Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Презентация қосу
Сын тұрғысынан
ойлауға үйрету
• Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта
оқушылардың қызығушылығын арттыра
отырып, өз ойыңды еркін және зерттей
талпындырып, тұжырым жасау.
•
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай
отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің
ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп,
білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым
жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау.
• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені
жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа
алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни
тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы
шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
• Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты
айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
•
• Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.
Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір
таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені
шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын
бағдарлама.
• Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші
• Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін
мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға
рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-
әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз
жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Бағдарламаның ішкі құрылымы 3
деңгейден тұратын оқыту мен
үйрету моделінен тұрады:
• І.Қызығушылықты ояту
• ІІ. Мағынаны тану
• ІІІ. Ой-толғаныс.
І .Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі –
бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,
өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ
қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не
біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына
тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы
кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”,
“Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді
шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар)
жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің
екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
• ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші
жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс
істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен
жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай
жасалады.
• ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.
Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын
ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға
беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері
байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл
сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой
алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін
жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп
үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа
өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Сабақтарда қолданылған сыни тұрғыда ойлау
технологиясы элементтері:
Блум таксономиясы:
5 жолды өлең:
Көрнекілік немесе тірек – символ
Инсерт әдісі
Автор орындығы
4 жақты дебат
Семантикалық карта
Тапсырмалар мен сұрақтар Ұпай саны Оқушының ұпайы
Тіршілік ортасы дегеніміз не? 5
Тірі ағзалар жер бетінде қалай таралған? 3
Неліктен жер шарында өсімдіктер мен
жануарлар әркелкі таралған?
Өсімдіктер мен жануарлардың қандай 10
түрлері жергілікті өлкеде кездеседі?
Олардың тіршілігі туралы қызықты
әңгімелерді есіңе түсіріп ,айтып
беріңдер.
Оқулықпен жұмыс. 10
Сөзтізбек 10
(10-13 жауап
10 ұпай)
Венн диаграммасы 5
Жалпы ұпайы 45
Кері байланыс
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz