Домалау үйкелісі


Slide 1

,

Ақтау қаласы № 8 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Кармысова А. Е.

Физика сабағы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы:Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, жеке, ұжымдық, топтық жұмыс.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

білімділік:

үйкеліс күшін, оның бағытын; үйкеліс күшінің түрлерін және арттыру, кеміту тәсілдерін оқып үйрену.

дамытушылық: Үйкеліс күшінің формуласын қолданып қарапайым есептер шығарып үйрену.

тәрбиелік:

үйкеліс күшінің техникада және күнделікті өмірде қолданылуын алынған мағлұматтар негізінде түсіну.

Slide 3

Дененің салмағы дегеніміз не?

Slide 4 Slide 5

Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

Slide 6

Қандай жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшіне тең болады?

Slide 7

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Үйкеліс күші Fүйк әрпімен белгіленеді. Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына қарай, үйкеліс: сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі және тыныштық үйкелісі болып бөлінеді.

Үйкеліс күші

сырғанау

тыныштық

домалау

Slide 8

Сырғанау үйкелісі. Домалау үйкелісі. Тыныштық үйкелісі.

Slide 9

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. (N) әрпімен белгілейді. Дене горизонталь бетте жатқан жағдайда нормаль қысым күші денеге әрекет ететін ауырлық күшіне тең: N=mg Жүргізілген көптеген тәжірибелер үйкеліс күші қысым күшіне пропорционал екенін көрсетеді: Ғ үйк = μ • N Мүндағы Ғ үйк - үйкеліс күші, ал μ - үйкеліс коэффициенті деп аталатын шама. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттердің күйіне және үйкелетін материалдар тегіне байланысты болады

Slide 10

Үйкелісті арттыру үшін беттердің арасындағы ілінісуді күшейту керек. Үйкелісті азайту үшін - жанасатын беттерді тегістеп олардың арасын майлау керек; сырғанау үйкелісін домалау үйкелісімен алмастыру керек.

Үйкелістің

пайдасы

зияны

Slide 11

Егер жанасатын беттердің арасына шариктерді немесе роликтерді орналастырса, онда бұл жағдайда сырғанау үйкелісі домалау үйкелісіне ауысып, үйкеліс күші күрт кемиді. Подшипниктерді пайдалану үйкеліс күшін 20-30 есе азайтуға мүмкіндік береді.

Подшипниктер.

Slide 12

Бекіту сұрақтары

1. Қандай күшті үйкеліс күші деп атаймыз?

2. Үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Үйкеліс қандай себептерден пайда болады?

4. Нормаль қысым күші деп нені айтады?

6. Үйкеліс коэффициенті неге тәуелді?

7. Үйкелісті арттырудың немесе кемітудің қандай тәсілдері бар?

8. Подшипниктер көлікте қандай мақсатпен пайдаланылады?

Slide 13

18 - жаттығу

1. Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0, 05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

2. Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті μ = 0, 3.

3. Массасы 50кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

Slide 14

Бағалау.

Үйге тапсырма:

§41, §42. 18-жаттығу (1), 19-жаттығу (5) .


Ұқсас жұмыстар
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Үйкеліс күшінің формуласы
Үйкелетін денелер Үйкеліс коэффициенті
Күш
Сыртқы үйкелістің механико-физикалық табиғаты
Домалау мойынтіректерінің шақтамалары мен қондырулар жүйесі
Гидравликалық кедергілер
Сырғанау үйкеліс күшімен тербеліс үйкеліс күшін салыстыру
Машина сенімділігінің негізгі теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz