Бітеу буын қазақ сөздерінде


Slide 1

Буын және буын түрлері

Орындаған: Құралбаева Г.

Топ: 205-01

Slide 2

Буын - сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы: қа-ла-мыз-дa, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің.

Slide 3

Буынға тән негізгі белгілер:

Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болады.

2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес.

Қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі.

Қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), кереует (кровать), үстел (стол), тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, стратегия т. б.

Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.

Slide 4

Буынның түрлері

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға бөледі. Олар:

Жалаң буын, немесе, Ды буын;

Ашық буын, немесе (Дз/Ср+Ды) ;

Жеңіл тұйық буын, немесе (Ды+Дз/Ср) ;

Жеңіл бітеу буын, немесе (ДЗ/Ср+Ды+Дз/Ср) ;

Ауыр тұйық буын, немесе (Ды+Ср+Дз) ;

Ауыр бітеу буын, немесе (Дз/Ср+Ды +Ср+Дз) бөледі.

І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі буын түрлерін үшке бөледі.

Буын ішіндегі дауыстылар мен дауыссыздардың өзара алмасып келуіне қарай қазақ тілінің байырғы сөздерінде мынадай буындар болады.

Ашық буын;

Тұйық буын;

Бітеу буын.

Slide 5

Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

Slide 6

1) Ашық буын. Бір дауысты фонеманың өзінен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға келіп біткен буынды ашық буын дейміз. Мысалы: а -(нық), ә -(кел), ө -(рік), ы -(дыс), ү -(шеу), и -(мек) дегендердің бас буындары да, ат -қа, ат -ты үй -ді деген сөздердің екінші буындары да -ашық буындар. А -ға, а -на, і -ні, ә -ке деген сөздердің басқы буындары да, соңғылары да ашық буын. Сөйтіп: а) дауысты дыбыстың жалғыз өзі тұрып -ақ ашық буын бола алады; ә) қатарынан келген екі дыбыстың алдыңғысыдауыссыз, соңғысы дауысты болып та ашық буын бола алады.

2) Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға келіп біткен буынды тұйық буын дейміз. Мысалы: ат, ән, ор, өт, ұн, ай, үн деген сөздер де, ант, өрт, ұлт деген сөздер де -тұйық буындар. Бұл буындардың алғашқы дыбысы дауысты, одан соңғы бір не екі дыбысы дауыссыз болып тұр. Сөйтіп: а) екі дыбысты, ә) үш дыбысты тұйық буын болады. Тұйық буын өз алдына сөз болып және бірнеше буынды сөздің, көбінесе, басында кездесіп отырады. Мысалы: ой, ой -мақ, ал, ал -мақ, өрт, өрт -ке.

3) Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын дейміз. Мысалы: мал, сом, төс, құс, қыс, бұл, тіс, қант, қарт секілді сөздер бітеу буын болады. Өйткені бұл буындардың басқы дыбысы да, соңғы дыбысы да -дауыссыз. Бітеу буын қазақ сөздерінде: а) үш дыбысты да, ә) төрт дыбысты да болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады.

Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, ортсында да, соңында да кездесе береді. Мысалы: бір, тарт, бір -лік- тің, тарт -(па), (ақ) -тарт т. б.

Slide 7

БУЫН ЖӘНЕ БУЫН ТҮРЛЕРІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Сатылай кешенді оқыту технологиясы

Ойындарды қолдану арқылы меңгерту

Slide 8

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз-оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі.

1. Әке, ана, ата

Ән, ал, аз

Жаз, кел

2. Үлкен әке

Ойнақы ән

Ойнап кел

3. Әрдайым үлкен әкемді сыйлаймын.

Анам ойнақы әндерді жақсы көреді.

Інімді далаға ойнап келуге жібердім.

Slide 9

«Сатылай кешенді» технологиясы. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауға және сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Пәнаралық байланыс жасап, сабақты жаңа қырынан ашып, оқушыны жалықтырмай жаңа білім игерілуіне мүмкіндік туғызады.

Сөз

1. Айтылу, жасалу жолдарына :

жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер

2. Буын:а) ашық (а. б)

ә) тұйық (т. б. )

б) бітеу (б. б. )

3. а. б. (ә-же, а-та)

4. т. б. (ұл, ат)

5. б. б. ( күн, жер)

Slide 10

Әр оқушымен сатылай жұмыстар жүргізіледі.

1. Шартты

белгілерімен таныстыру.

Шартты белгілер:

O - жалпы дыбыс

- дауысты дыбыс

- дауыссыз дыбыс

Ø -жоқ деген белгі

2. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Берілгені: Халықтармен сөзінде қанша дыбыс, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?

Халықтармен = қанша дыбыс бар?= нешеуі ++ нешеуі

=?

Берілгені: Халықтармен =О=

Шешуі: Халықтарымен сөзінде он бір дыбыс бар.

+

=

?

Оның төртеуі, олар 2 а, ы, е дауысты дыбыстар. Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

Жетеуі, олар х, л, қ, т, р, м, н дауыссыз дыбыстар. Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

Шешуі:

Халықтармен = 11 ° = 4 (2а, ы, е) + 7 (х, л, қ, т, р, м, н)

Slide 11

Буынның түрлерімен таныстыру.

Буынның түрлері:

Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын

а-та аң тас

ә-ке ай көл

бо-та ұлт дәп-тер ә-же өрт қарт

-

Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяталады.

Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз үнді немесе қатаң дыбыспен аяталады.

Бітеу буын дегеніміз- дауыссыздан басталып, дауыссызбен аяқталады.

Формуласы:

А: дауысты = дауыссыз + дауысты

Т: дауысты + дауыссыз

Б: дауыссыз + дауысты+ дауыссыз

Slide 12

Ал, сатылай кешенді талдауды былай өздеріне қарай сөз жұмбақ қып шешіп алдыруға болады.

С-саналы, К -келешегіміз

А-азамат, Е - ертеніміз

Т-тәртіпті, Ш -шыныққан

Ы-ырысты, Е -елдің

Л-лайықты, Н -намысты

А-арманшыл, Д -достықты

Й-инабатты «й». І-ізденгіш ұрпақпыз деп өздеріне баға бере алатын азамат, тұлға тәрбиелеуге, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға болады.

Slide 13

Қазақ тілі сабағында тапқырлық ойындарды қолдану арқылы фонетиканы меңгерту.

Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:

1. Оқу жоспарына сай оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;

2. Дидактикалық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;

3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;


Ұқсас жұмыстар
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Тұйық етістік тапсырмасы
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІ
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар
Тіл туралы нақыл сөздер
Сөз бен қосымша, сөз бен
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту
Фонетиканы қайталау
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Фонетика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz