Абай Құнанбаев: білімге үндеу және адамгершілік мұрасы


Slide 1

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Slide 2

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.

Оқысаң, ашылады ой тұманы.

Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,

Абай сөзі - қазақтың бойтұмары

Slide 3

"Абайды оқы -

таңырқа!"

Slide 4

Пікірлер ағашы

Абай және мектеп

Slide 5

Абай - Ибраһим

Абай - сазгер

Абай - ақын

Абай - ойшыл

Абай - аудармашы

кері

Slide 6

Абай - дара, Абай - кемел, озат та,

Жол салады әр өлеңі ғажапқа!

Бар жазғаны даналық боп саналған,

Жалғыздардың жалғызы ол - қазақта.

Мыңмен жалғыз алысқан,

Арыстандай ер еді.

Әр ақынды кезеді

Абайдың өлең-өзені.

Ары таза, иманы мол данышпан,

Заман үнін сезе білген алыстан.

Өлеңімен оятып әр сананы,

Өмір бойы надандықпен алысқан.

Slide 7

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де-өзі, мал да -өзі

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне,

Махаббатпен ерсеңіз . . .

бас

Slide 8

Абайдың әр өлеңі бізді

жақсы болуға, жаман әдеттерден

жиренуге тәрбиелейді.

Slide 9

Ақынның айтпақ өсиеті

Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар - кейін өкінбейсіңдер

Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.

кері

Slide 10

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, -деп білдірген

кері

Slide 11

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер

“Абайдың қара сөздері” деп аталады.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,

Танытты ол адамзаттың асыл затын.

Қырық бес қара сөзді жазып кетті,

Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Slide 12

Абайдың жетінші қара сөзі

Slide 13

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар.

Әуелі - көкірегі байлаулы болмақ керек.

Екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғыну керек.

Үшінші - сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек.

Төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдеріне: уайымсыз, салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді.

Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.

кері

Slide 14

Шегіртке мен құмырсқа

кері

Slide 15

Рефлексия

Slide 16

Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы: білімге үндеу, мораль және лирика
Абай Құнанбаев: өмірі, білімі және шығармашылық мұрасы
Абай Құнанбаев: өмірбаяны, шығармашылығы және философиялық мұрасы
Абай Құнанбаев: өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбаев: өмірі, музыкалық мұрасы және Қара сөздердегі әлеуметтік-саяси ойлар
Абай Құнанбаев: өмірі, шығармашылығы және қоғамдық қызметі
Абай Құнанбаев: өмірі, әдебиеті және публицистикасы
Абай Құнанбаев: өмірі, шығармашылығы және ұлттық мәдениеттегі орны
Адам болам десеңіз: Абай мұрасы арқылы адамгершілік пен қоғамды қорытындылау
Абай Құнанбаев (1845-1904): өмірбаяны мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz