Ескендір поэмасын оқу


Slide 1

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып кейінгіге қадырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

Slide 2

«Ой шақыру» стратегиясы

Кім?

Slide 3

Үй тапсырмасы

Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинау.

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,

«Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерінен үзінді жаттау.

«Ескендір» поэмасын оқу.

Slide 4

Абай Құнанбаев - қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. . . Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ол - қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала - поэмалары.

Slide 5

«Миға шабуыл» стратегиясы (1 минут)

1. Поэма дегеніміз не?

2. Абайдың неше поэмасы бар?

Slide 6 Slide 7

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.

Дамытушылық : Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың даралық мүмкіндіктерін көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.

Тәрбиелік: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде білім алушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Slide 8 Slide 9

«Сөздер сөйлейді» стратегиясы (1 минут)

Сөздердің мағынасын ашып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

Хакім-

Данышпан -

Иман -

Ғибрат -

Аран -

Қолына -

Slide 10

«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топ кубикті пайдаланып, үш тапсырмадан алады.

Slide 11

1-қыры: «Ойланыңыз».

Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.

Slide 12

2-қыры: «Зерттеңіз».

Зерттеу сұрақтары:

1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер.

2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?

Slide 13

3-қыры: «Қолданыңыз».

«Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.

Slide 14

4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы

Ескендір бейнесін суреттеңіздер.

Slide 15

5-қыры: «Салыстырыңыз». Абайдың

«Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстырыңыздар.

Slide 16

6- қыры «Талдаңыз».

«Ескендір» поэмасына

талдау жасаңыздар.

Slide 17

І топ. 4-тапсырма.

1. Өсиет (ақыл сөз) - қандай сөздер еді?

2. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

3. Мифологиялық образдарды табыңыздар.

Slide 18 Slide 19

Мәтіннен үзінді

Үзінді жайлы пікір

Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес

мақал- мәтел

Долдықпен хан Ескендір ашуланды,

Ашуланып қақпаға жетіп барды.

Қанша алтынды күміспен салсадағы,

Бір кішкентай сүйекті аудармады

Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Толмас көзің толар деп қайғы жеме

«Екі жақты бақылау күнделігі» стратегиясы.

Slide 20

Кері байланыс парағын толтыру.

Сабақтан қандай әсер алыңыз?

Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

Қай тапсырма орындағанда қызықты болды?

Қай тапсырманы орындағанда біліміңізді толық жеткізе алдыңыз?

Slide 21

Қорытынды:

Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,

біз осы поэмамен танысып,

талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?

Slide 22 Slide 23

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан, білуге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық дей отырып, үй тапсырмасын ұсынамын:

Slide 24

Үйге тапсырма

1. Поэмадан үзінді жаттау (міндетті) .

2. Мазмұнын тезистеп жазу (міндетті) .

3. “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп, ойтолғау жазу (мүмкіндік деңгей) (Электрондық пошта арқылы жолдау) .


Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев Түркістан өлеңі
Абай поэмалары
Абайдың Ескендір поэмасы
ЕСКЕНДІР ПОЭМАСЫ - А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ “ЕСКЕНДІР” ПОЭМАСЫ
Абай "Ескендір" поэмасы
Қасым Аманжолов Ақын өлімі туралы аңыз
Абай поэмаларының тілі
Мағауия Құнанбаев 1870-190
Ескендір поэмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz