Бастауыш сыныпқа арналған жол-көлік қауіпсіздігі: бағдаршам және жол белгілері


Slide 1

№6 Талап орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Б. А. Шотыбасова

Жол тәртібін білейік,

есен - аман жүрейік!

Slide 2

Бағдаршам

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?

ЕСІҢДЕ САҚТА!

Slide 3

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

(бағдаршам)

Қызыл көзі

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл “Сен тоқта!”

Сары көзі

Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды

Жасыл көзі

Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.

Slide 4

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа.

Ескерту белгісі

Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп

Сәт-сапар жолдаған.

Нұсқау белгісі

Баратын жерінің бағыты тұрағым,

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Slide 5

Айтқан сөзді құптап,

Тек абайлап атта.

Ережені мықтап,

Есіңе ылғи сақта.

Бағдаршам жоқта,

Асықпағын тек.

Ондай жерде тоқта,

Жолды қиып өтпе.

Көлік жүрер жолда,

Ойнау тіптен шатақ.

Әйтеуір бір онда,

Кезігеді апат.

Slide 6

Балалар, биылғы жылы бірнеше баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын білесіңдер. Неліктен олай болған себебі - оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.

Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті.

Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

Өше қалған отындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дәл-сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

Көшеде жүру ережесін сақта!

Slide 7

Жасыл

1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?

2. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?

3. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?

Қызыл

1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

3. Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?

Сары

1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

2. Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т. б. көлік түрлерінің қай жағынан өтуге болады?

3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?

Slide 8

Есігінен артқы,

Көлікке сен мінгін.

Дәл осы бір салтты,

Құлағыңа ілгін.

Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кіргін.

Енді есіктен ылғи,

Түсеріңді білгін.

Бес жас емес,

Болсаң-дағы кетпе.

Жолға шығып дәндеп,

Велосипед теппе.

Slide 9

Трамвайдың алдынан

Автобустың артынан

Трамвай мен автобустан

қалай өту керек?

Есіңе сақта!

Slide 10

ЖОЛАУШЫЛАР ЖОЛЫ

ОЗУҒА БОЛМАЙДЫ

ВЕЛОСИПЕД ЖОЛЫ

БАЛАЛАР

АДАМ ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ

ЖОЛДА ЖҰМЫС ІСТЕЛУДЕ

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Бағдаршам және жол белгілері: көлік түрлері мен жол қауіпсіздігі
Бағдаршам мен жол белгілері: балаларға арналған жол қауіпсіздігін оқыту
Балаларға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі: жол белгілері мен жаяу жүргіншілер ережелері
Көлік құралдары мен жол қозғалысы қауіпсіздігі: ережелер және жүргізушілердің міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік негіздері
Оқушыларға арналған жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігін оқыту тәрбие сағаты
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жарақаттанушылықты төмендету
Жаңа жылдық мерекелердегі балалар қауіпсіздігі: өрт, электр, жол және пиротехника қауіпсіздігі
Жол-көлік апаттары Қазақстанда: себептері, статистикасы және алғашқы медициналық көмек
Ақпараттық-көрсеткіштік жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz