Менің атым Қожа повесінен үзінді


Slide 1

Бердібек Соқпақбаев “Менің атым Қожа” повесінен үзінді

Slide 2

Мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнымен таныстыру.

Slide 3

Міндеті:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын

арттыру. Өзіне-өзі есеп бере білуге, өз еңбегін сыни тұрғыдан қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқушылардың қызығушылығын,

белсенділігін арттыру,

ой-өрісін дамытуға ықпал ету.

Slide 4

Ой шақыру

Slide 5

Қазақ киносының құлагері

Slide 6

Мағынаны тану

Slide 7

Бердібек Соқпақбаев - шынайы адам, шыншыл жазушы. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын, жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып оқырманын баурайды.

Slide 8

Нарынқол туып өскен ауданым-ай, Көркем жер болмас сенің аумағыңдай. Кетерде сенен ұзап көзім қимай, Қызыл тіл өлеңдетіп зауладым ай

Бердібек Соқпақбаев

Slide 9

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды.

Slide 10

1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарады. "Он алты жасар чемпион", "Бақыт жолы", "Алыстағы ауылда", "Балалық шаққа саяхат", "Дала жүлдызы", "Аяжан", "Гауһар" повестерін жазды. «Бозтөбеде бір қыз бар» атты пьеса, «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман және тағы басқа да жиырмаға жуық кітаптары күні бүгінге дейін сұраныста.

Slide 11

"Менің атым Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы "Қазакфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Slide 12

Баларға қалдырған мұрасы

.

Slide 13

Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады.

Slide 14

Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть»

Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа - есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой. . .

Бердібек Соқпақбаев

Slide 15

Бірінші тарау “Менің атым. . . ”

1 Жоғары идеялы есімдер

2 Қолайсыз есімдер

3 Қытайда ат қою жайы

4 Шын есімім

5 Екі Қожа

6 Қадыров

7 Қайран әкем!

Slide 16

Автор орындығы

1 Есімім жайлы пікірім

2 -ов, -ева мәселесі

3 Әкем туралы ойым

Slide 17

Екінші тарау “Ағаттық аяқ астында”

Диалог бойынша кейіпкер бейнесін сахналау

А Қожа мен Жантас

Ә Қожа мен мұғалімі

Slide 18

Өтіріктің арты - бір тұтам

Slide 19

Қожа мен оның ар-ұятының айтысы

Slide 20

Т-кестесін толтыру

Қожаның Қожаның

жағымды жағымсыз

мінездері мінездері.

Slide 21

Бес жолды өлең құру

1 Қожа

2 Сын есім, сын есім

3 Етістік, етістік, етістік

4 Төрт сөзден тұратын сөйлем

5 Мағыналас сөз жазу

Slide 22

Бес жолды өлең құру

1 Сәбира Майқанова

2 Сын есім, сын есім

3 Етістік, етістік, етістік

4 Төрт сөзден тұратын сөйлем

5 Мағыналас сөз жазу

Slide 23

Бес жолды өлең құру

1 Жантас

2 Сын есім, сын есім

3 Етістік, етістік, етістік

4 Төрт сөзден тұратын сөйлем

5 Мағыналас сөз жазу

Slide 24

Топтастыру

Slide 25

Үйге тапсырма:

Қожаның қанатты сөздерін жалғастыру

17-тарауды оқу

“Қожаға хат” жазу

Slide 26

Қожаның қанатты сөздері

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.

«Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық.

Оқулығы сай бала - көңілі жай бала

Slide 27

Нені білдім?

Нені білгім келеді?


Ұқсас жұмыстар
Менің атым Қожа мәтін
Қазақ тілі сабағы
Менің атым - Қожа. Қожа қиялшыл, сезімтал бала
ҚОЖА ҰҚСАСТЫҚТАР ЖАНТАС
Менің атым Қожа шығармасы
Адамның сыртқы келбеті және мінезі
Түбінде адам болатын бала
Қожаның қаулысы
Ардақта ата - анаңды
Менің атым Қожа. Презентация. 6-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz