Қорғалжың қорығы - Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық


Slide 1

Қ О Р Ғ А Л Ж Ы Ң қорығы

Slide 2

Қорғалжың қорығы - Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз-Қорғалжың көлдер жүйесінің біразы енеді. Жер аумағы 258, 9 мың га.

Slide 3

Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42 ° С суық болса, шілдеде температура 38-39 °С-қа жетеді. 125-130 күндей аязсыз жайма шуақ күндер болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт тобылғы, бидайық, бозшөп, т. б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Сәуір айының аяғы, мамыр айының басында қорықтағы қызғалдақтар гүлдегенде айнала түрлі-түсті ашық түстерге боялып, жер бетіне бейне бір сұлу кілем төселгендей сезім қалдырады.

Slide 4

Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т. б. мекендейді. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар кездеседі. Кейде қорықтың аумағынан көршілес Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің ормандарын мекен ететін сілеусін, қодас, бұлғын сияқты сүтқоректілерді байқауға болады. Қорғалжың көлдеріне 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т. б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Бір ғана Теңіз көлінің өзінде бір мезгілде 15 млн-ға жуық құс қоныстанып, қоректене алады. .

Slide 5

Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиғаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиғаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиғаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Халықаралық маңызы бар, қорғауға алынған батпақты сулы жерлердің тізіміне Қорғалжың, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Құстарды зерттеуге бүкіл жер жүзінің белгілі ғалым-орнитологтары келіп жатады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

Slide 6

Қорғалжың көлі

Slide 7

қорғалжың құстары

Slide 8

Теңіз көлі

Slide 9

Қорғалжын ауылы

Slide 10 Slide 11

Қасқыр

Slide 12

Әйгілі қоқиғаздар

Slide 13

Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еңгізілді. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті

Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еңгізілді. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті. Шешім ағымдағы жылғы шілденің 7-інде қабылданған. «Екі далалы өлкені әлемдік маңызы бар объектілерге қосу жұмыстары 8 жылдай уақыт шамасында жүргізілді. Қорғалжын мен Наурызым қорықтары «Сарыарқа - солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері» атауымен бір аталымға біріктіріліп, 2002 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар орталығының қарауына ұсынылған болатын», деді Н. Ысқақов. Қорғалжын қорығының аумағын қазіргі 259 мың гектардан 544 мың гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр. Ал Наурызым қорығының аумағы 191 мың гектар. Онда шиқылдақ қаз, қызыл жемсаулы қарашақаз және сирек құстың бірі - ақтырналар мекендейді. «Бұл шешімнің экологиялық тиімділігінен бөлек, имидждік, саяси пайдасы да бар. Мұның өзі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 2010 жылы болатын Азия-Тынық мұхиты аймағы министрлерінің конференциясы, 2011 жылы Астанада өтетін Панеуропалық министрлер мәжілісінің қарсаңындағы өте жағымды жаңалық болды», деді министр.

Slide 14

Шешім ағымдағы жылғы шілденің 7-інде қабылданған. «Екі далалы өлкені әлемдік маңызы бар объектілерге қосу жұмыстары 8 жылдай уақыт шамасында жүргізілді. Қорғалжын мен Наурызым қорықтары «Сарыарқа - солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері» атауымен бір аталымға біріктіріліп, 2002 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар орталығының қарауына ұсынылған болатын», деді Н. Ысқақов. Қорғалжын қорығының аумағын қазіргі 259 мың гектардан 544 мың гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр. Ал Наурызым қорығының аумағы 191 мың гектар. Онда шиқылдақ қаз, қызыл жемсаулы қарашақаз және сирек құстың бірі - ақтырналар мекендейді. «Бұл шешімнің экологиялық тиімділігінен бөлек, имидждік, саяси пайдасы да бар. Мұның өзі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 2010 жылы болатын Азия-Тынық мұхиты аймағы министрлерінің конференциясы, 2011 жылы Астанада өтетін Панеуропалық министрлер мәжілісінің қарсаңындағы өте жағымды жаңалық болды», деді министр.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Наурызым ормандары
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы
Табиғат ескерткіштері
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Қорық Шығыс Қазақстан облысы
Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы
Жануарлар дүниесін қорғау
Солтүстік Қазақстан облысы
Дала зонасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz