Оқушы тұлғасының өзін өзі дамыту процесіндегі интеллектуалдық шығармашылық потенциалын дамытуда зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру


Slide 1

№60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебі

Жеке тұлғаның қарым-қатынастық біліктілігін

қалыптастырудағы ағылшын тілінің ерекшеліктері

Таяубаева Айнагуль Жадигеровна

Арал ауданы, Сазды елді мекені

Slide 2

Жеке тұлғаның қарым-қатынастық біліктілігін қалыптастырудағы ағылшын тілінің ерекшеліктері

Slide 3

Оқушыға оқу материалдарының негіздерін өз бетімен зерттеуге мүмкіндік берсе, олар өте жақсы оқитын болады.

Питер Клаин

Slide 4

Білім беру парадигамасына көшуге байланысты бүгінгі күні мектеп алдында кез келген жағдайда сусындаған проблеманы шешуге қабілетті, өзінің өмірін басқаруға құзіретті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Олардың оқушының құзіреттілігін қалыптастыратын әдістердің ішіндегі ең негізгісі зерттеушілікке оқыту әдістемесі болып табылады.

оқу жоспарында “Оқушылардың зерттеушілікке оқытудың негіздері” курсы енгізілу негізі көзделіп отыр. Оны сабақта, сабақтан тыс уақытта қолдануға болады. Бұл әдістеме зерттеу әрекетінің проблеманы анықтаудан бастап, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі циклден тұрады. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зертеушілік деп аталатын көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы тиіс.

Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздену белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Slide 5

Зерттеушілікке оқыту - баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол - белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл- адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттілігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыру мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға ықпал етеді. Одан басқа өз бетінше зерттеу жүргізу ителлектуалдық және шығармашылық қабілетімен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады.

Бұл технологияның мақсаты не?

Slide 6

Зерттеудің мақсаты

Оқушы тұлғасының өзін өзі

дамыту процесіндегі

интеллектуалдық

шығармашылық потенциалын

дамытуда зерттеушілік

қабілеттерін

жетілдіру.

Slide 7

Оқушыларды зерттеуге ізденіс және шығармашылық жобалау білігі мен дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері

Оқушының танымдық қажеттіліктерін дамыту.

Төменгі сынып оқушыларын өз бетінше зерттеу жүргізуіне қажетті арнайы біліммен қамтамасыз ету.

Оқушы мен педагогтарда зерттеуге оқыту туралы көзқарасын оқу әркетіндегі жетекші тәсіл ретінде қалыптастыру.

Slide 8

Эмперикалық

Теориялық

Фантастикалық

Фантастикалық нысандар мен

құбылыстарды зерттеуге

бағдарланған.

Өзіндік бақылау мен эксперимент

жүргізуді көздейтін

практикамен байланысты

Теориялық қайнар

көздерден, кітааптардан,

адамдардың

әңгімелерінен алынған

материалдарды,

деректерді зерттеуді

және жинақтауды талап етеді.

Зерттеу тақырыптары

Slide 9

Зерттеу

әдістері

Өз бетімен ойлау

Адамдардан сұрау

Кітаптан оқу

Материал жинау

Интернетті қарау

Бақылау жасау

Қортынды жасау

Презентация

Slide 10

Зерттеудің әдістері әртүрлі . Оқушы оны қалай зерттейді өз еркінде.

5-6 сыныптарда зерттеу тақырыбын таңдауға көбінесе мұғалім қатысады. Ол үшін алдын ала болашақ зерттеу тақырыптарының түрлі жоспарлары карточка түрінде дайындалады. Тақырыпты таңдай отырып, түрлі әдістерді қолдануға мүмкінді жасау қарастырылады.

Оқушылар өзін қоршаған ортадан тірі немесе өлі табиғатты таңдауы мүмкін. Мәселен «Animals», “Sports”, «Water», «Air» т. б. Тақырыптар дайындалған карточкаларды оқушылардың топтарына ұсынып, қалағанын таңдап алған соң, қалғанын алып қоюға болады. Мысалы «Rabbit» тақырыбын таңдады делік. Таңдаған тақырыптар бойынша шағын баяндама немесе хабарлама жасау қажеттігін ұсынуға болады. Ол үшін қоян туралы ақпарат жинауға болатыны тапсырылады. Төменгі сынып оқушылары үшін бұндай жұмыс әрі тың әрі қиындау болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушыларға алдында тұрған міндеттерін айқындап алуға бағыт-бағдар беруі тиіс. Мұғалім оқушыларға ақпарат жинау бойынша жоспар құру жөнінде проблемалық сұрақтар қоюға болады. Мәселен, “Біз алдымен не жасай аламыз?”, “Зерттеуді неден бастаймыз?” т. б. Зерттеуді ұжымдық зерттеу жүргізу, өз бетімен зерттеу жүргізу жұмыстары арқылы жүргізуге болады. Өз бетімен жүргізу түрінде оқушылар әрқайсысы жеке зерттейді. Олар тақырыпты таңдай отырып, әрқайсысы зерттеу жұмысына арналған папкасын, зерттеу жоспарын дайындай бастайды. Оқушы ақпарат жинауға кіріседі.

Slide 11

Ұжымдық зерттеу -бірнеше оқушының зерттеуі арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, олар тапсырылған тапсырма бойынша өзіндік идеяларын ортаға сала отырып, зерттеу жүргізуге қызыға бастайды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорғайды, жария етеді. Бұл оқушылардың зерттеу жұмыстарының тұсау кесерінде (презентация) бағаланып, қортындыланады.

Біз « Зерттеу технологиясынан » қандай нәтиже күтеміз?

Slide 12

Баланың жаңадан алған білімін

шығармашылықпен игеру қабілетін;

алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зерттеу нәтижесін басқалармен шатастырмау. Жаңа білімі мен білігі, жай орындаушы емес, анық шығармашыл психикалық жаңа көзқарасы.

Күтілетін нәтиже

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық жоба
Білім беру жүйелері және білім беру психологиясы
Педагогтың кәсіби өзін – өзі тануы және өзіндік дамуы туралы ақпарат
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім
Дарынды шығармашылық деңгейге жету
Тұлғаны бағдарлы оқытудағы психологиялық қолдау
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Педагогтың кәсіби біліктілігі
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері мен құрылымы
Жобалап оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz