Мектеп консилиумы


Slide 1

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі отырысы

Бұлабаев Біржан Заманбекұлы, директордың ТЖО ММ “№ 19 ЖОББОМ”

Slide 2

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі отырысының тақырыбы: «Жасөспірімдер өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын мінез- құлық түрлерінің алдын алу»

Жаһандану кезеңіндегі, қоғамдағы ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның болашағы балалардың тәрбиелігі, білімділігі, рухани, адамгершілік жағынан дамуымен қатар өмірге деген бейімділігімен анықталады.

Slide 3

2007-2011 жылдарға арналған “Қазақстан балалары” бағдарламасы

2007 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының үкіметінің №1245 қаулысымен бекітілген

Бағдарламаның мақсаты:

Әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету арқылы балалар өмірінің сапасын арттыру.

Slide 4

Бағдарламаның міндеттері:

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы

Қазақстан Республикасының Заңнамаларын жетілдіру

Мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес

ұйымдар арасындағы ведомствоаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ету

Барлық категориядағы балаларды сапалы білім беру,

медициналық, әлеуметтік қызмет көрсету жағдайларымен қамтамасыз ету

Қиын өмірлік жағдайларға тап болған балалардың құқығын

қорғау үшін кешендік жүйелі шараларды қалыптастыру

Балалардың қараусыздығы мен панасыздығы және

жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

шараларының жүйесін жетілдіру

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

Балалардың демалысқа, мәдени және шығармашылық өмірге

деген құқықтарын іске асыруға ықпал ететін жағдайларды туғызу.

Slide 5

Мемлекетіміз балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезең екенін ескере отырып, балаларды басым бағытқа даярлау қоғамдағы толық қанды тіршілік принциптерінен бастау алатындығын атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқығы туралы Конвенцияны бекітті.

Бұл бағдарлама балалар құқығы мәселелерін реттейтін халықаралық нормалардан бастау алатын міндеттемелерді орындаумен байланысты құрылған.

Бағдарлама шеңберінде мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жергілікті атқару органдары мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасындағы балалар өмірінің сапасын арттыру мақсатындағы тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастырылған.

Ерекше үрей тудыратын мәселе- жасөспірімдер денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратын теріс мінез-құлықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың болмауы.

Жасөспірімдер денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратын мінез-құлық формаларының алдын алу шараларының жүйелі емес екендігін ескере отырып, бағытты іс-шараларды іске асыру ісіне азаматтық секторды жұмылдыру керек.

Slide 6

Балаларға қатысты мемлекеттік саясат еліміздегі экономикалық және саяси реформалар кезінде іске асып жатыр. . . Балалардың қоғамдағы жағдайын жақсартуға бағытталған барабар шаралар қабылданып жатыр.

Осыған қарамастан отбасының әлеуметтік институты ролінің төмендеуі сияқты келеңсіздіктер орын алып жатыр, әлеуметтік нормаларға қайшы өмір сүретін ата-аналар саны көбеюде.

Бұл істің бұлай етек жаюы- баланың адамгершілікті, рухани бай тұлға ретіндегі қалыптасуындағы отбасы ролінің төмендеуі; бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі, материалдық және тұрмыстық қиындықтар, әсіресе жас отбасыларда, мектеп, отбасы және қоғам арасындағы қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы, отбасы құндылықтары мен отбасылық тәрбиенің дұрыс насихатталмауы.

Slide 7 Slide 8

Топтарға тапсырма

«Құқық бұзушы жасөспірімнің» портретін салыңыз

«Нашақор жасөспірімнің» портретін салыңыз.

«Суицидқа бейім келетін жасөспірімнің» портретін салыңыз».

Slide 9

Тәртіпсіздік

Құқықбұзу-шылық

Қылмыс

Қылмыс кодексінде қарастырылмаған немесе ондағы нышандардың барлығына бірдей ие болмайтын қоғамға зиян келетін әрекеттер немесе онда көрсетілген

түрлері: азаматтық, әкімшіліктік және тәртіптік

Заңмен реттелген кәмелет жасқа толған және ақыл-есі дұрыс адамдардың заңға қарсы жасаған әрекеттері.

Заңға қайшы келетін, жазасы өтелетін қоғамдық қауіпті әрекет, заңмен реттелетін қоғамдық қатынастарға түбегейлі зиян келетін қоғамдық қауіпті әрекет

Slide 10

Құқықбұзушылықтың алдын алудағы мектептің жұмысы

КТІЖИ

Ата-аналарға арналған кеңестер

ПОЛИЦИЯ, ПРОКУРАТУРА, ЮСТИЦИЯ өкілдерімен кездесу

Жалпы мектептік шаралар мен сынып сағаттары

Жасөспірімдермен жекелеме жұмыс

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ қызметтің кеңестері, ТРЕНИНГТЕР

КТК клубтары мен спорт секцияларының жұмысы

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ

кеңес

БАҚ байланыс

Жазғы демалысты ұйымдастыру

Құқықтық сауаттандыру

Slide 11

Ата-ана, туған-туыс

Көршілер,

бөгде адамдар

Ұстаздар

Мектептің полиция инспекторы,

Медициналық қызметкер

«Қауіп тобындағы» оқушыларды анықтау

Мектеп әкімшілігі

МЕКТЕПТІҢ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ(фильтр)

Қамқоршылық

органдары

Халықты әлеуметтік

қорғау органдары

Әлеуметтік қорғауға

алынған балалар

«қауіп тобындағы»

балалар

Мектепішілік тіркеу

Коррекция

Мектеп консилиумы

Психолог, сынып жетекшілер

«нормадағы»

балалар

В ПДН

Slide 12

Топтарға тапсырма

Оқушыларды мектепішілік тіркеуге қою критерийлерін анықтаңыз.

Slide 13

Мектепішілік тіркеуге қою критерийлері

Сабақты босату

Қоғамға қайшы келетін мінез-құлық элементтерінің болуы (дөрекі сөйлеу, төбелес, өрескелділік, шылым шегу, оқушылардың ар-намысына тию)

ПАЗ (психоактивті заттар) қолдану (бір рет болса да)

Отбасының әлеуметтік сәтсіздік жағдайы(әлеуметтік жағдайлардан туындаған аурулар, қаңғыбастық, қайыр тілеу және т. б. )

Slide 14

Ақша және басқа да заттарды бопсалаушылығының зардабын шекпеу үшін:

Бар фактілерді жасырмаңыз;

Бопсалаушылық кезінде ол адамды есте сақтап қалуға тырысыңыз (аттарын, тәртібін, басқа да қылықтарын) ;

Бопсалаушылардан қорықпандар, олар кәдімгі қылмыскерлер;

Бопсалаушылық кезінде үлкендердің, жанындағы адамдардың назарын аударуға тырыс (қатты сөйле, айқайла, қашып кетуге әрекетер жаса т. б. ) ;

Егер олардың талаптарын орындай алмасаң, кейін орындауға уәде бер;

Бопсалаушылық жағдайы туралы ата-аналарға, мектеп инспекторына, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне хабар бер

ХҚК телефон арқылы хабарла

Балаларға арналған жаднама

Slide 15

Бопсалаушының көңілін аудармау үшін өзіндегі ақшаны, ұялы телефонды және басқа да құнды заттарды көшеде пайдаланған кезде абай бол!

Өзіңе бейтаныс жасөспірімдердің топтасып тұрған жерлерінен айналып өт.

Есіңе сақта!

Slide 16

Жазғы демалыс кезінде оқушылар мен ата -аналарға арналған жаднама

Құрметті оқушылар, ата-аналар!

Сендерді тоқсанның аяқталуымен құттықтаймыз. Осыған орай сіздерге жақсы демалыс тілейміз. Жазғы демалыс кезінде мұражайларға, кинотеатрларға, кітапханалар мен сауықтыру орталықтарына барыңыздыр.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды ңазарларыңызға ұсынамыз:

Жасөспірімдердің топтасқан жерлері мен ішімдік ішкен адамдардың жанынан аулақ жүру.

Сағат 21. 00 ден кейін көшеде жүру

Алкогольдік ішімдіктерді, нашаны және ПАЗ -ды қолданбау;

Ойын залдары мен ойын автоматтарына барудан бас тарту;

Түнгі уақыттарда компьютерлік салондарда қалмау;

Бопсалаушылықпен айналыспау, егер де өздерің сондай жағдайға тап болған кезде ата-аналарыңнан жасырмау;

Құқықбұзушылықтарға, қылмысқа бармау, егер сендерге қысым көрсеткен жағдайда ата-аналарыңа және мектепке ақпарат беруге тырысу

Құқықбұзушылыққа бейім болып көрініп, күмән тудыратын топтардан аулақ болу;

ЖЖЕ сақтау;

Әрдайым осы ұсыныстарды ұстанатын болсаң, өзіңді құқықбұзушылықтан алыстатасың

Slide 17

Нашақорлық - ауытқыған мінез-құлық түрі ретінде

Slide 18

*

Есірткі қолданудың салдары

Рухани

Нашақорлық

ортаның

идеологиясын

қалыптастыру,

тұлғаның күрт өзгеруі

Медициналық

Денсаулықтың

нашарлауы,

ішімдікке салыну,

жастардың арсындағы

өлімнің көбеюі

Әлеуметтік

үлгерімінің

төмендеуі, азаматтық

және

құқықтық

тәртіп бұзушылықтың

көбеюі,

суицидтің көбеюі

Slide 19

Топтарға тапсырма

«Есірткіні қолданудың алдын алу» кластерін жасаңыз.

«Ішімдікті қолданудың алдын алу» кластерін жасаңыз.

«Шылым шегудің алдын алу» кластерін жасаңыз.

Slide 20

Мектептің наркологиялық бекеті

Мақсаты:

Мектепте дұрыс білім алуға қолайлы жағдайлар туғызу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлық заттар мен ішімдікті қабылдаудың алдын алу, оқушылардың міне-құлықтарын дұрыс жолға қою.

Slide 21

Міндеттер:

Ауытқыған мінез-құлықты қалыпқа келтіруге бағытталған жекелеме тәрбие жұмыстарын жүргізу, тәуелділікті қалыптастыру;

Білім беру мекемелеріндегі балаларды психоактивті заттарды қолдануының алдын алу;

Ата-аналарды нашақорлық жағдайлары, отбасылық бақылаудың қажеттілігі жөнінде ақпараттандыру, ауытқыған мінез-құлық салдарын анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Психоактивті заттарды қолдануға әуес, ауытқыған мінез-құлықты оқушылар арасындағы қауіп тобын анықтау, сол жайлы ата-аналарды, нарколог-дәрігерді дер кезінде хабардар етіп, педагогикалық немесе тәрбиелік шаралар жүргізу.

Оқушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық-сауаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Slide 22

Наркологиялық бекеттің құрамы

Төрағасы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Педагог-психологтар

Мектептің медициналық қызметкері

Нарколог-дәрігер

Сынып жетекшілер

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының өкілі

Ата-аналар комитетінің өкілі

Slide 23

Сынып жетекшісіне арналған жаднама

Педагог балалардың психоактивті және есірткі заттарды қолдануының белгілерін білуі керек.

Физиологиялық белгілері:

Терінің өңсіздігі, бозаруы;

Көздің шарасын шығып, қызарып, бұлдырап кетуі,

Баяу, түсініксіз сөйлеу;

Тәбеттің, салмақтың жоғалуы немесе асты шектен тыс ішу;

Созылмалы жөтел;

Қозғалу белсендігінің төмендеуі (шалыну немесе ақсаңдау) ;

Уақыттың басым бөлігін іс-әрекеттері әлеуметке қайшы келтіретін топтарда өткізу

Slide 24

Тәртіптің белгілері:

Себепсіз ашулану, әлсіздік

Бәріне немқұрайдық таныту, зейін мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі

Үйден кетіп қалу, белгісіз себептермен сабақты босату

Ұйқысыздық

Сынды дұрыс қабылдамау, көңіл-күйдің күрт өзгеріске ұшырауы

Тез шаршау

Жақын адамдармен қарым-қатынасты үзу

Сабақ үлгерімінің төмендеуі

Үнемі ақша сұрау

Үйдегі киім-кешек, кітап, видео және аудио техниканың, бағалы заттардың жоғалуы

Телефонмен жиі сөйлесу

Оқшаулану, бұрын өзін қызықтырған іс-шараларға қатысудан бас тарту

Өтірік айту, алдау

Сұраққа толық жауап қайтармау, жалтару, өтірік әңгімелер құрау

Сыртқы келбетінің талапқа сәйкес болмауы

Ерекше әуендерді көбірек тыңдауға әуестілігі

Slide 25

Айқын белгілер:

Уколдың орындары, жарақат орны, көгерген жер

Қағаз бен ақшаны, дөңгелетіп ораулары

Қарайған кішкене қасықтар

капсулалар, көпіршіктер, қаңылтыр банкалар

Әр түрлі тыныштандыратын дәрі-дәрмек қораптары

«Беломор» папиростары

Slide 26

Педагог қиын-қыстау кезеңінде дұрыс әрекет жасай білу керек. Білім беру мекемесінің қызметкерлері мен әкімшілігінің жасөспірімдердің есірткіні пайдаланатындарына күмәнданған кездегі әрекеттерінің реттілігі.

Негізгі ережелер.

Жасөспірімді есеңгірететін заттарды пайдаланудың әкелетін зияны мен салдары туралы жеткілікті ақпараттандыру

Алғашқы ескерту жасаған кезде ұстамдылық көрсетіп, айғай-шусыз, байыппен балаға медициналық көмек көрсетудің қажеттілігіне көзін жеткізу.

. Мектепке есеңгіреген күйі келіп, психоактивті заттарды қабылдауға достарын үгіттеуге болмайтындығы туралы қатаң түрде ескерту

Мұндай көріністер орын алған жағдайда мектеп әкімшілігі белгіленген тәртіп бойынша әрекет жасайтындығы туралы хабардар ету.

Slide 27

Назарларыңызға!

Жасөспірімдерге көмек ұсынған кезде олардың ар-намысына тимей, психикалық қасиеттерін ескере отырып, әрекет жасаңыз.


Ұқсас жұмыстар
Көру қабілеті зақымдалған балаларға көмек көрсетудің психологиялық - педагогикалық негізі
Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Мектеп пен отбасының өзара байланысы
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кітапхананың ақпараттық білім беру ортасын құру және іске асыру
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Натурал санның бөлгіштері, еселіктері
ТАБЫСТЫ МЕКТЕП ҚАҒИДАЛАРЫ
Жазу орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz