Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы




Презентация қосу
Тақырыбы:

Ар-намысым, қасіретім,
мақтанышым – Желтоқсан!

Тарих пәнінің мұғалімі
Каракулова Айымхан Сражатдиновна
Мақсаты:

Біліктілік: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының
тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту,
ойлау қабілетін жетілдіру, желтоқсан оқиғаларынан
өздері үшін қорытынды шығару.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанымызды сүюге,
елімізді қастерлеуге баулу, туған жеріне деген
сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын
құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты
қалыптастыру.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Сабақтан қалмай, сапалы да, саналы білім алу
Ар-намысым, қасіретім,
мақтанышым – Желтоқсан!

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Рысқұлбековтің «Менің тағдырым» өлеңі

Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Ләззат Асанова
“Желтоқсан-86” ескерткіші
Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың
есімімен байланысты орындар Семейде санаулы ғана.
Алматыда сотталған соң Семей түрмесіне әкелінген Қайрат
осында қаза болды. Семейде оның атында мектеп пен
мұражай бар.
Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің
құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа
қойылған ескерткіш
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Ұқсас жұмыстар
Жас өмір
Әділқазылар алқасы
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері
Отбасы түрлері
Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық
Халима Өзақанова және Әзілхан Нұршайықов
Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты
Жан еді өлең үшін дара туған атты Төлеген Айбергенов туралы естеліктер кітабы
Пәндер