Диалогтық терезе


Slide 1

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҒЫ - ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Slide 2

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ, ЯҒНИ СИСТЕМА (ОС), КОМПЬЮТЕРДІҢ БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАУДЫ БАСҚАРУ ҮШІН ҚАЖЕТ. ОЛ КОМПЬЮТЕР МЕН АДАМ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ, БҰЛ ДЕГЕНІМІЗ:

компьютер қосылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

қолданушы мен компьютер арасында диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (оперативті жад, дискідегі орынды, т. б. ) бөледі.

Slide 3

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:

программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру, т. б.

Slide 4

WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС

Компьютерге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды ток көзіне қосу керек (принтер, сканер және т. б. ) ;

Жүйе блогын іске қосу керек;

Мониторды іске қосу керек.

Ағымда тұрған программалар жұмысын доғару керек;

Компьютерге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды өшіру керек (принтер, сканер және т. б. ) ;

Мониторды өшіру керек;

Жүйелі блокты өшіру керек

Компьютерді іске қосу

Компьютерді өшіру

Slide 5

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ

Slide 6

Объект - бұл түсінік. Әр объектінің өзіндік қасиеті бар. Объектілер бір-бірінен қасиеттері арқылы ажыратылады. Объектілер: бумалар, таңбашалар, файлдар, белгілер және де тышқан көрсеткіші болып табылады.

Мысалы, файл объектісінде келесі қасиеттер болады: аты, типі, өлшемі, құрылған датасы. Немесе қатты диск объектісінде: тип және сыйымдылық қасиеттері бар.

Slide 7

БУМА (ПАПКА)

ол объектілер қоймасы. Бумада файлдардан басқа белгілер, таңбашалар, тіпті басқа бумалар да бола алады. Бумалар ашық және жабық бола алады. Жабық бума белгі түрінде, ал ашық бума терезе түрінде көрсетіледі.

Объектілері бар жұмыс столы

Slide 8

ТЕРЕЗЕ

Терезе Windows жүйесінің негізгі объектісі болып табылады. Windows жүйесі тегін бұлай аталмаған. Windows - сөзінің аудармасы терезе. Терезе жақтаумен қоршалған экранның тіктөртбұрышты облысы.

Терезелердің 4 түрін атап көрсетуге болады:

1. Бума терезесі

2. Қосымша терезесі

3. Диалогтық терезе

4. Анықтама терезесі

Slide 9

Менің құжаттарым бума терезесі

Әр белгіге 2 рет басу арқылы осы белгіні ашуға болады немесе буманың үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басып одан кейін Открыть деген батырмасын басу арқылы. Мұндай терезе мысалы келесі суретте келтірілген.

Slide 10

Қызметші программалар

Файлдық менеджерлер: Windows-те файлдық менеджер болып тышқанмен жүргізілетін жұмыс технологиясын ұсынатын Сілтеуіш терезелік интерфейсі қызмет атқарады.

Архиваторлар: Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу програм-малары көмегімен архивтеледі (сығылады) .

Вирусқа қарсы құралдар вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.

Slide 11

Дербес компьютерлер арнаулы бағыттағы офистік программалар жиынтығымен жабдықталады:

текстік редактор -Microsoft Word;

кестелік процессор - Excel;

мәліметтер қоры - Access;

анимациялық программа - Power Point;

стандартты программалар - Paint, блокнот, калькулятор, т. с. с.

Slide 12

MS Word - текстік редактор

мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информа-цияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды өңдеу барысында орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Slide 13

MS Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асады:

Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск)  Программалар  Microsoft Office  MS Word шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы;

Windows жүйесінің Сілтеуіш (проводник) терезесін пайдалану арқылы;

Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы және т. б.

Slide 14

MS Word программасын іске қосу

Slide 15

Мәтіндік редакторымен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілмен жүргізіледі:

Файл  Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

Word терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

Тікелей Alt+F4 пернелерін басу немесе т. б. командалар арқылы орыныдауға болады.

Slide 16

MS Word редакторында мәтінді форматтау

Қаріптер (Шрифты) ұғымына:

қаріптің типі;

қаріптің мөлшері;

сызылымы (начертание) ;

түсі;

арнайы эффектілер жатады.

Slide 17

Қаріптің негізгі параметрлерін (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының меню «Форматтау» аспаптар тақтасы, пернелік командалар мен контекстік меню жүйелерінің көмегімен тағайындауға болады.

Slide 18

«Қаріп» («Шрифты») сұхбаттасу терезесін пайдалану

«Қаріп» сұхбат терезесін ашу үшін мына әрекеттердің бірі орындалуы қажет:

Формат Қаріп командасын таңдау;

Құжаттың жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасын басу. Және содан «Қаріп» командасын таңдау.

Slide 19

ОСЫ ӘРЕКЕТТЕР НӘТИЖЕСІНДЕ ШЫҚҚАН ТЕРЕЗЕДЕ ЕКІ ПАРАҚ БАР: «ҚАРІП» ЖӘНЕ «ИНТЕРВАЛ».

Slide 20

«ҚАРІП» ПАРАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ:

Қаріп - компьютерде оратылған қаріптер тізімі;

Қаріптердің сызылмалы (начертание) мына операциялардан тұрады:

Кәдімгі (Обычный) - негізгі мәтін символдары үшін пайдаланады;

Курсив - сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдаланады;

Жартылай қалыңдатылған (Полужирный) - сөздерді, тақырыптарды - айқындау үшін;

Жартылай қалыңдатылған курсив- алдыңғы екі түрлі қаріптер комбинацясын бірге пайдалану.

Мөлшер (размер) - әріптердің мүмкін мөлшер тізімі (8-72 пунктер аралығында)

Түс (цвет) - мәтінді бояйтын мүмкін түстер.

Slide 21

МӘТІНДЕРДІ ҚАРІПТЕР СҰХБАТ ТЕРЕЗЕСІ АРҚЫЛЫ ОНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТУ ҮШІН:

Қаріп форматы өзгертілетін мәтін фрагментін ерекшелеу керек;

ФорматҚаріп командаларын таңдау қажет;

Терезені ішкі «Қаріптер» парағы арқылы қаріп типін, мөлшерін және сызылымын таңдап алу керек.

Slide 22

MS WORD РЕДАКТОРЫНДА ГРАФИКПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

Құжат ішінде сыртта даярлаған графикті орналастыру үшін КірістіруСурет командасын орындап, ішінде сол сурет орналасқан файлдың атын көрсету керек.

Кәдімгі түзу сызықты сызу үшін Сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін таңдау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз.

Slide 23

Мәтінге Clip Gallerу программасының объектілерін енгізсек Сурет  Картинкалар (РисунокКартинки) командасын орындағаннан кейін, экранда әр түрлі графикалық және дыбыстық объектілерді қосуға мүмкіндік беретін Microsoft Clip Gallerу программасының терезесі ашылады. Бұл терезе Графика, Суреттер, Дыбыстар, Видео астарлы беттерінен тұрады.

Slide 24

Office программасында фигуралық мәтіндерді жазу үшін арнайы WordArt программасы қолданылады

WordArt программасының көмегімен мәтінге әр түрлі эффектілер беруге болады. Құжатқа бейнелі мәтін енгізу үшін:

Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру;

Меню қатарындағы Кірістіру  Сурет  WordArt объекті (Вставк  Объект WordArt объекті) командасын орындаймыз немесе Сурет салу саймандар тақтасындағы WordArt объектісін қосу батырмасында тышқанды шертеміз. Ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз да, «ОК» батырмасын шертеміз. WordArt мәтінін өзгерту терезесі ашылады. Осы терезеде қажетті мәтінді, оның форматын көрсете отырып, теріп жазамыз да, «ОК» батырмасын шертеміз.

Slide 25

WORDART ОБЪЕКТІСІНІҢ КОЛЛЕКЦИЯСЫ

Slide 26

MS EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕ

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондык кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

Тиімді ету мәселелерін шешу.

Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

Мәліметтерді статистикалық талдау.

Slide 27

MS Excel программасын іске қосу

Slide 28

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕ ТЕРЕЗЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КӨРІНІСІ

Slide 29

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

Slide 30
Ұқсас жұмыстар
ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI)
Paint графикалық редакторының командалары
Ашу командасының терезесі
Мәліметтер қоры объектілерімен жұмыс істеу интерфейсі біртұтас
Графиктерді анимациялау тәсілдері
Обектілерді қасиеттер терезесінде
Оқушы әрекеті
Диалогтық оқытудың мәні
Мұғалім әрекетінің кезектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz