Артериялық қан кету


Slide 1

Зеленов ауданы

Достық жалпы орта білім беретін мектебі

Турсунбаева В. Т.

Slide 2

Мақсаты

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны сабақтарда пайдалану

Міндеті

Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу

Оқушыны қазіргі қоғам сұрамына сай компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу

Компьютерлік сауаттылық мәселесін шешу, техниканың пайдалану дағдысын қалыптастыру

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, іскерлігін дамыту

Slide 3

Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.

Олар:

- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

- Блок-схема, графиктер, диаграмма, т. б.

- Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары

- Ойын арқылы оқыту

- Сөзжұмбақ, ребустар

- Тестілеу.

Сонымен қатар « ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынының компьютерлік нұсқасын өз сабақтарымда пайдаланамын . Оқушылар бұл ойын арқылы өз білімдерін шыңдайды.

Сонымен биология сабағын АКТ көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:

Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру .

1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.

2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

3) Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қаыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады.

4) Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

5) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы:

1) Интерактивті тақтада өтілген сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады.

Slide 4

Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі -түсті, айқын, ұқыпты

кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр

түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес.

Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге

болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық

байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3) Оқу материалын беру беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді

Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.

Биология пәнінен сабақ өту барысында интерактивті оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын», «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге тәрбиелейді.

Менің міндетім-сабақта берілген материалдарды оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай туғызамын.

Жақсы білім алу үшін қажетті ұстанымдар:

Оқушы білім алуға дайын ;

Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын;

Қайталау -білімді бекіту үшін қажетті элемент

Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру тиімдірек.

Slide 5

Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылады. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерімді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады.

Мектептегі ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенімім мол.

Slide 6

“Танысу“

Сен бізді білесің бе?

АРТЕРИЯ

ВЕНА

КАПИЛЛЯР

Slide 7

“Биологиялық сөздік”

ДОНОР

Жүрек

Гемоглобин

Резус-фактор

Лейкоцит

Миокард

Slide 8

“Сандар сыры неде?”

120/80

75-80 рет

Slide 9

Сабақтың тақырыбы:

"Жүрек - қан тамырлары жүйесінің аурулары

және олардың алдын алу"

Slide 10

Тула, жүрек

Мұқағали Мақатаев

Slide 11

Жоқ! Дәрігер! Орнатпа басқа жүрек!

Басқа лүпіл жасама, басқа леп.

Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,

Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!

Тула, жүрек! Өкінем мен несіне!?

Туған жүрек, әрине, өлмесін бе?

. . . Жоқ! Дәрігер! Қозғама, дамылдасын,

Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!

М. Мақатаев

Slide 12

Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары

Гипертония-қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі

Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы

Атеросклероз - қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің бұылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы.

Жүрек ақаулығы -жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар

Slide 13

Жүрек - қан тамыр ауруларының себептері

Slide 14

Қан кету түрлері

Артериялық қан ету - алқызыл түсті қан, атқылап ағады.

Веноздық қан кету - қою қызыл түсті қан ағады.

Капиллярлық қан кету - жарақатта қан тамшылары бөлінеді

Slide 15

Тақырыбы: “Қан кеткенде алғаш көмек көрсету”

"Жедел жәрдем"

№10 - зертханалық жұмыс

Мақсаты:

1. Жгут салуды үйрету

2. Артериялық, веналық және капиллярлық қан кету кезіндегі қанды тоқтату әрекеттерін түсіндіру

Slide 16

Алғашқы көмек

Slide 17

Зертханалық жұмысты қорытындылау

Жгутты салу ретін сипаттап жазыңдар:

Алдымен қан кету түрін анықтап алу керек, себебі. . . . . . . . .

Жгутты зақымданған жерге салу тәртібі. . .

Жгутты шамамен . . . сағат ұстау керек, себебі. . .

Slide 18

Жарақаттану түрі: 1. Капиллярлық қан кету

2. Веналық қан кету 3. Артериялық қан кету

4. Ірі артериялар зақымданса

Алғашқы көмек

А. Қолды шынтақ буынын бүгіп, таңып тастау

В. Жарақаттың айналасын йодпен тазалап, қатты қысып таңу

С. Артериялық тамырдың лүпілі байқалған жерден қысып, сүйекке басып, таңу

Жарақат түрі

1

2

3

4

Алғашқы көмек

Slide 19

Шынықсаң, шымыр боларсың

ШАРТЫ:

Артериялық қан кету болса - сол қол көтеру.

Веналық қан кету болса - оң қол көтеру.

Капиллярлық қан кету болса - денені бұру.

Ал қызыл қан ағады

Қою қызыл түсті қан ағады

Қан шапшып ағады

Жарақаттанған жердің айналасы қанайды

Жгут салу қажет емес

Терінің беткі қабаты жарақаттанса

Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек

Slide 20

Жарақаттанған адамның

оң жақ иығынан

қатты қан кетіп жатыр,

қанның түсі алқызыл.

Қан кету түрін анықтап

оны тоқтату жолын көрсетіңдер.

Slide 21

Зақымдаушының басы жарылған.

Бассүйегі зақымданбаған.

Қан қатты ағып жатыр.

Зақымданушыға көмек көрсет.

Slide 22

Баланың тізесі жарақаттанған.


Ұқсас жұмыстар
Капиллярлық қан кету
Қан кетуді тоқтату
Қан кетудің негізгі қаупі - жедел қан кетуің дамуы
Қан кетудің диагностикасы
Қан кету
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
Қан тамырларының зақымдануы
Капиллярдан қан кету
Қан кетудің түрлері
Артериялық қан кету белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz