Ойын Жоғалған нәрселер




Презентация қосу
Дидактикалық тапсырма
1 ойын
Тақырыбы: Не жетпейді?
Мақсаты:
Білімділігі: Суреттердегі нәрселерге не жетпей тұрғандығын анықтап,
толықтырып салу; әр нәрсе туралы не білетіндігін айтқызу
Дамытушылығы: байқау, ойлау қабілеттерін, пайымдау, өз ойларын
білдіру дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілігі: тапқырлыққа, қоршаған нәрселерге қайырымдылықпен,
ұқыптылыққпен қарай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Әр түрлі суреттер
Ойын шарты:
Суреттерді толықтырып салдыру, әр нәрсе туралы өз білгендерін айтып,
машинаға дөңгелек, мысыққа құйрық т.б неге керектігін пайымдайды.
Сұрақтар
Мына заттарда не жоқ?
Қуыршақта неше көз болады? Сен де ше?
Үстелге аяқ неге керек? Саған ше?
Ойын “Жоғалған нәрселер”

Мына заттарда не жоқ?
Үстелге аяқ неге керек?
2 ойын
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:
Білімділігі: Әр түрлі мамандық түрлерімен таныстыру ;
Дамытушылығы: сол мамандық иелері туралы әңгімелету
арқылы тіл дамыту;
Тәрбиелілігі: еңбекті құрметтеуге, өз еліне еңбегі арқылы пайда
әкелу қажеттілігін ұғына білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: әр түрлі мамандықтар туралы суреттер
Ойын шарты:
Тақтаға суреттерді ілу, бала өзі қалаған мамандықты таңдайды да,
сол туралы білгенін әңгімелейді немесе суреттерді үлестіру арқылы
сол мамандыққа қатысты қандай адамдарға тигізер пайдасы, жақсылығы,
неге ұнайтындығы туралы, өз әке-шешелерінің мамандығы жөнінде
әңгіме құрайды.
Тапсырма
Мамандық иелері туралы білгенін айтқызу, қай мамандыққа қай машина
сәйкес келетіндігін табу
3 ойын
Тақырыбы: Жануарлар әлемі
Мақсаты:
Білімділігі: Жануарлар туралы білгендерін айта отырып
дыбыс пен әріп туралы білімдерін жетілдіру
Дамытушылығы:суреттер арқылы дыбыс пен әріптерді
үйрену, ажырата білу, сөз, сөйлем құрай

білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілігі: жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: әр түрлі жануарлардың суреттері
Ойын шарты:
Суреттегі жануарларды атап, олар туралы білгендерін айтқызу;
қайда мекендейді, қандай дыбыс шығарады т.б
Қандай дыбыстар барлығын айтқызып,
әрпін салғызу; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыраттыру т.б
4 ойын
Тақырыбы: Қапшыққа сал
Мақсаты:
Білімділігі: Суреттердегі заттардың тиістісін қапқа салу, әр нәрсе
туралы не білетіндігін айтқызу , заттарды жеке таныта келе,
заттардың жалпы атауын үйрету
Дамытушылығы:ой-өрісін кеңейту, зейінділігін арттыру,
сөйлем құрастыра білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілігі: дене шынықтыра білуге, денсаулықтарына
жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Әр түрлі спорттық бұйымдар суреттері
Ойын шарты:
Спорттық құралдарды қапқа салу, қапқа салынбаған , салынған
бұйымдардың жеке және жалпы атауларын атату
•қажеттілігіне тоқталу
•сөйлем құрату
•білетін суреттегі заттар туралы жұмбақтарын, тақпақтарын айтқызу
Қапшыққа спорт құралдарын салу
5 ойын
Тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: Қ дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді дыбыс пен
әріп санын анықтату, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Қ дыбысына байланысты сөздерді білдіру арқылы
оқушылардын ой-өрісін дамытып, зейінін жетілдіру, сөздік қорларын молайтып ,
тіл байлықтарын дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақ- тылыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балаларға үлестірме суреттер беру, берілген суреттерді топтастырту, жалпы
атауларын айтқызу, жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекіту
Фонетикалық жаттығулар
Қа-қа-қа ұшты қарға
Ақ-ақ өткір пышақ
Ай-ай жедім құлпынай
Ыз-ыз тәтті қарбыз
қ асық пышақ
қ ұлпынай

қ арбыз

о қ тау қ ұмыра
Қамбар батыр( халық эпосы)
Он құмалақ

Ұқсас жұмыстар
Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы
Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар
Әріптерге байланысты сөз айту ойыны
Сөзден сөз тер
Мұғалім психологиясы
Әні мен сөзі
Сөзбен сергітіп сөйлеу
Сөйлемнің негізгі мүшесі
Microsoft Word арқылы жазу
Біріккен сөз Күрделі сөз
Пәндер