Анама хат өлеңі


Slide 1

-Әрбір адам?

- Туысым, досым, жұрағат

-Әрбір сабақ?

-Үйрену, ұғу, ұлағат

-Әрбір ісің?

- Тірлік, тірек, адамдық

-Әрбір сөзің?

- Шындық, бірлік, адалдық

П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ

Slide 2

Үй тапсырмасы

Әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі.

1 топ: Ақан Қорамсаұлының өмірі мен қызметі.

2 топ: Ақан Қорамсаұлының шығармалары

3 топ: Ақанның Құлагері .

Slide 3

Сабақтың тақырыбы:

А. Байтұрсынов

“Анама хат” өлеңі

Slide 4

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1938)

“Ахмет Байтұрсынұлы -

ұлттық тарихымызда

ешкіммен салыстыруға

болмайтын ерекше тұлға. ”

Slide 5

Ахмет Байтұрсынов

Ұлттың ұлы ұстазы

Ағартушы-ұстаз

Тілші-ғалым

Аудармашы

Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

Ахмет Байтұрсынов өз халқын сүйген патриот адам

Slide 6

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.

Slide 7

Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті.

Slide 8

Шығармашылық өмір жолы

А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы мол

Әліппе

"Сауат ашар"

"Оқу құрал"

"Әдебиеттанытқыш"

"Қырық мысал"

"Маса"- төл тума және аудармалар.

Slide 9

Республикада көптеген мектептер және көшелер Ахмет есімімен аталады

Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды

Қостанай педагогика университеті Ахмет Байтұрсынов есімімен аталады

Slide 10

Анама хат

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.

Сені онда, мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді Хақ тағалам!

Бара алмай, өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,

Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!

«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.

Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!

Көп айтпай, қысқасынан сездіретін -

Балаңның мінезі бар сөзге сараң:

Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп»,

Қайғы жеп, менің үшін болма алаң!

Отырмын абақтының бөлмесінде,

Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.

Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп,

Ажалдан басқа ешкім келмесіне.

Қоршаулы айналасы, биік қорған,

Берік қып салған темір терезесіне.

Қалайша мұны көріп көңіл сенбес

Аттанып жау келсе де бермесіне.

Каламда Лаухул-Махфуз ұмытқан ба,

Жазбапты бұл орынды көрмесіме.

Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман,

Ылаж жоқ жел айдаса ермесіне.

Тайпалған талай жорға, талай тұлпар

Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.

Солардан жаным, тәнім ардақты емес,

Орынсыз күйзелейін мен несіне!

Slide 11

Сөздікпен жұмыс

Лаухұлмахбұз - діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта.

Хақ тағалам- жаратушы алла

Жарам - уайым, қайғы

Харам - адал емес

Кермесіне - кедергі, қарсылық мағынасында

Slide 12

«Дыбыстар сөйлейді»

А-

Х-

М-

Е-

Т-

Б-

А-

Й-

Т-

Ұ-

Р-

С-

Ы-

Н-

Ұ-

Л-

Ы-

Slide 13

1. Өлеңдерін топтастыру

2. «Анама хат» мәнерлеп оқу және талдау

1. Мысалдарын топтастыру

2. 1-2 мысалын мәнерлеп оқу және талдау.

1. «Қазақ» газеті

2. Рөлдік ойын Ақын бойындағы қандай қасиетті байқадың? (ақынның мұғалімдік қызметінен шағын көрініс қойылады)

Топтық жұмыс

І топ.

Ақындар

ІІ топ.

Мысалшылар

ІІІ топ.

Журналистер

Slide 14

Анама

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,


Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов "Қара бұлт"
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ел бүгіншіл, меніңкі ертеңгі үшін
Анама хат
С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Қарашев, Б.Күлеев шығармашылығы
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ САҒЫН ДЫМ
Эдгар Аллан По. XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы
Дидактикалық ойындарды презентациялау
Сыр сандық өлеңі
Сәкен Сейфуллин "Сыр сандық" өлеңі
Мұқағалидің өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz