Оларда табын - табын мал



Жұмашев Әділ Қажыбайұлы
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қарағайлы кентінің № 16
орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
еңбек өтілімі 7 жыл
санаты:1-ші

«Интеллектуалдық олимпиада»
Мақсаты: Оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру,
өз білімдерін нақты практикада қолдана білуге үйрету
Қатысушылар: 9 «А»- 9 «Б» сыныптар (әр сыныптан 3 оқушыдан, барлығы 6 оқушы)

Барысы:
Ұйымдастыру
Ι тур «Қанат қақты» (әр оқушыға 4 сұрақтан, 12 сұрақ әр топқа қойылады)
ΙΙ тур «Самғау»(берілген торкөздерден тапсырмалар таңдайды)
ΙΙΙ тур «Шарықтау» (берілген тірек сөздер арқылы торкөзден тапсырмалар таңдайды)
ΙΥ тур «Шырқау» (ұпайды жасырын тігеді, жауабын жасырын қояды)

Ι тур «Қанат қақты»
1 оқушы
1) «Қарасиыр» деген жерде болған қанды шайқас тарихта «Аңырақай» деген атпен қалды?
жоқ
2) паровозды ойлап тапқан ағылшындық Стефенсон?
иә
3) Абылай ханнан қалған ұрпақ 40 қыз, 30 ұл?
иә
4) орфоэпия -«дұрыс жазамын» деген мағына ма?
жоқ

2 оқушы
1) «Тұманды Альбион елі» деп Францияны атайды ма?
жоқ
2) Тараз қаласының бұрынғы атауы Жамбыл ма?
иә
3) Қазақтың соңғы ханы Жәңгірхан ба?
жоқ
4) ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет -Түркия
иә

3 оқушы
1) Астана Есіл өзені жағасында салынған ба?
иә
2) Түркияның астанасы - Стамбұл
жоқ
3) Майкрасофт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс саналады ма?
иә
4) Футболдан биылғы жылғы ел біріншілігінің алтын жүлде иегері «Шахтер»
иә

4 оқушы
1) Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин ба?
жоқ
2) Ұлттық валютамыз теңге 1993 жылы қабылданды ма?
Иә
3) Абылай ханның есімі Әбілмәмбет пе?
жоқ
4) Америка Құрама Штаттардың бірінші президенті Джордж Вашингтон ба?
Иә

5 оқушы
1) Қазақстан Республикасының халық саны 16 миллион ба?
Иә
2) Әлемнің бірінші ұстазы Геродот па?
Жоқ
3) Серік Сапиев әлемнің 3 дүркін бокстан чемпионы ма?
Жоқ
4) Болгарияның ұлттық валютасы лев па?
Иә

6 оқушы
1) Қарағанды облысында 9 аудан бар ма?
Иә
2) Некеге отырудың жасы 17 ме?
жоқ
3) Саяси құрбандарды еске алу күні 30 мамыр ма?
Иә
Ұлы Жібек жолы Қазақстан арқылы өттіме?
Иә

ΙΙ тур «Самғау»

Неліктен сақтар соғысқа аттанарда семсерді жерге шаншып, үстіне қан мен сүт тамызған? Бұның мәнісі неде?
( қанды қырғыннан аман-сау қалуды тілеу )

Қазақтар жайлауға көшкенде мал мен көшті жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізген. Тек бір түлік от ортасынан өтпеген. Ол қай түлік?
(жауабы: жылқы, оны таза деп есептеген)

Бақсылардың зікір салып, ауру адамды айналып шығуы мен қазақтың баланы жақсы көріп, еркелетіп айтатын «айналайын» деген сөзінің арасында қандай байланыс бар?
(Адамды айналып шығу, сол адамның бойындағы бар жамандықты, ауруды өз мойныма аламын деген сөз)

Қола дәуіріндегі адамдар есігінің босағасына қай үй жануарының сүйегін көмген?
( иттің сүйегін, себебі оны киелі деп санаған)

Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе?
(мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген)

Парсы саяхатшысы Гардизи: «Ертістен өтсең, қимақтар еліне тап боласың. Оларда табын-табын мал. Бірақ түйе жоқ. Егер саудагер түйесін сол елге бір жылға қалдырып кетсе, түйесі өліп қалады», - деп жазады. Неге түйе өліп қалады?
(шөптерінде тұз жоқ)

ΙΙΙ тур «Шарықтау»

ҚАЗАҚТАР ЖЫЛ САНАУ ЖҰТ
Қазақтар мүшелік жыл санаудың бір жылында жұт болатынын байқаған. Ол қай жыл?
(Қоян жылы)

ҚАЗАҚТАР ТӨРТ ТҮЛІК
Қазақтар төрт түлік малдың қайсысын тағаламады?
(Түйе. Себебі, майтабан тағалауға келмейді)

ҚАЗАҚТАР ЖАЗ ТОРСЫҚ
Жазда көшпелі қазақтар торсықта су мен сүтті ал ұзақ сақтау үшін торсыққа не салған?
(күміс теңге)

ДЮМА ОРЫНБОР ҮЙ
Александр Дюма XIX ғ ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңқалып күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы», - деп жазыпты. Дюманы таңқалдырған қандай үй?
(қазақтың киіз үйі)

ΙΥ тур «Шырқау»

1) Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болу мүмкін бе?
( мүмкін, өйткені қарт 29 ақпанда туылған)

Карлик 12-ші қабатта тұрады. Таңертең жұмысқа бару үшін лифтқа кіріп “1” бастырмасын басады да, астыға түседі. Келерде ол 7 қабатқа дейін лифтімен барып, қалған 5 қабатты баспалдақпен мінеді. Неліктен?
Оның бойы жетпейді.

Тарихта болған көтерілістерді рет-ретімен қойыңдар?
1) Сырым Датұлы 1837-1847ж. ж
2) Исатай мен Махамбет 1773-1775ж. ж
3) Саржан Қасымұлы 1783-1797ж. ж
4) Емельян Пугачев 1825-1836ж. ж
5) Кенесары Қасымұлы 1836-1838ж. ж

Дұрыс жауабы
1) Емельян Пугачев 1773-1775ж. ж
2) Сырым Датұлы 1783-1797ж. ж
3) Саржан Қасымұлы 1825-1836ж. ж
4) Исатай мен Махамбет 1836-1838ж. ж
5) Кенесары Қасымұлы 1837-1847ж. ж
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz