Абайдың 31-ші қара сөзі: мазмұны, философиялық идеялары және сабақ жоспары


Slide 1 Slide 2

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

С. Торайғыров

Slide 3 Slide 4

Сабақтың тақырыбы: Абайдың 31- қара сөзі

Slide 5

Абайдың отыз бірінші қара сөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық:), ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Slide 6

Қарасөз туралы теориялық түсінік беру

Қарасөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы - онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады

Slide 7

Абайдың қарасөздері.

Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері - философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.

Slide 8

Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді: « . . . Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.

Slide 9

1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған - Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.

Slide 10

Кубик тастау

Кім? Не? Қандай?

Қашан? Қалай? Неге?

Slide 11

Топтық жұмыс

І топ. Қара сөз туралы ойыңды топтастыр

ІІ топ. Абай қара сөздері туралы мағлұмат бер

ІІІ топ. 31-қара сөзде айтылған ой

ІV топ. Сурет бойынша әңгіме

Slide 12 Slide 13

Абай қара сөздері туралы

мағлұмат бер

Slide 14

31-қара сөзде айтылған ой.

Slide 15 Slide 16

Бес жолды өлең

1 Зат есім

2 Сын есім

3 Етістік

Синоним

Сөйлем

Slide 17

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

Сабақты қорыту

Slide 18 Slide 19

Бағалау

Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс

жасау деңгейіне тоқталады. «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.


Ұқсас жұмыстар
Абайдың отыз бірінші қара сөзі: білімді ұмытпау негіздері мен қара сөздердің тақырыптық жүйесі
Абайдың Отыз бірінші қара сөзі: естігенді ұмытпау себептері, ой кеселдері және тәрбиелік-әдеби маңызы
Абайдың 1890-1898 ж. қарасөздері: философиялық мазмұны, өмірге әсері және практикалық-оқыту маңызы
Абайдың Ескендір поэмасына арналған сабақ жоспары және мәтіндік талдауы
Абайдың педагогикалық идеялары: толық адам концепциясы және интеллектуалды ұлт қалыптастыру
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің философиялық және ағартушылық мәні
Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін жан-жақты талдауға арналған сабақ жоспары
Абай Құнанбайұлының философиялық және ағартушылық идеялары мен әдеби мұрасы
Ши тоқу өнері: сабақ жоспары және ұлттық көркемдік дәстүрлерді зерттеу
Фрэнсис Бэконның философиялық идеялары: эмпиризм, индукция және таным әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz