Ананың жүрегі


Slide 1

Борашова Әдемі Қадіржанқызы

Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай селосы

Боран Нысанбаев

орта мектептің

“Өзін-өзі тану” пәні мұғалімі

Slide 2

Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі Әні: Ш. Қалдаяқов

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған.

Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

Slide 3

Аялай біл, сен деп соққан

жүректі

Slide 4

Жаныңда жүрген жақын адамдарды

сыйлауға, құрметтеуге

үйрету

Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән -мағынасын

түсіндіру;

Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

Жақын адамдарды сыйлай, қадірлей

білуге үйрету

Slide 5

ОЙЛАНАЙЫҚ, ПІКІРЛЕСЕЙІК

«Аялау, қадірлеу » деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

«Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде?

Ата - ананың мейірімін қалай бағалайсыңдар?

Slide 6

ЖАҢА АҚПАРАТ

Жаныңда жүрген жақын адамдарға

жүрек жылуын жеткізе біл.

Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері,

құрбы - құрдастар, достар арасындағы сыйластық,

құрмет - адамдардың

бір- біріне мейірім - шапағаты.

Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне біл,

оларды аялай біл. Әрбір қарым - қатынасты

ізгі ниетке құрған жағдайда

ауызбіршілік сақталып жүректер

үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Slide 7

ОҚЫП ҮЙРЕНЕЙІК

«Ана махаббаты»

Р. Акдемір

Балалардың саяхаттан бас тартуының себебі неде?

Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай

сезімде болды деп ойлайсыңдар?

Егер сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің?

Slide 8

ДӘЙЕКСӨЗ

Табиғаттағы барлық жылу-күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан.

Slide 9

«Аялай біл, сен деп соққан жүректі»

тақырыбына өлең шығару,

эссе, шығарма жазу

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

Slide 10

Қос бәйтерегім

Отбасылық фото - суреттер

СЕРГІТУ СӘТІ

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

ЖАҒДАЯТТАРДЫ ТАЛДАУ

Саят өз ата - анасын басқа балалардың ата-аналарымен

көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата -анасы

басқалардікіндей емес сияқты болып,

оларға ренішпен қарайтын болды.

Саяттың іс-әрекеті дұрыс па?

Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

2. Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды,

ал сендер болсаңдар, қала сыртына саяхатқа

билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?

Саяхаттан бас тартасыңдар ма?

Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар?

Slide 16

ТАПСЫРМА

Ананың

Аялы алақаны

Күлкісі

Мейірімі

Ыстық жүрегі

Мейірімді көздері

Жан жылуы

Махаббаты

1. Мен үшін ананың …. қымбат

Slide 17

2. Мен үшін әке …. .

Әке

Асқар тау

Отбасын асыраушы

Ақылшы

Қамқоршы

Мақтаныш

Қорған

Отбасының тірегі

Slide 18

Бала

Болашағы-мыз

Бауыр етіміз

Асыраушы-мыз

Өмірінің жалғасымыз

Көмекшіміз

Ақылшы-мыз

Үмітіміз

3. Отбасындағы бала . . . . .

Slide 19

Ана - әлемнің байлығы. Әке - қамқоршы, қорған

Бала - болашағымыз

Slide 20

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ

Қ. Нұртастың “Әкелер” әні

Slide 21

Отқа түстің, суға түстің мен үшін

Енді міне бағың берді жемісің

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,

Мұның бәрі әке сенің жемісің

Анашымды отырғызып жаныңа,

Той берейін салып алақаныма

Ей адамдар шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелерің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына

Алатаудай қадірін білесің бе?

Арманыңмен ұлдарың жүр өсуде

Алтын шапан кигізсем де - аз саған

Айтшы әке не істей алам сен үшін?

Ана жұмақ, әке жұмақ қақпасы Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын Бір күндері жұмақ іздеп барғанда Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын

Slide 22

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ !

Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз


Ұқсас жұмыстар
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ата - аналар жиналысының тақырыбы
Әке - ер, ана - жігер, бір үйде екі кемеңгер
Оқушының ойлау
Бала жүрегі
Шешенге қойылатын талаптар
Халықтың асыл қасиеті, 4 сынып
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Аллаға шүкір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz