Сабақ барысында мұғалім үлгерімі төмен оқушылармен жекелей жұмысты қалай жүзеге асыратынын зерттеу


Презентация қосу
Өз тәжірибесін жүйелі талдап,
жалпылап отыру ғана мұғалімнің
күнделікті педагогикалық қызметіне
шығармашылық сипат береді.
М.Скаткин
Өзара сабаққа қатынасу – тәжірибе алмасу –
мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі.
Мектепте мұғалімдердің өзара сабаққа
қатынасу мен тәжірибе алмасу мына
мақсаттардан тұрады:
1. Сабақ барысында мұғалім үлгерімі төмен оқушылармен
жекелей жұмысты қалай жүзеге асыратынын зерттеу.
Бағдарламасы:
-Үлгермеуші және үлгерімі төмен оқушылардың үлгермеу
себептері мен олардың педагогикалық – психологиялық
деңгейлері хабардар болуы;
- Мұғалім бұл оқушыларға берілген үй тапсырмасын қалай
тексерді және оның орындалуын қалай бақылайтындығын назар
салу;
- Үлгермеуші оқушылардың жаппай, топтық, жүргізілетін
жұмыстарға қатысын бақылау;
- Сабақ үстінде үлгермеуші оқушыға қандай көмек көрсетілді?
Қалай? Қандай әдіс басшылыққа алынды?
- Мұғалім жаңа материалды оқушыларға қабылдауға және
меңгертуге дайындауда қандай жұмыстар жүргізді?
2. Оқушылардың ойлау қабілетін және белсенділігін
арттырудағы мұғалімнің қызметін зерттеу.
Бағдарламасы:
- Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыра
отырып, белсенділігін арттыруда қандай технологиялар және
әдістер қолданды?
- Білімді меңгертудегі, тапсырмаларды орындаудағы оқушылар
белсенділігі қалай жүзеге асырылды?
- Оқушыларды талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, анықтау,
нақтылау жұмыстарын үйретудег мұғалім қызметінің тиімді
жақтарын анықтау;
- Сабақ барысында оқушылардың ойлау қызметін, өз ойын
жеткізе білу қабілеттерін анықтау;
3. Сабақ үстіндегі оқушылардың тәртібіне және жұмыс істеу
қабілетіне бақылау жасау.
Бағдарламасы:
- Оқушылардың мұғалімге және пәнге қарым – қатынасы;
- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің қалыптасуы;
- Тәртіп ережесінің және бірыңғай талаптың оқушылар
тарапынан орындалуы, тәртіптілік деңгейі;
- Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдық, өзара талап
қоюшылық;
- Еңбекқорлық, қиындықты жеңе білу деңгейлері;
- Оқушылардың өзара қарым – қатынас мәдениеті;
- Мұғалімге деген сыйластық нормаларының сақталуы;
4. Мұғалім қабілетілетін зерттеу.
Бағдарламасы:
- жобалаушылық қабілетін анықтау;
- құрастырушылық қабілетін анықтау;
- ұйымдастырушылық қабілетін зерттеу;
- тілектестік (коммуникативтік) қабілетін зерттеу;
- танымдық қабілетін анықтау;
- т.б;
5. Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін
қалыптастырудағы мұғалім қызметін зерттеу.
Бағдарламасы:
- сабақ мақсатына сай оқушылар қызметінің ұйымдастырылуы;
-оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыруда
қолданылатын әдіс – тәсілдердің тиімділігі;
- білім беру технологияларының қолданылуы:
- оқушылардың ой – өрісінің дамуына мұғалімнің ықпалы;
жас ерекшеліктерінің ескерілуі;
- оқушылардың білімін есекере отырып, дифференциалды
қарым – қатынас жасау;
- т.б;
6. Оқушылардың біліміне бақылау жасау және оны есепке
алуды жүзеге асырудағы мұғалім қызметіне зерттеу жүргізу.
Бағдарламасы:
- мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарында оқушылардың білімі
қалай тексерілгендігін қарау;
- сабақ барысын бақылау және сынып журналын тексеру арқылы
оқушылардың баға қорын, оқушыларға қойылатын бағаның
нақтылығын зерттеу;
- үлгерімі төмен және үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін
жұмыс формасына назар салу;
- оқу бағдарламасының меңгерілуін бақылау және оны
оқушылардың қабылдауын есепке алу формаларын анықтау;
- оқушылардың білімін тексеру барысында олардың білім
деңгейлеріне қарай фифференциялды ықпалдың жүзеге асуы;
- оқушылардың біліміне бақылау жасау технологиялары мен әдіс
– тәсілдері;
- т.б.;
7. Сабақта оқушылармен жүргізілетін практикалық,
сарамандық, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы
барысын зерттеу.
Бағдарламасы:
- сабақ барысында практикалық, сарамандық, өзіндік
жұмыстың орынды ұйымдастырылуы, нақтылығы, дұрыстығы
және қойылған мақсаттың айқындылығы;
- мұғалім өзіндік жұмыстың қандай бағыттарын жүргізуді
практикаға айналдырған?
- практикалық, сарамандық жұмысты жүргізудегі қолданылатын
әдіс – тәсілдердің тиімділігі, пайдасы;
- практикалық жұмыстың оқушылардың білім, білік, дағды
деңгейлерін қалыптастыруға ықпал ету дәрежесі;
- практикалық жұмыстың ұйымдастырылуында оқушылардың
білімділік деңгейлері есепке алына ма?
- практикалық жұмыстың орындалуы сапасы, кездескен
қиындықтар, кемшіліктер және оларды шешу қалай жүзеге
асырылатындығын анықтау;
- т.б.;
Қазіргі таңда мұғалім – ол технология ауысуына және
нарық талабына сай терең білімді, әрі жан – жақты мұғалім
болуға тиіс. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен
қаруланып қоймай , өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілігі туындайды. «Білім
бүкіл өмір бойына» қағидасы – мұғалімге үздікссіз, жан – жақты
білімін жетілдіруді талап етеді. Мұғалімнің үнемі біліктілігін
арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы -
жалпы мектептің білім беру сапасын арттырудың басты
шарты. Мұғалім қашан да әртүрлі нысанда білім беруді
демократияландыру жағдайында үздіксіз білім көтеру үстінде
жүреді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz