Түсіндірмелі салалас




Презентация қосу
Білімділік: Түсіндірмелі салаластың жасалу
жолдары мен өзіндік ерекшеліктерін
жете түсіндіру.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы
білім,білік дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Азиада олимпиадасымен байланыстыру арқылы
ұлттық мақтаныш сезімдерін оята отырып,
салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі:Практикалық жұмыс.
Сабақтың әдісі:Талдау,тұжырымдау,салыстыру,
шығармашылық жұмыс
Сабақтың технологиясы:СТО.
. Сабақтың жоспары:

І.Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру.”Алау қабылдау.”
ІІ.Мағынаны тану.
“Сөйлем түріне ажырату.”
“Зерттеу” жұмысы
“Салыстыру” жұмысы
“Толықтыру” жұмысы
ІІІ.Ой толғаныс.
Бейнекөрініс. “Азиада жарнамасы”
Эссе. “Алаш рухын аспандатқан Азияда .”
“Алау тапсыру” сәті
Ажырату

1.Бұл спорттық жарыс “Азиада” деп аталады және әрбір
4 жыл сайын өткізіліп отырылады.
/Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем./
2.Азияда ойындары 1951 жылдан бері өткізіліп келе жатқанымен,
біздің ел 1996 жылы алғаш рет қатысты.
/Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем./
3.Қысқы ҮІІ Азиядада жеңіске жететінімізге сенімді болдық,
себебі дайындығымыз өте жоғары болды.
/Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем./
4.Азиядаға дайындық кезінде бірде сыннан қалай өтер екенбіз
деген күдік мазаласа,бірде жүктелген сенімнің үрдісінен шығуға
деген ұмтылыс жігерлендірді.
/ Кезектес салалас құрмалас сөйлем./
5.Тау барысын бойтұмар етіп алудың 2 мәнісі болды:
біріншісі-қазаққа тән батылдық пен төзімділік қасиеттің болуы,
екіншісі-тәуелсіз Қазақстанның бет-бедері ретінде танылып келуі.
/Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем./
Зерттеу

1.Азиада ҮІІ қысқы олимпиадасының өзгешелігі мынада-
Азиада алауы Қазақстанның барлық облыстарын аралап келді
және бір мезгілде екі қалада қатар өткізілді.

2.Азиаданың нәтижесі біз күткеннен де жоғары болды:
32-алтын, -күміс, -қола медаль иелендік.

3.Біздің медальдардың ерекшелігі сол-әдеттегідей дөңгелек емес,
кристалл тәріздес дөңес.

4.Оның бедерленген таңбаларында да өзіндік сыр бар:
ойындар төлтаңбасы мен ұлттық ою-өрнектермен айшықталған.
Салыстыру.

Қарсылықты салалас Себеп-салдар салалас

Түсіндірмелі салалас
1.Алдыңғыдағы ойды,соңғысы
толықтырады,айқындайды,түсіндіреді.
Ыңғайлас салалас 2.Құрамындағы сөйлемдер Кезектес салалас
жалғаулықсыз байланысады.
3.Салаластың баяндауышы сілтеу
есімдігінен,үстеуден болады.
4.Тыныс белгісі- сызықша немесе қос нүкте.
5.”Іліктес” не “анықтамалы” деп те атайды.
“Салыстыру”
жұмысын
орындау.
Аяқталмаған сөйлемдер

1.Азиада ойындарынан біздің ұтқанымыз көп болды:..

2.Алғашқы алтынды олжалағанда қуанғаным сонша-

3.Азиада ойыны маған көп ой қалдырды:

4.Сайысты тамашалай отырып менің түйгенім мынау-
Ой толғаныс.

“Алаш рухын асқақтатқан Азияда ”
тақырыбында эссе жазу.
Сабақтың тиімділігі:

1.Жаңа сабақты түсіндіруде оқушылар негізгі роль атқарды.
2.Барлық оқушыларды сабаққа қамтуға мүмкіндік алдым.
3.Өмірмен байланыстыру арқылы, таным белсенділіктері артты.
5.Спортқа деген қызығушылықтары оянды.
6.Эссе жазу арқылы, пікірлерін ортаға салып,
өз көзқарастарын білдірді.
7.Белсенді тақтаны пайдалану арқылы уақыт үнемделді.т.б.

Ұқсас жұмыстар
Қарсылықты салалас Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Салалас құрмалас сөйлем жайлы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Құрмалас сөйлем және оның түрлері. ҰБТ - ға дайындық
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері
Ұлы жүздің төбе биі Орта жүздің төбе биі Кіші жүздің төбе биі
Пәндер