдау қажет. Егер
адам еңбек нарығында қажет маман болғысы
келсе, нарықты бастан-аяқ зерттеу керек.
Өкінішке қарай, қазір оқушылар мұндай істе
қауқарсыз. Ең алдымен оқушының қолынан
келетін істі анықтау керек. Ол үшін оның тұлға
ретінде психологиялық ерекшелігін, әлеуетін біліп
алған жөн.
Ата-аналар міндеті-
баланы өмірдің мол жолымен,оның
құлпырған гүлі мен құйындатқан
дауылының арасынан ақылдылықпен
тура алып шығу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz