Индукцияланған сәуле шығару


Slide 1

Физика пәні мұғалімі: Ауашева Гульмира Сапарқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтаарал ауданы «Еңбек» жалпы орта мектебі

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Лазерлер

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға лазер деген не екенін, жұмыс істеу принціпімен, құралымен қолданылуы туралы түсініктер беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Slide 4

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: математика, химия, информатика.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компютер

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың түрі: аралас.

Slide 5

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

IV. Сабақты бекіту.

V. Сабақты қорытындылау

VI. Үйге тапсырма.

Slide 6

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу

II. Үй тапсырмасын сұрау

Slide 7

4

2

3

1

5

6

7

8

Үй тапсырмасын сұрау

Slide 8

1. Резерфорд атомының моделі қалай аталады?

планетарлық

Slide 9

1. Атомда электрондар қозғалатын стационар орбиталар бар. Стационар орбитадағы электрондар сәуле шығармайды.

2. Электрон энергиясы Еn стационар орбитадан энергиясы Еm стационар орбитаға ауысқанда, энергия кванты жұтылады не шығарылады

Slide 10

1 және 3

3. Төменде көрсетілген 3 бөлшектің қайсысы

қалған екеуінің құрамына кіреді: 1) Атом 2) молекула 3) электрон

Slide 11

4. Нашар немесе байланыспаған молекулалар туғызатын спектр түрі:

Жолақ

Slide 12

5. Газ күйіндегі атомдық заттар беретін спектр:

Сызықтық

Slide 13

6. Резерфордқа атом ядросы моделін жасау үшін қандай тәжірибе негіз болды?

Метал фольгадан альфа

бөлшектерінің шашырауы.

Slide 14

7. Атомның энергетикалық деңгейлерінде ең жоғары жиіліктегі фотонның сәуле жұтуы қандай санмен көрсетілген?

5.

Slide 15

8. Атомдық физика қай ғасырда қарқынды дами бастады?

XIX ғасырда

Slide 16

IV. Жаңа сабақ түсіндіру:

Бұл тақырыпты оқушыларға:

Лазерлер туралы түсінік беріледі

Лазерлердің жұмыс істеу принципі туралы.

Лазердің қолданылуы.

Slide 17

ЛАЗЕРЛЕР

1. Индукцияланған сәуле шығару.

1917 ж. - Эйнштейн, атомдардың индукцияланған сәуле шығару мүмкіндігін айтқан болатын. Индукцияланған сәуле шығару дегеніміз- түскен сәуле әсерінен қозған атомдардың сәуле шығаруы.

Индукцияланған сәуле шығару ерекшелігі- бұл сәуле шығару кезінде пайда болатын жарық толқынының жиілігі, фазасы, поляризациясы атомға түсетін толқындікімен дәлме-дәл келеді.

2. Еріксіз сәуле шығару дегеніміз- жоғары энергетикалық күйден атомның төменгі күйге өтуі (сыртқы әсер ықпалы) .

Slide 18

Лазер дегеніміз- жылулық, химиялық, электр энергиясын, электро магниттік өріс энергиясына айналдыратын құрылғы.

1940ж. В. А. Фабрикант индукцияланған сәуле

1945ж. Н. Г. Басов А М. Прохоров. шығарудыпайдаланды

1945ж. Ч. Таунс

1960ж. Т. Мейман кванттық лазерлік генератор

Slide 19

Гелий-неонды лазердің жұмыс істеу принципі. Мұнда толтыру зарядталған газ түтігіндегі электр зарядымен жүргізіледі. Түтіктің екі жағына орналасқан екі айнаның біреуі жартылай мөлдір. Түтікте солғын заряд тудырылған соң гелий атомдары электрондармен соқтығысу нәтижесінде 3 қозған деңгейге өтеді. Бұл деңгей неонның 3‘ қозған деңгеймен дәл келеді. 3- деңгейдің өмір сүру уақыты үлкен. Соқтығыстар кезінде гелийдің қозған атомдары артық энергиясын нерн атомдарына береді де, олар 3‘ - қозған деңгейге өтеді. Неон атомдарының 3‘→2‘ ауысуы лазерлік сәуле шығаруды тудырады.

Slide 20

Мейман жасаған лазерде жұмыстық дене (активті орта) ретінде рубин цилиндрі қолданылады. Рубин алюминий тотыгы Аl20 3 пен оған аз мөлшерде 0, 03-тен 0, 05% -га дейін қосылған хром тотығынан Сr 2O3 тұрады. Аl20 3 -тің кристалдық торында кейбір Аl атомдары Cr+++ иондарымен алмастырылган. Cr+++ ионының энер­гетикалық деңгейлерінің

схемасы көрсетілген. Үш энергетикалык денгей бар: 1-негізгі, 3-жиі орналасқан қозған деңгейлердің жалпақ жолағы және 2-метатұрақты деңгей.

Slide 21

Лазердегі рубинге қуатты ксенон шамынан жа­рық түсіріледі (толтыру процесі), ксенон шам, негізінен, λ=560 нм жасыл жарық шығарылады.

Жарықты жұтқан хромның иондары 3-қозған деңгейге ауысады. Бұл деңгейден иондардың көпшілігі 2-метатұрақты деңгейге ауысады, ceбебі

3→2 ауысудың ықтималдығы өте аз. 3→2 ауысу кезінде иондар артық энергиясын рубиннің кристалдық торына береді де, жарық шығармайды. Нәтижесінде 2-энергетикалық денгейдегі хром иондарының саны

1-деңгейдегіден артық болады да, 2-деңгейде біріншіге қарағанда инверсиялық (асыра) қоныстану байқалады.

Slide 22

Лазерлік сәулеленудің негізгі ерекшеліктері

жоғарғы дәрежедегі когренттілік

монохроматты

шоқтың қатаң бағытталуы

сәулелердің аса қуаттылығы

Slide 23

Лазер түрлері

Рубин лазері

Газ лазері

Жартылай өткізгішті

Газодинамикалық

Slide 24

Байланыс үшін ғарыш кеңістігінде

Зор қуаты вакуумдегі материалдарды кептіру, пісіру үшін

Радио локатор ретінде

Зергерлік салада

Фотолитографияда

Машина жасау, құрылыс саласында

Медицинада

Әскери істе

Металл бетіне өте әдемі және дәл суреттер, логотиптер, вензелдер салуда

Косметалогияда

Термоядролық реакцияны басқару үшін

Лазердің қолданылуы:

Slide 25

Сабақты бекіту

Сұрақтар:

1. Лазер деген не ?

2. Лазер сәулелерінің негізгі ерекшіліктері қандай ?

3. Лазерлерді қолдану салалары ?

4. Лазерлердің түрлері ?

Slide 26

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма:

Лазер тақырыбын оқып келу


Ұқсас жұмыстар
Лазерлер туралы
Атомдық физика. Лазерлер
Атомдық физика
Индукциялық реленің сипаттамалары
Қара дененің сәуле шығару заңдары
Оптикалық сәуле
Сәуле шығарғыштық қабілеті
Сәуле шығару энергиясы
Химиялық факторлар
Қараюдың тығыздығы сәуле шығарудың жұтылған энергиясына пропорционал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz