Наурыз мерекесіне арналған сыныптық іс-шара жоспары: пікірсайыс, поэзия және марапаттау

І. Ұйымдастыру кезеңі
МАҚСАТЫ:
1. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің мән-маңызы жайлы әңгіме жүргізу.
Спикерлермен таныстыру
Жеребе алып, екі оқушы “Жаңа жылды қашан тойлаған жөн?” деген тақырыпта сайысады.
Асанбаева Нұргүл: “Жаңа жылды
31 желтоқсанда тойлаған жөн”.
Жанғожина Альбина: “Жаңа жылды
22 наурызда тойлаған жөн. ”
Сарапшылармен таныстыру
1/ екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады
2/ сұрақ-жауап кезеңі
3/ парламентари
4/ спикерлердің қорытындысы
5/ сарапшылар сөзі
“Сыпайы сызып айтады,
Шешен қызып айтады,
Шорқақ үзіп айтады,
Шалағай бұзып айтады”, - дегендей, оқушыларымыз сайысты бастайды. Кімнің сызып, кімнің бұзып, кімнің қызып айтатынын байқалық. .
. . . Көк Наурыз, көктем Наурыз, есіл Наурыз,
Мейрам боп келдің екен, көсіл Наурыз!
Ақ үйді қуанышқа толтырып бір,
Ән айтқан бозбалаға қосылды-ау қыз . . .
. . . Әр үйге кіріп-шығып жүрсің, Наурыз,
Солмайтын жұрт қолында гүлсің, Наурыз!
Мен қалай мәзболайын, кең өлкеме,
Көктемді ертіп келіп жүрсің, Наурыз!
Сәкен Сейфуллин.
С. Сенғалиева 1 "б" сыныбы
Наурыз десе - көгімде жүзді күнім,
Наурыз десе - көркейтер түз де гүлін.
Наурыз деген - ырысым, ынтымағым,
Наурыз деген - дәстүрім, ізгілігім.
Армысың қайырымды, Күн - Ана!
Атар таңға, шығар күнге Тәу - тәу!
Басымызға амандық,
Елімізге береке дарыта көр! Тәу - тәу!
Жыл басы келді, жаңғырта келді,
Тәу - тәу!
Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,
Жаңа Жыл келді, Тәу - тәу!
Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!
Тәу - тәу!
С. Сенғалиева 1 "б" сыныбы
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
С. Оңғарбаев.
Бұта біткен бүрленіп,
Дала әсем түрленіп.
Масайрады бар әлем,
Құтты Жаңа жыл келіп.
Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын Наурыз -
Ұлы күні Ұлыстың.
Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның.
Көктемеде жерге түскен бір дән,
Күздемеде мың дән болады.
Көктемнің бір күні
Қыстың мың күнін асырар.
Жаңбыр жауса, жер тоқ,
Егін ексе, ел тоқ.
Бұлақ ақса, көл тоқ,
Еңбек етсе, ер тоқ.
Үшінші тарап - ПАРЛАМЕНТАРИ.
Сарапшылар пікірі
Оқушылардың арасынан жүлдегерлерді
қазылар алқасы анықтайды.
“Сый - жеңгендікі,
Сөз тергендікі”, - демекші, сөздің ең асылын
теріп, өз пікірлерін дәлелдей білген
оқушыға сыйлықтар мен мадақтама
тапсырылады.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР
2013 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
ҚҰТТЫҚТАЙ ОТЫРЫП, ДЕНДЕРІҢІЗГЕ САУЛЫҚ, ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗҒА АМАНДЫҚ, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ ЖЕМІС,
БІЛІМ ШЫҢЫНА ЖЕТУЛЕРІҢІЗГЕ ТІЛЕКТЕСПІЗ!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
КӨП РАХМЕТ!