Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Презентация қосу
Қызылорда қаласы
№173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп
Информатика пәні мұғалімі:
Байданова Ботагоз Уразалиевна
“Қашан бала ғылым-
білімді махаббатпен
көксерлік болса, сонда
ғана оның аты Адам
болады.”
Абай.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі
мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен
демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол
немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге
үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,
құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық
көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем
екен, үйренсем екен дегені.
Жетінші сөз
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы.
Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.
Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың
тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан
басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да,
білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі
міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін
ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін
сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге
дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана
өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан
болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы
айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы
қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі
ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты
болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін,
отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте
жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат
болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші
жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала
ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне
қызығушылығын сезінуі керек.
Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын,
шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен
сыйлауды қалайды.
Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның
жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір
нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз.
Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу
сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын
міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең
адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне
қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз.
Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп
жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою
нәтиже бермейді.
Ата-ана мен бала үйлесімділігі
Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен
рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба
мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын
сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын
сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын
бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың
жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –
пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет.
Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен
қарым-қатынасыңыз қандай болу керек?
Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы
– «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты
өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың
пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.
Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік
жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан
балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже
шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына
өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты
ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз.
Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі –
өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып
табылады. Оны түсіну қиын, алайда
балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға
тура келеді. Осылайша оған біршама
жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды
көрсетесіз.
Әзіл мен оптимистік сезімді
ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан
өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі
бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде
сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді.
Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті
жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне
бағытталуы керек.
Ата –аналардың міндеті
1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға;
2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын,
кешікпей келуін қадағалауға;
3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын,
адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар
жасауға;
4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық
қамтамасыз етуге;
5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге;
6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға;
7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға;
8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға;
9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –
аналар жиналысына қатысып отыруға.
12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп
отырған ата-аналарға кеңес:
Егер жасөспірім балаңыз туралы
мазасыздана бастасаңыз, онда сізге
өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен
қарайтын уақыттың жеткені.
Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге
аяқ басқанда оның бойында қандай
өзгерістер болатынына назар аударайық.
Сырт келбеті өзгереді.
Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру
аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке
көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам
үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды
болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала
береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін,
бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз. Жасөспірімдердің
өзін салыстыра бастайтын өз сұлулық эталоны болатынын
естен шығармаңыз. Кейде тіпті сырт келбеті оның келешек
өміріне де әсер етуі мүмкін. Сондықтан олар көпшіліктен
ерекшеленіп, көзге түсуді ойлайды.
Тәрбиеге қатысты кеңестер!
Баланың тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен
бастаған дұрыс емес.
Ең алдымен баладан не талап етесіз,соны жақсылап анықтап
алыңыз және балаға түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол
жайлы біліп алыңыз.
Балаңызға еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана
тәрбиелей біліңіз.
Балаңызға дайын шешімді шеше білуге көмектеспеңіз,
керісінше оған жетудің жолын көрсетіңіз, уақыты келгенде
балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және өтірік қадамдарын
ажыратыңыз.
Балаңыздың ең алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп
алмаңыз.
Уақытында ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды
бағалаңыз, содан соң пауза жасап, естілген сөздерді
қабылдауға мүмкіндік беріңіз.
Ең алдымен жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек.
Баланың жасаған қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім
көрсетіңіз, жанынан табылыңыз.
Тәрбие бірнеше кезеңдерден тұрады.
Тәрбие қатал болуы керек, сонымен қатар мейірімді де.
Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне
қатысты кеңестер
Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3
кезеңге бөлуге болады:
1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-
тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып,
баланың көп білуге құштарлығын арттыру.
2. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері
әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз
бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің
бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен
ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік,
ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық
сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш.
3. 9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-
анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе,
болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын
ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке
шығары сөзсіз.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала
тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа
ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік,
ар-ұят, қялшақтық,үлкенге қықзмет көрсету, жан ашу
қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән
қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы.
Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан
азады, қоғам азса адамдардың
тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс
тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының
кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін
мектепке тапсырып қоймай, ата-ана,
бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып
атсалысу қажет.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz