КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР




Презентация қосу
«№ 30 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

С.Р. Қайырбаева А.С. Тампишева

«ЕЛТАНУ» ТАРАУЫ БОЙЫНША
ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП
http://kollegi.kz/publ/9maja/41-1-0-1905

ОҚУШЫЛАРЫНА
АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Кіріспе

ХХІ ғасыр қазақстандықтар алдына жаңа талаптар мен мақсаттар қойып отыр.
Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің мақсаты - Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін~өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзіреттіліктерінің бірі болып ақпараттык-технологиялык
құзіреттілік анықталған. Ақпараттык-технологиялык құзіреттілік сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз
бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға, ақпараттарды өз
бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға және сол ақпараттарды тасымалдауды қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың көмегемен жүзеге асыруға, логикалық операцияларды қолдана отырып ақпараттарды өңдеуге, қызметін жоспарлау және жүзеге
асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Олай болса, қазіргі қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басымдық алып отыр.
Әрбір оқушының үйде болсын, мектепте болсын компьютермен айналысуға мүмкіншілігі бар. Сондықтан оқушының пәнге деген қызығушылығын
арттыру, оны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту, сондай-ақ білім сапасын жоғары деңгейге көтеру мақсатында компьютердің зор мүмкіншілігін
қодануымыз керек. Компьютерді білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық
жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн.
Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру
түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
тілді белсенді оқытудың әр түрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу білікіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін
ұйымдастыруға;
оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін
құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған мультимедиялық көрнекі құралдар 5 бөлімнен тұрады: «Қазақстан», «Экология», «Қазақстан қалалары», «Тарихи ескерткіштер»т.б..
Әрбір бөлім бірнеше тақырыптар бойынша мультимедиялық материалдармен қамтылған. Осы материалдарды сабақта қолданудың нәтижесінде
оқушылардың ақпараттық технология жабдықтары арқылы оқу материалын меңгере алатыны, білімнің маңыздылығын түсініп, оны қажетіне орай өз
бетінше қолдана алатыны анықталды. Яғни, оқушының ақпараттық құзіреттілік элементтері қалыптасып, өз бетімен оқу материалын оқып-үйренуге, өз
әрекетін жоспарлауға, логикалық ойлауға, өз қабілетіне сай тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыланды, жеке жұмысты топтық жұмыспен
ұшырастыруға үйренді. Оқушы материалды көзбен көріп, құлақпен естіп қана қоймай, өз білімін өзі тексеріп, білімін бекіте алады.
Бұл құралдардың тиімді жағын атап кетсек, олар:
Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады.
Танымдық қабілетін қалыптастырады
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды
Мұғалімнің уақытын үнемдейді
Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді
Ғалымдардың айтуынша, адам естігенінің 15 пайызын, көргенінің 25 пайызын, ал аталған екеуі де сабақтастырылған жағдайда 65 пайыз ақпаратты
есте сақтайды екен. Сондықтан да, оқу үрдісінде адамның есту және көру анализаторларына әсер ететін оқытудың осындай құралдарын кеңінен
пайдалану қажет деп ойлаймыз.
Елтану

Тарихи
Қазақстан Қалалар Қорықтар Экология Ұлы
ескерткіш
адамдар
Қазақстан
Қазақстан

Мәдениет
Мәдениет Киізүй
Киіз үй Ұлттықкиім
Ұлттық киім Наурыз
Наурыз Ұлттықтағам
Ұлттық тағам Валюта
Валюта
Қалалар

Қазақстан
Астана Алматы Менің қалам
қалалары
Тарихи
ескерткіштер

Абай Йассауи Алтын Әуезов
мұражайы кесенесі адам мұражайы
Экология

Семей Арал Қазақстан
полигоны теңізі табиғаты
Қорықтар

Қорғалжың Батыс Алтай
Ұлы
адамдар

Шоқан Қаныш
Әбілхан Нұрғиса
Уәлиханов Сәтпаев
Қастеев Тілендиев

Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар-оқыту құралы. Мектеп жасына дейіңгі балалардың қимыл қозғалыс ойындар
Оқыту әдістері мен құралдары
Оқыту әдістерінің тобы
Бастауыш сыныпқа сан есімді оқыту
Тәрбиешілердің оқу қызметіне қатысу
Экрандық техникалық құралдар
«Оқыту әдісі»
Алыстан көру
Конспектілеу кітаптың мазмұнын қысқа баяндау
Оқыту формалары,әдістері,құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Пәндер